Республики Казахстан. Руководство для учителя. Центр педагогического
мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2015.
2. http//www.edu54.ru
Вернер П.Г. Применение активных методов на уроках
в начальной школе.
3. http//tatianakhromov.ucoz.ru
Хромова Т.Н. Активные методы обучения
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЙҒЫР ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ДАМУЫ
Арзиев Р.У.
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Тәрбие және тұлғаны
әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының
кандидаты
Қазақстандағы ұйғыр тіл білімі Ресей кейіннен Совет түркологиясы
негізінде қалыптасты. Ресейлік ғалымдардың ұйғыр тілі бойынша еңбектерін
ежелгі ұйғыр тілі бойынша және қазіргі ұйғыр тілі бойынша зерттеулер деп,
екіге бөліп қарауға болады. Ресей түркологиясының негізін қалаған В. В.
Радлов ежелгі ұйғыр тілінде жазылған ескерткіштерді зерттеуге шірек ғасыр
өмірін арнаған. Ол 8-13-ғасырларда ежелгі ұйғыр тіліндегі діни, әдеби,
құқықтық, ғылми, эпистолярдық ескерткіштерге көбірек көңіл бөлген. Радлов
ежелгі түрк, ұйғыр, мани, арап жазуларымен жазылған «Қутадғу білікті»
(1890-
1891 жылдары, ғалымның бұл шығарма бойынша зерттеулері өмірінің
соңына дейін, ширек ғасыр жалғасқан), «Хуастуанифтті» (1909 жылы),
«Дишаствустик-сутраны» (1910 жылы), «Куанши им пусарды» (1911 жылы),
«Алтун яруқты» (1913-1917 жылдары), құқықтық құжаттар сияқты
шығармалардың трнаслитерациясын жасап, неміс, орыс тілдеріне аударып
басып шығарған. «Қутадғу білікке» кіріспе ретінде 1893 жылы жазылған «К
вопросу об уйгурах» атты еңбегінде сол кезге дейінгі ұйғырлар туралы
жазылған европа және шығыс елдері ғалымдарынын еңбектеріне шолу жасап,
ұйғыр тарихы және мәденитетіне болған өзінің көз қарасын білдірген. Ежелгі
ұйғыр тілі ескерткіштерінің тілі негізінде ғалым үлкен ұйғырша-немісше
сөздік дайындайды. В.В. Радлов өзінің ежелгі ұйғыр тілі бойынша
зерттеулерін өмірінің соңына дейін жалғастырған. «До последних дней своей
жизни В. В. Радлов не прекращал работу над расшифровкой и подготовкой к
изданию новых древнеуйгурских памятников. Смерть застала его, когда он
занимался подготовкой к публикации большой записи хозяйственных дел –
свитка из 220 строк, где имеются записи уйгура в течении почти 20 лет. В. В.
Радлов успел сделать транскрипцию этого текста и приступил к его переводу
на немецкий язык» деп жазады Д. М. Насилов өзінің «В. В. Радлов и
изучение древнеуйгурских памятников» деген мақаласында (1972).
В.В. Радловтың шәкірті совет түркітануының негізін қалаған ғалым
ретінде танылған С.Е. Малов ежелгі ұйғыр тілімен бірге қазіргі ұйғыр тілін
217
қатар зерттеген. Ол ұйғырлардың ата мекені болған Шығыс Түркістанға
(Қазіргі ҚХР құрамындағы Шынжаң-Ұйғыр автоном районына) екі мәрте
ғылыми экспедицияға барған. Бірінші рет 1909 жылдан 1911 жылға дейін,
екінші рет 1913 жылдан 1915 жылға дейін, жалпы алғанда, ұйғырлар
арасында төрт жыл экспедицияда болған. С. Е. Малов төрт жылдық
экспедициясының нәтижесінде ұйғыр жазуында жазылған ескерткіштерден
басқа, ұйғыр тілі диалекттері бойынша фольклордық, этнографиялық
материалдарды жинайды. Ғалым жер көлемі бір миллион жеті жүз мің
шаршы километр болатын Шынжаң Ұйғыр автоном районының дилектілік
ерекшеліктері бар барлық жерлерін аралап шығады. Ол Қумул, Турпан,
Хотән, Кучар, Ақсу, Лопнур өңірлеріне ерекше көңіл бөледі. С. Е. Малов
лопнур ұйғырларының тілінде ғана диалектілік ерекшелік байқалады, қалған
өңірлердегі ұйғырлар тілдерінің айырмашылығы тек говорлық деңгейде, деп
қарайды. Сонымен қатар Малов Қытайдың Ганьсу өлкесінде өмір сүретін
сары ұйғырлар мен саларларға да барады. Осы экспедициялардың
нәтижесінде ғалым бес кітап дайындайды (1954, 1956, 1957, 1961, 1967).
С.Е. Малов КСРО ұйғырларының тіл мәселелеріне де ерекше көңіл
бөлген ғалым. Ұйғыр зиялы қауымының 1921, 1925, 1930 және 1937
жылдары ұйғыр әдеби тілі, жазу, терминология, емле бойынша өткізілген
конференцияларына белсенді қатысқан. Өзінің құнды пікірлерімен аталған
конференцияларда ұйғыр халқының саяси, мәдени өмірінде үлкен маңызға ие
болған шешімдердің ғылыми принциптерге негізделіп қабылдануына зор
септігін тигізген.
Бұл екі ғұлама ғалымды заманауи ұйғыр тіл білімінің негізін қалаушы
ғалымдар деп қарауға болады.
Совет кезінде де ұйғыр тіліне болған мемлекеттік деңгейдегі
қызығушылық өз жалғасын тапты. Өткен ғасырдың 30 жылдары Мәскеу,
Ленинград қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында уйғыртану
кафедралары ашылды. Нәтижеде қазіргі және ежелгі уйғыр тілі бойынша А.
К. Боровков (1935), В.М. Насилов (1940, 1963), Ә. Нәжип (1960), секілді
ғалымдардың оқулықтары, ғылыми еңбектері, Н. А. Баскаков пен В.М.
Насиловтың 1939), Ә. Нәжиптің (1968) сөздіктері жазылды. В. И.
Новгородский (1951)мен Т. Рахимовтардың (1970) ұйғыр тіліндегі қытай
сөздері туралы еңбектері жарық көрді.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ұйғыртану орталығы
Ресейден Қазақстанға ауысты десек болады. 1946 жылы Қазақстан ғылым
академиясы құрылған кезде, оның құрамында Ұйғыр-дүнген мәдениеті
секторы ашылады. 1963 жылы бұл сектор Қазақстан ғылым академиясы Тіл
білімі институты құрамына өтіп, ұйғыртану бөлімі болып өзгертіледі. Осы
бөлімге жиналған тілші жастардың ғылми зерттеулерінің алғашқы жемістері
көріне бастады. 1962 жылы «Қазіргі заман ұйғыр тілі» атты ғылыми
еңбектің 1-томы жарық көреді. Бұл томда қазіргі ұйғыр тілінің фонетикасы,
лексикасы алғашқы рет жүйелі түрде жан-жақты зерттеледі. Бұл томды
жазуға Ғ. Садвақасов, Ә. Қайдар және Т. Талиповтар қатысады. Төрт жылдан
кейін, яғни 1966 жылы қазіргі ұйғыр тілінің морфологиясы және синтаксисін
218
Достарыңызбен бөлісу: |