51
қорғанысы болуы керек. Жылу қорғанысының тогы қозғалтқыштың номиналды тогының
жүктеме қасиетінің ескерілуінен сәйкес келуі тиіс.
Жауапты қозғалтқышта фазалардың сынуынан қорғау орнатылуы тиіс.
11.15 Электроқозғалтқыш жедел (апатты) өшірілуі керек, егер:
а) адаммен апатты жағдай болғанда (немесе оған қауіп төнгенде);
б) электроқозғалтқыштан немесе оның жіберу-орнату қондырғысынан түтін немесе
оттың пайда болуы кезінде;
в) қозғалтқыштың дұрыс қалпына қауіп төндіретін, нормадан асатын қатты
дірілдеулер;
г) берілу механизмі
сынғанда;
д)
подшипниктердің
өндіруші
зауыттың
нұсқаулығында
көрсетілген
температурадан аса төмендеуінде.
е) электір қозғалгыштың айналу жиілігі төмендегенде оның жылдам қызуына
әкеледі.
11.16 Электроқозғалтқыштардың күрделі және мерзімді жөндеулері, кәсіпорын
басшысымен бекітілген график бойынша жүргізілуі тиіс. Жергілікті шарттарға
байланысты, ереже бойынша электроқозғалтқыштың мерзімді жөндеуі мен үрлеу, жетекті
механизмдердің жөндеуінен бір уақытта өткізілуі тиіс.
11.17 Алдын алу сынақтары мен электроқозғалтқыштағы өлшеулер нормаға сәйкес
орындалуы қажет.
11.18 Қазан электроқозғалтқыштары сенімді электроқоректенумен қамтылуы тиіс,
сол үшін РАЕ құрылғысы керек немесе «Қазан қондырғысы» (ЭҚОЕ и ҚНжЕ РК 4.02-08-
2003) сәйкес қордағы электрожабдықтар пайдаланылады.
12 Шет елден алынған қондырғылар
12.1 Шет елден алынған барлық қазан қондырғыларының және олардың
элементтерінің сонымен қатар оларды дайындау үшін жартылай дайындалған өнімдердің
және жинақтама бұйымдардың ҚР уәкілдік органы ТЖМ-ң нормативті құжаттың талабы
бойынша сәйкес болуы тиіс. Қондырғымен бірге әкелінетін куәлік, эксплуатация және
монтаждау бойынша нұсқаулық және де басқа құжаттар нормативті құжаттың талабы
бойынша сәйкес болуы тиіс, қазақ және орыс тілдеріне аударылуы тиіс.
Нормативті құжаттардан шегіну болған жағдайда келісім-шарт жасағанға дейін ҚР
уәкілдік органы ТЖМ-мен және тапсырыс берушімен келісілген және негізделген болуы
керек. Шегіну жөнінде көшірмелер қазанның құжаттарымен бірге болуы тиіс.
12.2 Қазандардың және олардың беріктілігін ҚР уәкілдік органы ТЖМ-ң келісілген
нормасы бойынша есептелуі тиіс, бірақ егер де мамандырылған немесе сараптаушы
ұйымы есептеулер методика бойынша орындалды деген қорытынды жіберсе, онда
беріктікті есептемейді.
12.3 Шетелдік маркалы негізгі және дәнекерленген материалдардың сәйкес келуі
нормативті құжаттың талабы бойынша немесе олардың нақты бір жағдайда қолдану
мүмкіндігін мамандырылған немесе сараптаушы ұйымымен расталуы тиіс. Көрсетілген
құжаттардың көшірмесі қазанның куәлігімен бірге болуы тиіс.
12.4 Коммуналдық қазан бөлмелеріне жектізілетін, шетелден сатып алынатын
есептеу аспаптары, саудалық есеп үшін пайдаланылатын, ҚР өлшеу аспаптарының
Бірыңғай Реестрінде тіркелуі керек.
52
13 Жылыту кезеңіне дайындық
13.1 Жылыту кезеңіне дайындық кезінде тұтынушылардың жылу жабдықтарының
сенімділігін қамтамасыз ету үшін бекітілген мерзімде кешенді шаралар орындалуы керек,
олардың негізгілері мыналар болып табылады:
- коммуналды жылулық қазандықтарының жұмысы кезінде жылулық және
гидравликалық режимдегі
бұзылулардың алдын алу;
- жылугенерацияланатын көздердің және қосалқы қондырғылардың тығыздығына
жіне беріктілігіне сынама жасау;
- металл жіне құбырдың коррозиясын анықтау үшін жылулық желілердің
шурфовкалары, құбырөткізгіштердің кесінділері;
-
жылугенерациялау
электроқондырғылардың
коммуникациясын
және
құрылғыларын, жылулық желілердің құбырөткізгіштерінің, жылулық пунктардың және
жылулық тұтынушылардың жүйелерін шаю;
- жылулық желілердің жылулық және гидравликалық шығынына, жылу
тасымалдаушылардың максималды температурасына сынама жүргізу;
- жылу жабдықтарының жүйелерінің, сонымен қатар шаралардың пайдалану
режимінде қайта жұмыс жасау.
13.2 Алдағы жылыту кезеңіне дайындық кезіңде қондырғы жұмысында
кемшіліктер және гидравликалық және жылулық режимдерінен ауытқулар пайда болады,
жұмыс жоспары құрылады, материалды-техникалық ресурстар және қажетті техникалық
құжаттамалар дайындалады.
Алдағы жылыту кезеңінің жылу көздерінің, жылулық желілердің және жылу
тұтынушы жүйелерінің графигін осы жылдың жылыту кезеңінің соңына дейін жасалуы
керек.
13.3 Жылу жабдықтар жүйесінің жұмысын қауіпсіз және сенімді болу үшін
уақытында ұйымдарда апаттың алдын алу ұйымдық-техникалық шаралар бойынша
жасалған апаттық жағдай кезінде қызметкерлер құрамының ұйымдасуымен жаттығулар
өткізу.
13.4 Кәсіпорынның жылулық кезеңі басталмай, эксплуатациялаушы коммуналды
жылулық қазандықтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жылу энергиясын беруін
шектеу графигін және жылумен жабдықтау жүйесінде апаттық жағдайды алдын алу
шараларын қолдану жағдайларын жұмыс істеп шығару және бекіту қажет.
13.5 Коммуналды жылулық қазандықтарды қабылдау кезінде жылулық кезеңіне
дайындық тексерісі үшін мына актілермен тексеріледі:
- жөндеу жұмыстары жоспарын іске асыру және оның орындалуы сапасы;
- коммуналды жылулық қазандығы қондырғысының жағдайы;
- ғимараттардың (шатыр асты, сатылы торлар, жертөлелер, есіктер және т.б) мен
орталық жылулық пунктерді, сонымен қатар жекешеленген жылулық пунктерді жылыту
жағдайы;
- қадағалаушы өлшемді құралдардың және автоматты
реттегіштердің жағдайы;
- жылу қабылдау жүйесі қорғанысының жұмыс қабілеттілігі;
- жылу өндіргіш энергоқондырғыларының паспортының принципиалды сұлбасы
мен атқарушы жұмыскерлер нұсқауы мен олардың расталуының сәйкестігі.
13.6 Жылулық кезең басталуында оның жұмысқа дайындығының тексерілуі үшін
сынама жүргізіледі. Сынама жағулар күзгі-қысқы кезеңге қарай коммуналды жылулық
қазандықтарының дайындық жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Сынама жағудың басы мен
жалғасуы кәсіпорын графигімен анықталады, эксплуатациялық коммуналды жылулық
қазандықтар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісу және сынама жағу басында
3 тәулік ішінде кешікпей тұтынушыларға жеткізілуі керек.