Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет54/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126

119
Ұсыныстар:
•  қоғамдастықтың көмегімен бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемаларды ше-
шуге, сондай-ақ жаңа идеялармен алмасуға тырысыңыз;
•  автоматты  түрде  қосымша  ресурс  іздей  бастаудың  орнына,  қолда  бар  ресурстарды 
қайта бөліңіз;
•  мектеп атынан белгілі бір мәселе төңірегіне шоғырландыру үшін қоғамдастық ішінде 
зерттеу топтарын құрыңыз;
•  қатысушылардың кәсіптік даму мен оқу туралы пікір білдіруін қолдап, марапаттаңыз – 
коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандырыңыз;
•  қоғамдастықтың қызметін жоғары оқу орнында аккредиттеу жөнінде келісіңіз. 
Есте сақтаңыз: 
Тәуелділіктің  туындауынан  алшақ  болыңыз.  Қоғамдастық  ішінде  көшбасшылық  рөлін 
бөліңіз.
Іс-шараның немесе кездесудің алдында өзіңізге «осының бәрі болуы ықтимал – егер мен 
бармай қалсам, бұл өрескел болмай ма?» деп сұрақ қойыңыз. егер Сіздің жауабыңыз «жоқ» 
болса, мүмкін Сіздің бірлескен іске қосып жүрген үлесіңіз жеткіліксіз шығар.
Конференцияларда тұсаукесер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау 
арқылы көпшілік қауымды жетістік туралы хабардар ету керек. Бұл басқа адамдардың қатысуға 
ниет білдіруіне түрткі болады.
Әрбір  іс-шара,  кездесу  мен  есеп  оқу  үдерісіне  шоғырлануы  тиіс.  Өткен  материалды 
қайталау мақсатында «Біз білім алдық па? Біз не үйрендік?» деген сұрақтар ұдайы қойылуға 
тиіс. егер іс-шара оқуға бағытталмаса, оған уақыт жұмсаудың не қажеті бар?
Бүкіл  адамдар  бәріне  қызығушылық  таныта  бермейді,  бірақ  көптеген  адамдардың  бір 
нәрсені  білгілері  келеді.  Әріптестеріңізге  бірқатар  мүмкіндік  берсеңіз,  неге  қатысу  керек 
екендігін олар өздері таңдап алады.
Қандай да болмасын жобаны ешқашанда бір ғана мұғаліммен бастамаңыз. Қоғамдастық 
ресурсының қаражатын бірлескен жобаларға ғана жұмсаңыз. 
Қоғамдастыққа тартылған мектептер арасында бірлескен тағайындаулар жасаңыз. Оларды 
қолдаусыз қалдырмау үшін, екі немесе үш жылға шарт жасаңыз. Қаржы мәселесі түбегейлі 
шешілген ағымдағы кезеңдердің шегінен тыс шығатын жобаларға қаражат бөліңіз.
БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ
Портфолиоға  қойылатын  талаптар  төменде  келтірілген.  екінші  «Бетпе-бет»  кезеңі 
барысында  мұғалімдер  бағалауға  арналған  портфолиосын  пысықтап,  таныстырылым 
көрсетеді.  Тренерлер  мұғалімдердің  дамуына  қолдау  көрсету  мақсатында  портфолионың 
мазмұны бойынша да, құрылымы бойынша да тәжірибелік кеңестер береді.
1.  Тізбектелген  сабақтар  топтамасы  туралы  рефлексиялық  есеп.  есепте  қамтылатын 
мәселелер (1500 сөз):
•  Тізбектелген  сабақтар  топтамасына  Бағдарламаның  жеті  модулі  қалай  және  неге 
енгізілгенін негіздеу;
•  Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын 
тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгенін және оның тиімділігін талдау. 
•  Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай енгізілгені 
көрсетілген  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  (кем  дегенде  төрт  сабақ)  орта 
мерзімді жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен қоса).
•  Бағдарламаның  бір  немесе  бірнеше  модулі  қалай  енгізілгенін  көрсететін 
тізбектелген  сабақтар  топтамасынан  алынған  бір  сабақтың  жоспары  (250  сөзден 


120
тұратын түсініктемесімен қоса).
2. Коучинг сабағы арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық 
есеп (1000 сөз). есепте қамтылатын мәселелер:
•  әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізілгенін негіздеу;
•  коучинг өткізу үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау. 
•  Әріптестермен  өткізілетін  коучинг  сабағының  жоспары  (250  сөзден  тұратын 
түсініктемесімен қоса).
3.  Бір  әріптеске  тәлімгерлік  ету  үдерісі  туралы  рефлексиялық  есеп  (1000  сөз).  есепте 
қамтылатын мәселелер:
•  әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгерліктің жүзеге асы-
рылуын негіздеу;
•  тәлімгерлік ету үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау. 
•  Тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен 
қоса).
4. Іске асыру кезеңдерін, мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, табыс критерийлерін мен 
бұл үдерістің тиімділігін көрсете отырып, мектептің педагогикалық қоғамдастығы аясындағы 
жұмысты  жоспарлау  үдерісі  туралы  рефлексиялық  есеп  (1500  сөз).  есепте  қамтылатын 
мәселелер:
•  Педагогикалық қоғамдастық деңгейінде өзгеріс енгізілгенін негіздеу;
•  Педагогикалық  қоғамдастықтың  жұмысын  жоспарлау  және  оны  іске  асыруды,  бұл 
үдерістің тиімділігін талдау және қоғамдастық аясындағы жұмысқа басқа мектептерді 
тарту арқылы оның ауқымын кеңейту туралы ұсыныстар.
•  Педагогикалық  қоғамдастықтың  жұмыс  жоспары  (250  сөзден  тұратын 
түсініктемесімен қоса).
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген 
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат сияқты әдістердің 
көмегімен  оқушылардың,  әріптестердің  немесе  ата-аналардың  пікірлерін  немесе  олардың 
тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің басқа бөлігінде 
жүргізілген  байқау,  бейнежазба  немесе  фотосуреттерден  тұрады.  Осылайша  деректерді 
жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не болмаса кейбір 
жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда 
балаларға қауіп тудыруы мүмкін. 
жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді 
іріктегенде  саналы  таңдау  жасауға  итермелейді.  Төменде  қабылдауға  қажетті  10  іс-әрекет 
тізімі келтірілген:
•  Сіз  зерттеу  өткізуді  жоспарлаған  нақты  мекеме  өкілдерінен  бұл  мекемедегі  зерттеу 
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану. 
•  Зерттеу  өткізу  туралы  ауани  оқу  кеңістігінде  этикалық  мәселелер  бойынша  кеңес 
алу  және  олардың  Сіздің  зерттеуіңізге  сәйкестігін  ескеру.  http://www.bera.ac.uk/blog/
category/publications/guidelines/
•  Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже 
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай 
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
•  Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау