Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет81/122
Дата04.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2913
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122

жұмыстары  тоқсандық  қорытынды  жұмыстары,  бақылау  жұмыстары  есепке 
алынады. Әр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -
өзі бақылайды. Жыл соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. 
Жыл бойы құрылған әр оқушының білім сапасының мониторингісінен оның 
білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын 
есепке  алып  отырады. Деңгейлік  тапсырмаларды  құруға  қойылаты  талаптар 
мынадай:  
            
Біріншіден,  мұғалім  деңгейлік  тапсырма  құрылатын  сыныптың 
бағдарламасын, мемлекеттік стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі 
тиіс.  
 
Екіншіден,  оқушының  физио  –психологиялық  ерекшелігі,  қабілеті, 
білім деңгейі назарға алынғаны жөн.  
Үшіншіден,  оқушылардың  басқа  пәндерден  алған  білімдері  ескеріліп, 
пәнаралық  байланыс  жүзеге  асырылады.  Орыс  мектептеріндегі  қазақ  тілі 
тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.  
Төртіншіден,  деңгейлік  тапсырмалар  қызықты,  баланың  ойлау 
қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет. 
 
Бесіншіден,  тапсырмалар  біртіндеп  күрделене  келіп,  оқушының  жеке 
тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты 
болғаны 
жөн.  
           
Деңгейлік  тапсырмалар  дегеніміз-  оқушылардың  ойлау,  сөйлеу 
қабілетін 
дамытатын, 
әлеуметтік 
көзқарасын 
қалыптастыратын, 
ізденушілікке  баулитын,  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан  күрделіге  қарай 
сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі төрт 
деңгейлік тапсырмалардан тұрады. 
 
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік 
стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас 
ерекшеліктеріне  сай  болады.  Тыңдап,  айтып,  оқып,  аударып,  жаза  алады. 
Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап 
айтады.  Жеңіл  ережелерді  жаттап  алады.  Грамматикалық,  лексикалық 
тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды.  
Екінші деңгей  тапсырмалары  түрленіп,  күрделене  түседі.  Оқушылар  сынып 
бағдарламасына  сай  тақырыптарды  меңгеру  барысында  жұмыстың  барлық 
түрлерімен  танысады.  Оқушы  өз  бетімен  ізденеді,  жеке  қабілетіне  қарай 
еңбек  етеді.  Баланың  ықыласы  өседі.  Оқушының  сөйлеуі,  хабарды  түсінуі, 
қабылдауы,  жазба  жұмыстарын  орындау  көрсеткіштері  міндетті  деңгейден 
әлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді 
дұрыс  құрастыру,  сөйлемді  толықтыру,  сұраққа  жауап,  диалог  құру  сияқты 
тапсырмаларды еркін меңгере бастайды.  
          
Үшінші  деңгей  тапсырмалары  танымдық  –іздену,  алған  білімді 
жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығының  жоғары  болуымен,  баланың  өз  жеке  басының 
белсенділігімен  өз  ісіне  талдау  жасай  білуімен,  білімді  жаңа  жағдайға  сай 
пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау, суреттеу, тілдік жағдайға, ортаға 
байланысты 
бейнелеу 
тапсырмаларын 
орындайды.  
176 
 


           
Жағдаятқа  байланысты  әр  түрлі  нұсқада  диалог  құрады.  Мәтін 
бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. 
Танымдық –іздену түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. 
Оқушы  үйренген  сөздерінен,  тіркестерден  өзінше  тұжырым  жасауға 
ұмтылады.  
           
Бірінші  сатыда  оқушы  мұғалім  көмегімен  бағдарлама  бойынша 
тиянақты білім алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық 
қызмет  атқарады.  Екінші  сатыда  осы  алған  білімін  тереңдетіп,  түрлендіріп, 
өзгертілген  тапсырмалар  орындау  арқылы  оқушы  өз  бетімен  еңбек  етеді. 
Үшінші сатыда танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз 
тұжырымын жасайды.  
          
Сонымен  педагогика  ілімінде  қолданылатын  деңгейлік  тапсырмалар 
арқылы оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды 
ұйымдастыру 
формаларының 
жиынтығы, 
оқыту 
жүйесі. Аталған 
технологияны  сабақ  үдерісінде  жүйелі  түрде  қолдану  оқушылардың 
мемлекеттік  тілді  игеруі,  сөйлеу  дағдысының  жетілуіне,  байланыстырып 
сөйлеу қабілетінің жетілуіне, үштілділік саясатын жүзеге асыруда жетістікке 
жетуде  қолданылатын  оңтайлы  әдістердің  бірі.  Оқушылардың  сөйлеу  тілін 
дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының 
білімін  дамытушы,  ал  екінші  жағынан,  әдістемелік  міндеттерді  жүзеге 
асырушы.  
           
Қазіргі  таңда  оқушылардың  құзыреттілік  біліктерін,  алған  білімдерін 
шынайы  өмірлік  жағдаяттарда  тиімді  қолдана  білу  қабілеттерін  дамыту 
мәселесінің маңыздылығы арта түскені айқын. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен 
әртүрлі  құралдарын  қолданудың  тиімділігін  арттыру,  әлемдік  білім 
кеңістігіне  ену,  түлектеріміз  әлемнің  қалаған  оқу  орнына  түсіп,  өмірлік 
білімін  жалғастыру  –  білім  беру  процесінің  негізі  болып  табылады.  
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және әлемдік 
кеңістік тілі - ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты 
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - 
заман  талабы  болып  отыр.  Үш  тілді  оқыту  және  барлық  пәндерді  оқыту 
барысында  үштілдік  саясатты  әр  сабақта  ұстану  оқушылардың  «ғылыми 
тілін», коммуникативтік дағдаларын дамытады.  
           
Қорыта келе, әр оқушы қайталанбас жеке тұлға, білім беру ортасы әр 
оқушының  дамуына  қолайлы  жағдай  жасауы,  оқу  мен  тәрбие  баланың 
тұлғалық  дамуына  септесуі  керек,  ол  үшін  жаңарған  білім  беру  мазмұнын 
жүзеге  асыруда  педагогтің  кәсіби  құзіреттілігі  мен  психологиялық 
құзіреттілігі  де  үлкен  рөл  атқарады.  Үздіксіз  оқу  мен  оны  тәжірибемен 
ұштастыру арқылы көздеген мақсатымызға жете аламыз. 
Үштілде  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  Қазақстандықтардың  бір 
уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті 
жағдайлар жасау. Олай болса, құрметті әріптестер, «Мәңгілік Ел» болу үшін 
ең  басты  еліміздің  жан  –  жақты  құзыреттілігін  қалыптастыру,  оның  ішінде 
тілдік  құзыреттілікті  дамыту  бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Сондықтан  да, 
құрметті  білім  саласының  қызметкерлері,  тіл  жанашырлары,  Қазақстандағы 
177 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау