Практикалық сабақтың тақырыбы
№18 ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ
Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Жоғары оқу орны педагогының кәсіби
қызметінің жалпы сипатымен танымтырып, студенттерде мәдениет пен шеберлігін қалыптастыру.
Практикалық сабақтың мазмұны
:
1. ЖОО оқытушысының кәсіби қызметінің жалпы сипаттамасы.
2. ЖОО оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті.
3. ЖОО оқытушысының кәсіби-педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалық қызметтерін табысты жүзеге асыру үшін қазіргі педагог педагогикалық іс-
әрекеттің мәні мен құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық әрекеттерді және кәсіби
маңызды іскерліктер мен сапаларды түсініп меңгеру қажет.
Жоғары оқу орны оқытушысының қызметінің негізгі мазмұны бірнеше функцияларды
орындауды қамтиды – білім беру, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық және зерттеу. Бұл функциялар
тұтастық сипатына ие, бірақ оқытушылардың көбінде осылардың біреу басқаларынан басым түсіп
отырады. Жоғары оқу орны оқытушысына тән ерекшелік ол педагогикалық және ғылыми жұмыстың
үйлесуі. Зерттеу жұмысы оқытушының ішкі дүниесін байытады, оның шығармашылық әлеуетін
дамытады, ғылыми білім деңгейін арттырады.
Жоғары оқу орнының барлық оқытушыларын шартты түрде үшке бөлуге болады:
1)
педагогикалық бағыттылығы басым оқытушылар (жалпы санынан мөлшермен 2/5);
2)
зерттеушілік бағыттылығы басым оқытушылар (мөлшермен 1/5);
52
3)
педагогикалық және зерттеушілік бағыттылығы бірдей көрініс тапқан оқытушылар (1/3
көбірек).
Жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіпқойлығы педагогикалық
жағдайларды талдау негізінде педагогикалық міндеттерді көре білу мен құрастыра алу және оларды
шешудің тиімді тәсілдерін таба алу іскерлігінен көрініс табады. Студенттермен жұмыс барысында
педагог шешетін алуантүрлі жағдаяттардың барлығын сипаттау мүмкін емес. Әрдайым жаңа, ерекше
және тез өзгеріп отыратын жағдайда шешім қабылдауға тура келеді. Сондықтан, педагогикалық іс-
әрекеттің маңызды сипаттамаларының бірі – шығармашылығы болып табылады.
Педагогикалық қабілеттер және сәйкесінше педагогикалық іс-әрекет құрылымында келесі
компоненттерді ажыратып көрсетуге болады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті
және гносеологиялық.
В.А.Крутецкий жалпылама түрде педагогикалық қабілеттерді ұсынып, оларға сәйкесінше
анықтамалар берді:
1. Дидактикалық қабілеттер – білім алушыларға түсінікті етіп оқу материалын жеткізу, пәнге
қызығушылығын тудыру, белсенді дербес ойлау қабілеттері. Дидактикалық қабілеті бар оқытушы
қажет жағдайда оқу материалын қайта құрастыра алады, оны педагогикалық жағынан бейімдейді,
қиынды жеңіл етеді, түсініксізді түсінікті етеді. Кәсіби шеберлік өзіне материалды түсінікті және
әдемі ұсынуды ғана емес, онымен бірге білім алушылардың өз бетімен дербес таным әрекетін, дербес
ізденіс әрекетін ұйымдастыру қабілеттерін қамтиды.
2.
Академиялық қабілеттер – сәйкесінше ғылым саласына қабілеттілік (математика, физика, биология,
литература және т.б.). Қабілетті оқытушы пәнді оқу курсының шеңберінде ғана емес, одан кең және
терең біледі, өз ғылымы саласында жаңалықтарды үнемі бақылап отырады, материалды еркін
меңгерген, пәнге қызығушылығы жоғары, зерттеу жұмысымен айналысады.
3.
Перцептивті қабілеттер – білім алушының ішкі дүниесіне ене алу қабілеті, психологиялық
байқағыштық, білім алушыны түсіне алу.
4.
Сөйлеу қабілеттері – сөйлеу, ым және пантомимика арқылы өз ойларын, сезімдерін білдіре алу.
Педагог сөзі әрдайым ішкі күші және рухымен, сенімділігімен сипатталады. Ойын еркін, анық,
қарапайым, түсінікті етіп жеткізу.
5.
Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, білім алушылар ұжымын ұйымдастыру, оны
нығайту, ұжымды маңызды міндеттерді шешуге ынталандырып бағыттау, екіншіден, өз жұмысын
дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттері. Өз жұмысын ұйымдастыру қабілеті өз жұмысын жоспарлау және
өздігінен бақылау іскерлігімен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдерде уақытты сезе білу іскерлігі –
жұмысты уақыт бойынша бөлуді, мерзімге үлгеру іскерлігі қалыптасады.
6.
Авторитарлық қабілеттер – білім алушыларға тікелей эмоционалдық- жігерлі әсер ету қабілеті және
соның негізінде олардың алдында беделге ие болу. Авторитарлық қабілеттер оқытушының тұлғалық
сапаларына байланысты, нақты алғанда оның жігерлік сапаларына (сенімділік, жігерлік,
табандылық, талап қоюшылық және т.б.), сонымен бірге, білім алушылардың білімділігі мен
тәрбиелілігі үшін жауапкершілігіне байланысты.
7.
Коммуникативті қабілеттер – білім алушылармен қарым-қатынасты құру қабілеттілігі, білім
алушылардың тілін табу, олармен мақсат бағдарлы қатынасты орнату қабілеттілігі, педагогикалық
такттың болуы.
8.
Педагогикалық қиял (әлде прогностикалық қабілеттер) – бұл білім алушылардың тұлғасын тәрбиелік
тұрғыда жобалау бойынша өз әрекеттерінің салдарларын, нәтижелерін болжай алу қабілеттілігі.
9.
Іс-әрекеттің бірнеше түрлері арасында зейінді тарату қабілеті. Тәжірибелі, қабілетті оқытушы
материалды баяндау мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) барысын
бақылап отырады, сол кезде қатар барлық білім алушыларды назарында ұстайды, олардың
шаршауы, жалығуы, зейіндерінің шашыраңқылығы, түсінбеуі, тәртіптің бұзылуы сияқты
белгілеріне сезімтал, байқағыш.
Педагогикалық еңбек шебері – ол педагогика және психология, өзінің кәсіби саласында жоғары
құзыретті, өз кәсіби білімін, іскерліктері мен дағдыларын жоғары дәрежеде репродукциялай алатын
(қайта жаңғырта алатын) маман. Педагогикалық іс-әрекеттің маңызды қорытынды нәтижесі тұлғаның,
оның қабілеттерінің, білімдері мен дағдыларының дамуы.
Педагогтың кәсіпқойлығының деңгейі оның құзыреттілігіне, кәсіби- педагогикалық ойлауы
дамуының дәрежесіне тәуелді. Педагогикалық шығармашылық кәсіби-педагогикалық құзыреттілікке
негізделген жағдайда тиімді болады. Объективті жаңа оқыту технологияларын жасап қолданып жатқан
педагогтар аз болғанымен, белгілі әдістер мен әдістемелерді сәтті үйлестіріп өткізілген кез-келген
53
сабақ, шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Белгілі элементтерден жаңа жүйені жасаудың өзі
- шығармашылық көрінісі болып табылады. Әрбір сабақты дайындау мен өткізу шығармашылықты
талап етеді, себебі әрбір сабақ – бұл топтың әрдайым түрлі әлеуметтік-психологиялық жағдайы (яғни
әр сабаққа студенттер түрлі көңіл-күймен, түрлі психологиялық және әлеуметтік жағдайлармен келеді),
түрлі даралықтар мен сәйкесінше, сабақты өткізудің түрлі үлгілері, оқытудың түрлі әдістері (яғни топ
түрлі студенттерден құралғандықтан сабақтың тәсілдері, үлгілері әрдайым өзгеріп жаңарып отыруы
қажет).
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін
айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Әрбір оқытушы үздіксіз өзін-өзі кәсіби дамытумен айналысу қажет, оның негізгі бағыттары:
1.
Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2.
Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3.
Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып- білу. ) Педагогикалық
шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік,
педагогикалық техника жатады.
