№7 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Орындық және кресло.
Мақсаты: құрылыс материалдарымен құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден орындық және кресло
құрастыра білуге үйрету.
Міндеттері:
- құрылыс материалдарының бөліктерін атай білу және оларды түрлі
тәсілдермен кеңістікте дұрыс орналастыру;
- құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алу;
- ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін
ажыратады;
түсінеді: құрылыс материалдарының бөліктерін атауды;
қолданады: құрылыс материалдарын, оларды орналастырудың түрлі
тәсілдерін.
Достарыңызбен бөлісу: |