Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет77/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125

236
Осыған ұқсас пікірді І. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов сөз-
дігінен
101 
де оқимыз: «Бір тілдегі сөз бен сөз тіркестерін я сөз 
мағынасын ауыстыру, көшіру, мысалы: есімдік – орыс тілінің 
местоимение сөзінің калькасы»
Қазақ  Кеңес  энциклопедиясы
102
  калькаға  толығырақ 
анықтама  береді: «Калька  (тіл  білімінде;  франц.  сalgne – 
жұқа мата не түссіз қағаз арқылы алынатын көшірме) – бір 
тілден,  екінші  тілге  дəлме-дəл  аудару  арқылы  жасалатын 
тілдік единица (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеология)».
Үлкен Кеңес энциклопедиясында берілген анықтамада да 
негізінен  осыған  ұқсас  мəлімет  беріледі.  Сонда  кальканың, 
яғни  калька  атануға  қақысы  бар  сөздердің  басты  белгісі 
басқа тілдегі үлгілерді айнытпай ана тіліне көшіру не сөзбе-
сөз  аудару  болып  табылады.  Аударылған  кальканың  бас-
тапқы тілдегі мағыналық бөлшектері, оның компоненттері-
нің орын тəртібі екінші тілде түгел сақталуға тиісті. Мұның 
тағы  бір  басты  ерекшелігі  жазба  ісінің  жанданған  тұсында 
туатындығы.  Кальканың  тағы  бір  үлкен  қызметі – ұлттық 
тіл терминологиясын жасауда айқынырақ байқалады.
Алайда  тілдегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  бəрі  бірдей 
калька  жасауға  көне  бермейтінін  де  ескеруге  тиіспіз.  Өйт-
кені  калькаланатын  сөздің  мағыналық  құрылымы  жоғары-
дағы  еңбектерде  аталып  өткеніндей  айқын  да  анық  бо-
луы  керек.  Яғни  оның  «ішкі  формасы»,  мотивировкасы, 
дəйектемесі  болуы  қажет.  Сонымен  бірге  мұның  екі  түрлі 
жағдайда пайда болатыны байқалады. Мəселен, бірде басқа 
тіл  сөзінің  «сыртқы  тұлғасы,  морфемалық  құрамы  тұтас 
сақталып  көшірілсе»,  енді  бірде  байырғы  сөздерге  үстеме 
мағына  жүктеу  арқылы  жасалады  екен.  Осыған  орай, «ал-
ғашқысын  лексикалық  не  тұлғалық  (алғышарт – предпо-
сылка, аялдама – остановка, басылым – издание, қондырғы – 
101
 
Кеңесбаев  І.,  Жанұзақов  Т.  Тіл  білімі  терминдерінің  орысша-қазақша 
сөздігі. Алматы, 1966.
102
 Қазақ Кеңес энциклопедиясы. 5-т. Алматы, 1974.


