132
өткізуге, алдын-ала нәтижелерді болжауға және тиісті қорытынды жасауға
мүмкіндік беретін алдын-ала әдістемелік даярлықты талап етеді;
- жағдаяттық әдісбойынша тәжірибелік-бағдарланған эксперименттік
сабақ (Шелтон, 1988) мамандықтар теориясы мен мамандықтардың практикасы
сияқты пәндер арасында аралық орын алады. Бұл әдіс іс-әрекеттегі техникалық
мүмкіндіктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Кешенді жағдайдағы мамандық
теориясының алған білімі осы мамандық бойынша тәжірибелік дағдылармен
біріктіріледі. Осы әдіс авторы А.Шелтеннің айтуы бойынша, эксперименттік
оқыту тәжірибеге бағытталған танымдық саладағы негізгі біліктіліктерді
қалыптастыруда ең тиімді болып табылады (өзіндік ойлау мен оқу қабілеті,
аналитикалық ойлау қабілеті, білімді басқа саладан екіншісіне көшу қабілеті).
Оқушыларға ұжымда (әлеуметтік қабілеттерге) жұмыс істеуді талап ететін
жағдайлар ұсынылады, соның нәтижесінде әрбір оқушының жеке қабілеттері
дамиды (дәлдік, сенімділік, жұмыста сапаға талпыну, сана және т.б.);
- жобалау әдісі (Фрей 1984). Жоба әдісі өндірістік және мектептегі кәсіби
білім берудегі негізгі біліктіліктерді игеруде үлкен мүмкіндіктерге ие болады.
Оның ерекшелігі мұғалім бір уақытта кеңес беру функциясын орындау
барысында оқушылар тобымен кешенді тақырыпты өздігінен құрастыруы
болып табылады
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесідей қорытындылар
жасауға болады:
Германияда кәсіптік білім беруде жалпы кәсіби біліктіліктер қазіргі таңда
кең ауқымды мамандықтар бойынша алдыңғы қатарда тұр. Неміс кәсіби
педагогикасындағы осы біліктілік негізгі біліктілік атауына ие болды.
Білім алушыларда өндірісте (кәсіптік мектептегі оқушыларда) негізгі
біліктілікті қалыптастыру үшін өндірісте және кәсіптік мектепте оқыту
процесінде әдістерді пайдалану қажет, оның көмегімен оқушылар кешенді
мәселелерді шешуде оқу үдерісін өздігінен қалыптастыра алады. Осылайша,
мұғалім (өндірістік оқыту шебері) кеңесші, ақылшы болады.
Тәжірибе көрсеткендей, бағыттаушы мәтіндерді басшылыққа алу тәсілі
және жобалар әдісі өндірістік оқытуда негізгі біліктілікті қалыптастырудың ең
тиімді әдісі болып табылады.
Мектептегі кәсіптік білім беруде әрекеттік-бағдарлық әдістердің негізгі
бағыттары: рөлдік ойындар, эксперименттік, жағдаяттық оқытудағы тәжірибеге
бағдарланған әдіс, жобалар әдісі [185].
Германиядағы қазіргі кәсіби білімнің негізі және шарты – жаңа әдістердің,
оқыту технологияларының болуы. Білікті жұмысшылардың білім сапасы мен
кәсіби біліктілігін арттыру оқыту технологиясы арқылы қамтамасыз етіледі.
Неміс мамандары арасында кәсіптік білім берудегі кеңінен танымал факт,
шикізаты жеткіліксіз елдегі жұмысшылардың кәсіби біліктілігі неміс
кәсіпорындарының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Технология құрылымына келетін болсақ, бүгінгі таңдағы ең икемді модульдік
немесе блоктық құрылым деп танылды. Әрбір оқу модулі білім алушынының
133
белгілі бір жұмыс дағдысына ие екендігін болжайтын белгілі бір модульдердің
жиынтығы ретінде арнайы оқыту технологиясы болып табылады [186].
Экономика үшін кадрларды кәсіби даярлау жүйесін одан әрі дамыту
мақсатында Германияның 150-ден астам фирмасы, ұйымдары мен мекемелері
кәсіби
одаққа
бірігуде.
Кәсіптік
мектептерге
және
және
оқыту
компанияларындағы білім беру қызметтері нарығына көбірек көңіл бөлу үшін,
осы одақтың өкілдері үнемі халықаралық көрмелер – тұсаукесерлер
ұйымдастырады, мысалы «Интершул 94», техниканың әртүрлі бағыттары үшін
модульдік оқыту тренингтерінің негізгі түрлерін ұсынды.
Осылайша, автоматтандырылған жабдықтау саласындағы мамандарды
дайындауда қажетті білім мен дағдыларды игеру арнайы дидактикалық-
әдістемелік базаны қажет етеді. Бүгінгі таңда отыз жылдан астам уақыт бойы
қолданылып келе жатқан» негізгі дидактикалық қағида «іс-әрекеттегі оқыту
өзекті болып табылады. Техниканың осы саласы бойынша оқытудың
дидактикалық мақсаты әртүрлі үдерістер мен автоматтандыру әдістеріне
қатысты оқыту технологияларын бірыңғай модульдік оқыту жүйесіне енгізу
болып табылады. Мұндай жүйе топтық және жеке оқыту сияқты
мүмкіндіктерге ие бола алады.
Арнайы мысал ретінде кәсіби практикалық даярлау үшін Маннесман
Рексроттың автоматтандырылған жабдықтар саласындағы гидравликалық,
пневматикалық, электрлік және электронды оқыту жүйесін келтіруге болады.
Бұған теориялық модельдеу, көбейту бағдарламалары, анықтамалықтар,
теориялық нұсқаулыққа арналған арнайы әдебиеттер кіреді. Мұндай жүйелер
саланың барлық деңгейлеріндегі мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Оқыту жүйесі, мысалы, пропорционалды және сервотехникалық салаға
енгізілген цифрлық өлшеу техникасына, сондай-ақ ақаулықтарды іздестіру
құралдарына және т.б. байланысты білім алушылардың іс-әрекеттерін
кеңейтуге болатындай етіп құрылған [187].
Қазақстанкәсіби білім беру жүйесінің жетекші мамандары қазіргі уақытта
көптеген бағыттар бойынша іздеу сатысында тұр, оның ішінде, оқытудың ең
тиімді әдістерін және технологияларын (мәтіндерді бағыттаушылық әдісі,
жобалау әдісі және т.б.), кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде іздестіру
бағытында жұмыс істейтіндерге қызығушылық тудырады. Оқытудың заманауи
әдістері мен технологиялары іс жүзінде кез келген мамандық үшін қажетті
негізгі біліктілікті қалыптастыруға бағытталған. Дуальді жүйенің тәжірибесін
қолдану қазақстандық білім беру жағдайында терең түсінуді, салыстырмалы
талдауды талап етеді, өйткені оны пайдалану қазіргі заманғы кәсіптік-
техникалық оқу орындары қызметінің құрылымын өзгертуге әкеледі.
Кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық үдерістің келесі құрамдас
бөлігі – педагогикалық құралдар.
Қазақстандаұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі әдістері сөз құралына
негізделді, бірақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға
байланысты өндірісті компьютерлендіру, сондай-ақ кәсіптік-техникалық
мектептер мен жоғары оқу орындарын техникалық жабдықтау артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |