барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім
беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені
түсінікті.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп
сауалдардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының
өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында қазақ тілін
жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім
беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған
сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды
үйрендік. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда оқушылардың
бойында тілдік құзіреттіліктерді қалыптастыру бойынша қолданылатын
белсенді оқыту стратегияларымен, аудармасыз оқытудың тәсілдерімен
таныстық. Тек танысып қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі
тапсырмалар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде
негізге алатын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары және
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып,
жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның
ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу,
талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және
қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің
біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-
тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны
(тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні
сөзсіз: «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Пікірлер
сызығы», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Драма әдісі», «Әдебиеттік
үйірме», графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма», «Қос диаграмма»,
«Оқиға тауы», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», т.б.
Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде
мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді. Оқушылар білімін
критериалдық бағалау оқыту мен білім беруге деген әртүрлі тәсілдемелерді
пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісін уақтылы
жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен толтыруға мүмкіндік
береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін арттырады, оқытудың заманауи
әдістерін біріктіреді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білімберу бағдарламасын тиімді
жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс–тәсілдері: белсенді оқу,
бірлескен оқу, модельдеу, саралау, т.б. Курстан өте көп жаңалық, білім
алдық. Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс берген
тренеріміз Раузана Төкенқызына айтар алғысымыз мол! «Жақсы адам ғана
жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей,
жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола білді.
Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып,
255
түсінбегенімізді қайта түсінідіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді.
Курс аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды,
қызықты өтті.
Қорыта келе, мен мақаламды ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз
сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ
та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында
аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні –
қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр
–
ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын
мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҮДЕРІС
Ерубаева А.К.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы,
Сарыөзек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Орта мектепте білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру
бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру
стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,
типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың,
сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Орыс
педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз
білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына
ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру
мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,
жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға
білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге
негізделген.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда
болды.
256
Достарыңызбен бөлісу: |