Мұғалімге қойылатын кәсіби талаптардың
жиынтығы
педагогикалық қызметке
кәсіби
дайындық
терминімен енгізілген. Оның құрамында, бір жағынан, психологиялық, психологиялық-
физиологиялық және дене дайындығын, екінші жағынан, ғылыми-теориялық және практикалық
қабілеттілігін ажыратады.
"Кәсіби қабілеттік" ұғымы.
Жеке адамның дербес ерекшеліктерінің бірі – бейімділік.
Адамдағы белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекет
нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға
байланысты. Нышан – бұл жүйке жүйесіндегі анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер. Қабілет
нақты іс-әрекет барысында дамиды. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы өзара байланысты, бірін-бірі
толықтыра түсетін бірнеше қабілетке байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |