№18 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Бақбақ.
Мақсаты: қағазбен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, түрлі түсті қағаздарды
пайдалана отырып бақбақ гүлін жасай білуге үйрету, жырту, шиыршықтау
тәсілдерін меңгерту.
Міндеттері:
- қағазбен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, олардың түсін таңдай білу,
жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып бақбақ гүлін жасай білуге
үйрету;
- бақбақ гүлінің сабағын, жапырағын және гүлдерін үйлесімді орналастыру
арқылы шығармашылық ойлауын дамыту;
- оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге
дағдыландыру және қағазбен жұмыс жасауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |