тақырыптарында және басқа да хабарлар топтамасын ұйымдастыру қажет
деп есептейміз» [4].
Мемлекеттік тіл мәселесі – қай уақытта болсын мемлекет тарапынан
баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Мемлекеттік тіл – халықты
біріктіруші басты фактор екенін Елбасы әр жылғы Жолдауларында ұдайы
тілге тиек етіп келеді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының
сессиясында
сөйлеген
сөзінде:
«Біз
барша
қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ
тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана
тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру
қажет», - деп атап көрсеткен болатын. Бұл ретте мемлекеттік тілді өмірдің
барлық
саласында
қолданып,
аясын
кеңейту
жолында
әрбір
қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқаруға тиіс.
Демек, «Мәңгілік Ел» мұратына айналған мемлекеттік тілді өз
деңгейінде абыройын асыру, мәртебесін биіктету – бәріміздің басты
парызымыз. Осылайша, ел халықтарының тұтастығын, өзіндік бітім-
болмысын сақтауда мемлекеттік тілдің маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы
//
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110
2.
Гершунский Б.С. Философия образования ХХI века (в поисках практико-
ориентированных образовательных концепций).-Москва, 1997. – С.34.
3. Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. Монография.-
Астана, 2008. – 3-б.
6. Төлеубекова Р.К. Жастарды ұлттық құндылыққа тәрбиелеудің басым
бағыттары // «Қазақ елі» пәні – жаңа заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек
үстелдің материалдар жинағы /Бас редактор С.Ж.Пірәлиев/. – Алматы: Абай
атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2013. – 63-б.
ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлы
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби
дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
Оқушылардың оқу материалын немесе тақырыпты белгілі бір
тапсырмаларды орындау, яғни әрекет арқылы игеретіндігі белгілі. Жалпы
«Оқушыларғаұсынылатын іс-әрекет немесе тапсырма қандай болуы керек?»
6
деген сұрақ бәрімізді алаңдатуы тиіс. Әрине, ол жерде мұғалімнің шеберлігі
керек-ақ, оның үстіне тапсырманың бәрі оқу мақсатына негізделетінін
ұмытпағанымыз абзал. Бұл - басты мәселе. Алдағы уақытта мұғалімдер тек
оқу мақсаттарымен жұмыс істейтін болады. Жасыратыны жоқ, көп
сабақтарда тапсырманы оқушыларға олардың бос отырмауы немесе
тапсырманың қызықтылығы үшін, кейде тіпті іс-тәжірибесінің, әдіс-
тәсілдерініңкөп екендігін көрсету үшін беретін секілді. Алайда басты мәселе
–
оқу мақсаты екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да сабақтағы барлық
тапсырма, қолданған әдіс-тәсілдер тек оқу мақсаты мен сабақ мақсатын
ашуға, соған жетуге бағытталуы тиіс. Айталық, оқу мақсаты оқылым болса,
тапсырмалар жазылымға негізделмейді. Осыны мұғалімдер сабақтарында
ескеру керек. Біліктілікті арттыру курстарында ықшамсабақтарды жоспарлау
кезінде мұғалімдер осы мәселеде жаңылысып жатады. Сайып келгенде,
сабақтың құрылымы схема түрінде көрсетсек, былай болуы керек: «Оқу
мақсаты → оқушылардың деңгейіне орайластырылған сабақ мақсаты →сабақ
мақсатына жетелейтін бағалау критерилері→ бағалау критерилерінен
шығатын тапсырмалар немесе ұсынылатын іс-әрекеттер → тапсырманы
орындауға қажетті ресурстар». Тапсырманы жоспарлап, оқушыларға ұсыну
үшін алдымен мына мәселелерге назар аудару қажет:
Мақсаты. Мұғалім «Бұл тапсырманы не үшін беріп отырмын?» деген
сұраққа жауап береді немесе «Бұл тапсырманы не үшін бердім?» деген
сұрақты топ ішінде талқылуды ұсынады. Мұғалім «Оның нәтижесі не
болады?» деген сұрақты оқушыларға айтып немесе талқылау
ұйымдастырады.Барлық тапсырмалар оқу мақсатын ашуға, мақсатты жүзеге
асыруға бағытталады.
Деңгейі: Тапсырма күрделілігі Блум таксономиясы, яғни ойлау деңгейлерін
негізге алуы шарт. Оқулықты қайталайтын тапсырма ұсынбай, оның
ауқымынан шығып, материалды дамыту, тереңдету немесе оның негізінде
жаңа ақпарат, ұғым құрастыруды талап ететін тапсырма берген жөн. Сол
сабақта іске асырылатын деңгейлердің барлығына жеке-жеке бағалау
критерийлері және тапсырма мен дескрипторлар құрылады. Тапсырманы әр
оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады.
Уақыт.Тапсырманы орындау үшін берілетін уақытты нақты белгілеу.
Жұмыстың аяқталу мерзімін тақтаға жазып қойған орынды. Дәл осы уақытта
жұмыс тоқтатылып, қажет болса жиналып алынады.
Орындалуы. Мұғалім тапсырманы қалай орындау керегін түсіндіреді,
немесе тақтаға жазып қояды. Әр топқа немесе әр оқушыға таратып беруге де
болады. Тапсырма бойынша не жасау керектігін 1 минут уақыт беріп топ
ішінде талқылауға да болады.
Бағалау. Критерийлер мен дескрипторлар әр оқушыға немесе топқа
таратылады. Интерактивті тақтаға шығарып қоюға да болады. Тапсырманы
дұрыс түсінгендігін анықтау қажет. (қайта сұрау, қайталату, топта
талқылау).«Тапсырманытүсіну – оны табысты орындаудың 50% деп бекер
айтпайтын болар.
7
Достарыңызбен бөлісу: |