Педагогикалық шеберлік - бұл оқытушының кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына
өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды.
Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген
әртүрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық
шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыққа деген талпыныс,
үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді.
Оқытушының шығармашылық даралығы – бұл оның іс-әрекетінің жоғары сипаттамасы, және
кез-келген шығармашылық сияқты ол оның тұлғасымен байланысты. Оқытушы мамандығы үш
компоненттен құралады: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас, тұлға.
Тұлға – оқытушының педагогикалық іс-әрекеттегі және педагогикалық қарым- қатынастағы
кәсіби ұстанымдары мен позициясын анықтайтын негізгі фактор. Педагогикалық іс-әрекет – ол еңбек
технологиясы, педагогикалық қарым-қатынас – оның климаты мен атмосферасы, ал тұлға – оқытушы
жұмысының құндылықты бағдарлары, идеалдары, ішкі мәні.
Оқытушының кәсіби қалыптасуы, бірінші кезекте өз таңдаған мамандығын меңгеруімен
анықталады, ол тек білім, іскелік, дағдылар жүйесін игерумен шектелмейді, ол бүкіл құндылықтық-
мотивациялық саланың қайта құрылуын, кәсіби қабілеттер мен қасиеттерінің дамуын қажет етеді.
Олардың барлығы кәсіби әрекеттің табыстылығы мен нәтижелілігін негіздейді.
Шеберліктің жоғары деңгейіне жетуді оқытушының конструктивті және жобалаушылық
қабілеттері анықтайды. Білімнің барлық басқа түрлерін тиімді қолдану соларға байланысты (себебі
сабақта түрлі ғылыми ақпаратты студенттерге жеткізіп меңгертудің стратегиясы мен тактикасын
анықтайды). Осы қабілеттерді жүзеге асырудың психологиялық механизмі оқу-тәрбие және ғылыми
үрдістерді ойша модельдеу. Қабілеттердің бұл түрі тактикалық мақсаттарды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді: курсты құрылымдау, мазмұнды іріктеу және сабақты өткізудің түрін таңдау.
Қазіргі жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өте күрделі
және өзекті болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде
«кәсіби
құзыреттілік» ұғымының мәнін анықтауға деген нақты концептуалдық көзқарастар толық қалыптаспады.
Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогына үздіксіз педагогикалық білім беру
тұжырымдамасында қазіргі педагогқа қойылатын келесі талаптардың сипаттамасын анықтайтын:
Жаңа формация мұғалімі – үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, педагогикалық құралдардың бүкіл
алуан түрлілігін кәсіби меңгерген, рухани дамыған, әлеуметтік кемелденген, шығармашыл тұлға,
құзыретті маман. Ол өзіне жоғары білімді және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін
жауапкершілікті алады.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық үрдістегі әрбір
қатысушының орнын көре білу, оқушылардың әрекетін ұйымдастыра алу және оның нәтижелерін
болжай алу, мүмкін ауытқушылықтарды түзете алу тиіс.
Жаңа формация мұғалімі меңгеруі тиіс педагог құзыреттілігі құзырлықтардың үш тобының
қалыптасу деңгейіне байланысты: әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) құзырлық; жалпы
мәдени (дүниетанымдық) құзырлық; пәндік бағдарланған құзырлық.
Педагогикалық әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім бойында келесі білім, іскерлік,
сапалардың болуын қарастырады:
1)
жаңа формация мұғалімі ретінде өз мүмкіндіктерін объективті бағалай алу, аталған мамандық үшін
маңызды (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау ерекшеліктері, эмоционалдық көріністер, коммуникативті,
54
дидактикалық қабілеттер және т.б.) мықты және әлсіз жақтарын білу;
2)
интеллектуалдық әрекеттің жалпы мәдениетін (ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял, зейін), мінез-
құлық, қарым-қатынас мәдениетін, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі;
3)
мәні қазіргі білім беру полимәдениетті болып бара жатқанын, сәйкесінше мұғалімнің кең тілдік
даярлығын қажет ететін, жүріп жатқан интеграциялық үрдістерде, әлемдік білім беру кеңістігі
дамуының тенденцияларында бағдарлана алу.
Достарыңызбен бөлісу: |