Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
68
3.
Жаңа мәлiметтер қорының файлы (Файл новой базы данных)терезесiнде
\Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар
кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер базасы
алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кiтапханасы
мәлiметтер қорының терезесi ашылады.
4.
Кестелер панелiн ашыңыз.
5.
Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте құрылымын
даярлау бланкiсi ашылады.
6.
Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:
өрiс атауы өрiс типi
-оқырманның аты-жөнi мәтiндiк
-кiтаптың аты мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк
-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк
-кiтап алған уақыты мерзiм\уақыты
-бағасы қаржылық
7.
Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi олардың сандық
мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
8.
Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз қажет.
Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға болады. Бiрақ өте
үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз
Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде
пайдаланамыз. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift).
Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi
өрiс (ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.
9.
Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар деп ат
берiңiз.
10.
5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған
төмендегiдей өрiстер енедi:
өрiс атауы өрiс типi
- кiтаптың аты мәтiндiк
-кiтаптың авторы мәтiндiк
-баспасы мәтiндiк
-шыққан жылы мерзiм\уақыты
-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк
-көлемi сандық
-бағасы қаржылық
11.
Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны 0-ге тең
қасиетiн берiңiз.
12.
Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол талап
етiлмейдi.
13.
Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi кезекпен
ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап кестелердi жабыңыз.
Mikrosoft Access программасын жабыңыз.
Лабораториялық жұмыс
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
69
Мақсаты: Кестеаралық байланыстарды құру.
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.
2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных)
ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын
таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Кестелер (Таблицы) панелiн
ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiнiң
таңбашалары барына көзiңiздi жеткiзiңiз.
4. Аспаптар панелiнен Мәлiметтер схемасы (Схема данных) батырмасын iздестiрiңiз. Егер
қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәлiметтер схемасы
(Схема данных). Мәлiметтер схемасы терезесiн ашу үшiн, осы тәсiлдердiң кез-келгенiн
қолданыңыз. Осы терезенiң ашылуымен қатар бiр уақытта Кестелердi қосу (Добавление
таблицы) сұхбат терезесi ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын
кесте таңдауға болады.
5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiн
таңдаңыз -- Мәлiметтер схемасы терезесiнде осы кестелердiң өрiс тiзiмдерi ашылады.
6. SHIFT пернесiн басып тұрып Оқырмандар кестесiнен екi өрiстi ерекшелеңiз: Кiтаптың
аты және Кiтаптың авторы.
7. Осы өрiстердi Оқулықтар кестесiнiң өрiс тiзiмiне әкелiңiз. Тышқан
батырмасын жiберген сәтте, Байланысты өзгерту(Изменение связей) сухбат
терезесi шұғыл түрде ашылады.
8. Байланысты өзгерту(Изменение связей) терезесiнiң оң жақ панелiнен байланысқа
қосылатын Оқырмандар кестесiнен Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiн
таңдаңыз.
9.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесiн жауып, Мәлiметтер
схемасы (Схема данных) терезесiнен пайда болған байланысты көрiңiз. Байланыс
сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертiп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның
оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкiндiк
беретiн жанама меню ашылады.
10.
Мәлiметтер схемасы терезесiн жабыңыз программасын жабыңыз.
Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Таңдамаға сұранысты құру.
Бұл жұмыста көлемi 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кiтаптарды iрiктеп
алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.
1.
Microsoft Access программасын iске қосыңыз.
2.
Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных)
ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын
таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.
3.
Отырар кiтапханасы : мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн
ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұранысты құру (Создание запросов в режиме
конструктора) белгiсiн екi рет шертiңiз, сонда үлгi бойынша сұраныс бланкiсi ашылады.
4.
Кесте қосу терезесiнде Оқулықтар кестесiн таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын
шертiңiз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесiн жабыңыз.
5.
Оқулықтар кестесiнiң өрiстер тiзiмiнен қорытынды кестеге енгiзiлетiн Кiтаптың
аты, Кiтаптың авторы, Көлемi, Бағасы өрiстерiн таңдаңыздар. Таңдауды өрiс
атауларын екi рет шерту арқылы жүргiзiңiз.
6.
Көлем өрiсi үшiн сұрыптау шартын берiңiз.Сол өрiстiң Сұрыптау шарты
Достарыңызбен бөлісу: |