237
установка, жартыарал – полуостров, дұрысы – түбек (каль-
ка, соңғысын семантикалық не мағыналық), жарыс – сорев-
нование, саяси ұғымдарды білдіретін (ақ – белый, қызыл – 
красный, үндеу – призыв) калька дейді.
Сондай-ақ  аударылған  сөздің  бəрі  бірдей  калька  бола 
бермейді.  Мысалы,  бастауыш – подлежащее,  өнеркəсіп – 
промышленность, балмұздақ – мороженое дегендер шартты 
түрде алынып, қалыптасқан аудармалар деп білеміз. Ал ру-
хани байлық – духовное богатство, қанатты сөздер – кры-
латые  слова,  əдеби  бейне  –  литературный  образ,  орталық 
шабуылшы – центральный нападающий т.б. калька тіркестер 
мен  фразалық  тіркестер  қатарына  жатады.  Тілдің  басқа  да 
лексикалық  қабаттары  тəрізді  термин  жасау  процесінде 
кальканың едəуір рөлі бар екенін байқаймыз. Біз мұның əр 
алуан  мысалын,  əсіресе  көркем  əдебиет,  қоғамдық-саяси 
əдебиет жəне оқу құралдары мен оқулықтар материалдары-
нан  көреміз.  Осы  əдебиеттерді  қазақ  тіліне  аудару  арқылы 
енген  терминдер,  сөздер  қазір  көптеп  саналады.  Сонда 
қазақ тіліндегі кірме терминдердің көбі калькалау тəсілімен 
жасалғанына  көзіңіз  жетеді.  Калькаланатын  сөздер  негізі-
нен заттық мағынадағы есімдер.
Калькалау  тəсілі  арқылы  жасалып,  тілімізге  енген  тер-
миндерді  екі  ыңғайда  қарастырып,  танып  білуге  керек 
сияқты.  Бірі – мағыналық  калька,  яғни  сөзбе-сөз  аударма 
емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі мағына-
лық  құрылымын  (структурно-смысловые  слова)  беру.  Бұл 
тəсіл  бойынша  термин  сөзбе-сөз  аударылады.  Онда  сөздің 
негізгі  мағынасын  берумен  қатар,  оның  бөлінбес  бөлшек-
тері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді.
Мағыналық  (фонетикалық)  калька  қатарына  бесжыл-
дық (пятилетка), шаңсорғыш (пылесос), қызыл жалау (крас-
ное знамя) т.б. жатқызуға болады. 
Ал  екінші  топқа  еңбек  күн  (трудодень),  тарихи  мате-
риализм  (исторический  материализм),  тап  күресі  (классо-
вая борьба), қызыл бұрыш (красный уголок), сын жəне өзара 


238
сын  (критика  и  самокритика)  т.т.  терминдік  тіркесімдер 
мысал бола алады.
Калька  терминдерді  құрылым  жағынан  да  жіктеп  қара-
ған жөн.Оның ғылыми əдебиеттерде мынадай бірнеше түрі 
аталып  жүр:  толық  калька,  жартылай  калька,  мағыналық 
калька,  құрылымдық  калька,  морфемдік  калька.  Тіл  прак-
тикасында  морфемдік  кальканың  сирек  кездесетінін  бай-
қаймыз. Бұлар құрамы жағынан бір немесе бірнеше сөзден 
тұруы  да  ықтимал.  Жай  калька  терминдер  көбінесе  бір 
сөзден тұрады. Мысалы, екпінді (ударник), оқушы (ученик), 
оқытушы  (учитель),  тоңазытқыш  (холодильник),  бөген 
(водохранилище),  өктемші  (властелин),  шарт  (договор), 
ежелгі  (древний),  басқыншы  (захватчик),  бұратана  (ино-
родцы),  таптастыру  (классификация),  бəсеке  (конкурен-
ция), жарыс (соревнование), аяқтама (концовка), кемеңгер 
(корифей),  ұран  (лозунг),  ерлік  (мужество),  батырлық 
(героизм),  жүректілік  (храбрость),  батылдық  (смелость), 
дағды  (навык),  есірткі  (наркотик),  шабуыл  (наступление), 
зорлық  (насилие),  салт  (обряд),  Отан  (Отечество),  ата-
мекен (отчизна), қайта құру (переустройство, кейін – пере-
стройка),  өкілеттік  (полномочие),  ізашар  (предшествен-
ник),  ізбасар  (последователь),  қызметкер  (сотрудник), 
қызметші (служащий), келісім (соглашение), жалдап (спе-
кулянт),  сұраным  жəне  ұсыным  (спрос  и  предложение), 
сөре (старт), мəре (финиш), мəн (сущность), мазмұн (содер-
жание),  еңбекқор  (труженик),  құрылғы  (устройство),  бопса 
(шантаж).
Ал  күрделі  калька  терминдерге  қолтаңба  (автограф), 
тастамабаға  (бросоваяцена),  гүлшанақ  (бутон),  төбетоп 
(верхушка), өзіндік зат (вещь в себе), біздік зат (вещь для 
нас),  бейнежазба  (видеозапись),  қайта  өркендеу  (возрож-
дение),  үстеме  жоспар  (встречный  план),  азамат  соғысы 
(гражданская война), Екі мəрте Совет Одағының Батыры 
(Дважды Герой Советского Союза), Екі мəрте Социалистік 
Еңбек  Ері  (Дважды  Герой  Социалистического  труда),  ла-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау