Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет49/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама 

Іскерлік  ойын 

Жоғары  білім  берудің  негізгі  міндеті  өзін-өзі  және  инновациялық  қызметін 

дамытуға қабілетті маманның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті 

шешу  оқытушыдан  студентке  дайын  түрдегі  білімді  беру  жолымен  мүмкін  емес.  Студентті  білімді 

енжар тұтынушысынан, әртүрлі мәселелері дұрыс қалыптастыратын, оны шешу жолдарын талдайтын, 

оңтайлы  нәтиже  тауып,  оның  дұрыстығын  дәлелдей  алатын  белсенді  адамға  айналдыру  қажет.  Бұл 

білімді  игерудің  белсенді  әдістеріне  бағдарлануды,  студенттердің  шығармашылық  қабілетін 

дамытуды, студенттердің мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере отырып жеке оқытуды топшалайды. 

Іскерлік  ойындар  білім  беру  үшін,  оған  қатысушылардың  жекелеген  ерекшеліктерін 

диагностикасы,  шешім  қабылдау  үрдісін  ұйымдастыруда,  зерттеу  мақсаттарында  қолданылады. 

Мұнда  бұл  әдіс  эксперименталды,    аналитикалық  және  экспериментті  әдістерді  синтездейтіндіне 

көңіл  бөлу  керек.  Қазіргі  кезде  іскерлік  ойындар  білім  берудің  кредиттік  технологиясымен 

студенттерді  дайындауда  кеңінен  қолданылады,  себебі  мұнда  уақыттың  көпшілік  бөлігі  пәнді 

өздігінен  меңгеруге жіберіледі, өкінішке орай, студенттер белгілі бір жағдайлар мен проблемаларды 

қарастырғанда көбіне белсенділік танытпай жатады. 



40 

 

Оқытушылық  тренинг 

Тренинг  сөзі  ағылшын  тіліндегі  Training  –  тәрбие,  оқыту,  дайындық 

деген  сөзінен  шыққан.  Тренингтер  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  және  жетілдіруге, 

белгілі  бір  іс-әрекеттің  тиімділігін  жоғарылатуға  бағытталған  түрлі  жаттығулардың  бағдарламасын 

жоспарлы жүзеге асыру арқылы  іске асырылады. «Тренинг» түсінігі жаттығу, белгілі бір іскерліктерді 

жаттықтыру  деген  сөзден  құралған,  алғашында  психологияда  құрастырылып  пайдаланылған, 

оқушылардың  дамуында  жоғары  нәтижелілігінің  болуына  байланысты  ол  бүгінгі  күні  жоғары 

қолданысқа ие. 

З.А.Исаева, А.К.Мынбаева, З.М.Садвакасова айтуынша тренинг теория мен практика арасында, 

қабілеттіліктер  мен  іскерліктер  арасында  байланыстырушы  функцияларды  атқарады.  Сөйтіп, 

тренингтер  деп  оқылатын  материалды  практикалық  жаттықтыруға  басты  назар  аударылатын  оқыту 

түрін  атайды.  Ол  арнайы  құрастырылған  жағдайларды  модельдеу  барысында  оқушыларға  қажетті 

білімдер  мен  дағдыларды  дамытуға  және  бекітуге,  өз  тәжірибесіне  басқаша  көзқарас  тұрғысынан 

қарауға мүмкіншілік береді. 

Тренинг  ұғымы  жалпы  жинақтаушылық  сипатқа  ие,  өйткені  тренингтерде  кең  тұрғыда  түрлі 

белсенді  оқыту  әдістері  мен  техникалары:  іскерлік,  рөлдік  және  имитациялық  ойындар,  нақты 

жағдаяттарды талдау және топтық дискуссиялар қолданылады. 



Пікір-талас

.  Еліміздегі  Университетке  дейінгі  Пікірталастардың  Ұлттық  Лигасы  пікірталас 

ойындары  туралы  келесі  пікір  айтады:  «Пікірталас  (ағылшын  -  debate)  -  пікір-сайыс,  белгілі  бір 

құбылыс  немесе  мәселе  бойынша  пікір  таластыру.  Пікірталас  талқылауды  қажет  ететін  мәселелерді 

(спорных проблем) бөлшектенген құрылымдық зерттеу үшін арналған. Сонымен бірге, логиканы, сыни 

ойлауды  және  демократиялық  диалогты  жүргізу  дағдыларын  дамытудың  тиімді  жаттығуы  болып 

табылады». 

Пікірталас  ойындары  барысында  әрбір  топ  мәселе  бойынша  өзінің  ұстанымын  конструктивті 

түрде  ұсынады.  Пікірталас  арқылы  білім  алушылардың  бұқаралық  сөйлеу  дағдылары,  өзіне  деген 

сенімділік, сұрақтарды құрастыру, сұрықтарға жауап беру іскерлігі, өз пікірін дұрыс жеткізе білу,  басқа 

адамдардың  пікірін  тыңдай  білу  сияқты  менеджерлік  құзыреттілік  үшін  маңызды  дағдылар  мен 

қасиеттерді игереді. 



Жоба әдісі. 

Жоба – ол белгілі бір актінің, құжаттың және т.б. алдан-ала, мөлшерлі мәтіні, идеясы. 

Жобалар  әдісі  –  ол  мақсат  бағдарлы  мектептегі  немесе  мектептен  тыс  оқу  әрекеті,  ол  белгілі  бір 

бағдарлама  бойынша  пәндік,  пәнаралық    оқу,  ізденіс,  зерттеу,  практикалық  міндеттерді  шешуге 

бағытталған. 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау