УДК 614.253.52:616-07
А.Д. АДЕНОВА, А.Е. ТАЖИЕВА, М.А. РАМАЗАНОВА, М.Т. БАЙКАЗАКОВА
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы
ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ҚАҒИДАЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Денсаулық сақтау жүйесінің дамуында мейірбике қызметкерлерінің қосатын ролінің маңызы зор, оған күнделікті тәжірибеде
кездесетін науқастардың ерекшеліктеріне байланысты мейірбикенің қабылдайтын шешімін, жүргізетін мейірбикелік диагностиканы,
бес кезеңді мейірбикелік үрдісті жатқызуға болады. Бұл мақалада мейірбикелік көмек көрсетудің сапасын жоғарлатудағы дәлелді
медицинаның қағидаларына негізделген мейірбикенің жаңа әдістерді енгізу мен игерудегі ғылыми ізденісі мазмұндалған.