Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет87/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   122

белсенді  әрекетке  айналдыру  –  мұғалімнің  әдіскерлік  шеберлігі  мен 
шығармашылық  ізденісіне  байланысты  болмақ.  Оқыту  әрекетінде  жеке, 
топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді 
түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды. 
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың 
білім  деңгейін  көтеру  белгілі  бір  дәрежеде  жеке  тұлғаның  өзін  –  өзі  жан  – 
жақты  танып  білуі  мен  қалыптасуына  жағдай  жасауға  бағытталған.  Бүгінгі 
оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, 
нәтижелер  беруде.  Әрбір  сабақта  оқытудың  тиімді  әдіс  –  тәсілдерін  енгізіп 
жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу 
үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал. 
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар 
жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. 
Білім  беруде  оқушыны  білім  ақпаратымен  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай, 
олардың  бойында  бағдарламалық  дағдылар  мен  икемдерді  де 
қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді 
әдістердің  бірі-  электрондық  оқулықтармен  жұмыс  істеу.  Компьютермен 
өткізілген  әрбір  сабақтан  соң  оқушы  тест,  бақылау  жұмысы  арқылы  өз 
білімдерін  бекітеді.  Бала  өз  білімін  өзі  тексере  алады,  оқушы  өз  бетінше 
оқуға  қызығады,  өз  білімін  көтеруге  ұмтылады.  Қазіргі  таңда  компьютерге 
тест,  бақылау  жұмыстарын,  тәжірбиелік  тапсырмалар  әзірлеу  дәстүрге 
айналды. 
Қазақ  тілін  оқыту  үрдісінде  ақпараттық  коммуникациялық 
технологияны  қолдану  ең  алдымен  оқушылардың  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
пәніне  деген  ынтасын,  қызығушылығын  арттырады.  Оқушылар  теориялық 
білімін өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта 
қолданылатын  тапсырмалардың  көлемі  ұлғайып,  оқушылардың  ойлау, 
жұмыс  істеу  қабілеті  дамиды.  Өз  беттерінше  де  ізденіп,  бағдарлама 
дайындауға  шығармашылық  шабыт  алады.  Ал,  ақпараттық  технологияны 
қолдану оқушыға не береді? 
Оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияны  қолдану  білім  сапасын 
жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді 
пайдалануға,  білім  мен  мәліметтерді  әр  түрлі  формада  ұйымдастыруға, 
қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. 
Оқушылар  World,  Power  Point,  Excel,  Актив  студио  т.б. 
программалардың  көмегімен  жаңа  тақырыптарды  және  мәтіндер  жазу,  оқу, 
талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді 
қолдану  мәтіндер  мен  ақпаратты  білуге  жол  ашады.  Тіпті  нашар  оқитын 
оқушылардың  өзі  компьютермен  жұмыс  істеуге  қызығады,  өйткені  кейбір 
жағдайларда  компьютер  білмеген  жерін  көрсетіп,  көмекке  келеді. 
Интербелсенді  технологияларды  әр  сабағымызда  пайдалана  алсақ 
интеллектуалдық 
қабілеті 
дамыған, 
коммуникативтік 
дағдылары 
қалыптасқан,  алған  білімдерін  практикада  пайдалана  білетін  бәсекеге 
қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын. 
190 
 


Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы 
шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды: 
1.  Компютер  шексіз  ақпарат  әлемінде  енуге  және  ақпаратты  жүйелі  түрде 
талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық 
адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды. 
2.  Компьютер  адамның  зерттеу  –  танымдық  әрекетінің  әмбебап  құралы 
ретінде ерекшелінеді. 
3.  Өзге  құралдардан  компьютердің  ерекшелігі  –  оның  қатысымдық  құрал 
бола  білуі.  Яғни,  білімге  ұмтылушы  адам  ол  арқылы  қатысымның  барлық 
түрлерін  жүзеге  асыра  алады.  Бұл  –  мәтіндерді  оқу,  сұхбат  жасау,  жазу, 
тыңдау әрекеттері. 
4.  Құрал  білімгерлерге  өз  әрекеттерінің  нәтижесін  айқын  көрсете  алады. 
Білім  алуда дұрыс шешім жасай білуге  деген оқушылардың өзіндік  тәсілін, 
стратегиясын қалыптастырады. 
5.  Компьютердің  көмегімен  жаттығулардың  кешенді  түрлерін  аз  уақытта 
орындау мүмкіншілігі туындайды. 
Тыңдап-түсіну,  көріп-байқау  құралдарының  ішінде  сабақ  берудің  барлық 
сатысында  қолдануға  болатын  түрі  –  аудио  құралдар,  радио  мен  теледидар 
хабарлары,  сұхбаттар  жазылған  үнтаспа,  т.б.  Аудиоматериалдар  сабақта 
мынадай мақсатта қолданылады:  
*біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; 
*екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді; 
* үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. 
Таспа  арқылы  тыңдалатын  мәтін  оққушының  тілін  дамытады.  Тіл 
дамытудағы  тыңдау  сөйлеумен  тығыз  байланысты.  Оқушыға  таспадан 
естігенін  тілінде  пайдалану  қажеттігі  туады.  Таспадан  тыңдалған  мәтін 
бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру 
үшін  мәтінді  ынтамен  тыңдап,  мәнін  түсінуге  тырысады.  Бейне  сабақтарды 
оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады. 
Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай: 

есту  және  көзбен  байқау  арқылы  қабылдаудың  әр  түрлі  жолдарында 
оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру; 

оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейнесабақты жүргізудің 
нәтижесінде қамтылады; 

оқушының  қызығушылығын  арттыру,  эстетикалық  және  эмоционалдық 
сипаттарды тудыру. 
Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер: 

бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек; 

бейне  көріністер  бағдарлама  бойынша  өтілетін  тақырыппен  мазмұндас 
болуы шарт. 
Мысалы,  7  «В»  сыныбында  әдебиет  пәнінен  М.Жұмабаевтың 
«Сүйемін»  өлеңін  оқыту  тақырыбында  өткен  ашық  сабақта  бейнебаянды, 
үнтаспаны тиімді пайдаландым. Өлеңді үнтаспадан тыңдау оның әсерлілігін 
күшейтті  және  оқушының  мәнерлеп  оқи  білуге  ынтасын  арттырды. 
191 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау