қалыптастыруға,
жеке
ақыл-ойын,
ойлау
қабілетін,
ынтасын,
коммуникативтік дағдыларын, интеллектуалдық қабілетгерін дамытуға,
алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті
сабағында әрбір тақырыпты өткен кезде ақын-жазушылардың өмірі,
шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны, композициясы, сюжеті,
көркемдік ерекшелігі, т.б. туралы тірек-сілтемелер беруге болады. Оқушы
тірек-сілтемелер арқылы ойын жинақтап, шығармашылықпен жұмыс істей
алады. Сонымен бірге, оқушылардың көмегімен бағдарламадан тыс
материалдарды жинақтап, мультимедиа бағдарламасы бойынша репортаж
дайындауға, ұйымдастыру кезеңінде олардың фотосуреттерінен галерея
ұйымдастыруға болады. Электрондық оқулық - оқытушы мен оқушының
бірлескен іс-әрекетін көрсету нәтижесінің құралы. Бұл оқулықты мынадай
жағдайларда қолдануға болады:
-
сабақта иллюстрациялық материал ретінде;
-
сабақтан тыс уақытта өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындауда;
-
емтиханға дайындық кездерінде.
Электрондық оқулықтар бойынша оқушылар тапсырманы қызыға
орындайды, пәнге қызығушылығы артады, оқу материалын тереңірек
меңгеруге талпынады. Сонымен қатар, өз қатесін өзі табады және өзін-өзі
бағалауға үйренеді. Электрондық оқулықта өте көп көрнекілік материалдар
қамтылады. Бұл көрнекіліктердің дидактикалық мәнін ашады. Мұндай
көрнекіліктердің бәрін кәдімгі оқулықта беру мүмкін емес. Электрондық
оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік
жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік
береді. Электрондық окулықтардың тиімділігі мынада:
-
оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді;
-
оқушының білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады иллюстрациялық
әдіс көп қолданылады;
-
ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады;
-
берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттырады.Әрбір сабақта жаңа
сөздер, фонетикалық, лексика-грамматикалық тақырыптар, мәтін, жаттығу
жұмыстары, диалог үлгілері, әр сабақтың соңында тест сұрақтары беріледі.
Оқыту кезінде әр түрлі анықтамалар, нұсқаулар, тапсырмалар берілуі тиіс.
Мектепте оқыту үдерісінде электрондық оқулық қолдану өте тиімді.
Оқушылар өздерінің білімін өз бетімен толықтырып, емтихан
материалдарына дайындалады Электрондық оқулықтар арқылы оқыту
кезінде 3 қағиданы анықтай білу керек:
1.
логикалық ойлау жүйесін дамыту;
2. ойлау белсенділігін арттыру;
3. трансформация әрекетін жетілдіру.
Логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру жолдары дегеніміз-заттардың,
сөздердің қасиеттерін сипаттау, берілген қасиеттерге сәйкес немесе басқа
нәрселердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау. Мысалы: "Сөздерді
анықтау", "Артық сөзді табу", "Сөйлем құрастыру", "Болымсыз
сөйлем
құрастыру",т.б
23