72
оқытушылары бар кәсіптік мектеп өз мойнына алады деп күтеледі. Әсіресе, бұл
жұмысшы мамандарды дайындаудың шығыны жоғары мұндай формасын құру
мүмкіндігі жоқ шағын және орта кәсіпорындар үшін қажет.Германияда өндіріс
пен саудадан кейін екінші орында тұратын қолөнер секторында кез-келген
қолөнерші кәсіптік оқытумен айналыса алады, өйткені әрбір қолөнерші қолөнер
шебері атағын алу үшін емтихан тапсыруы тиіс, ал ондай емтихан тапсыру
оқыту қызметімен айналысуға құқық береді.Екінші жағынан, адамды мына
мамандықты, мына мекемеде үйрен деп мәжбүрлеуге де болмайды. Кәсіби
білім берудегі дуальді оқыту жүйесіне
жеке бас қажеттіліктеріде әжептеуір
әсер етеді. Кәсіпорын секілді мамандық та оқушылар тарапынан әртүрлі
сұранысқа ие, және бұл сұраныс әртүрлі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырап
тұруы мүмкін. Соған байланысты, бір мамандыққа сұраныстың артып, келесі
біреуіне қызығушылықтың төмендеуі проблемасы болмай қоймайды. Және бұл
сұраныс еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты емес.
Бұл жағдайға
мамандық таңдауда зор себі тиетін кәсіптік бағдарлау жүйесі арқылы ғана
ықпал етуге болады. Қалай дегенмен де бұл аспект бұл жүйені жеілдіру үшін
иілгіштік, мобилділік, вариативтілік қажеттігін алға тартады.
Германияның кәсіптік оқытудың дуальді жүйесінің қырық жылдық дамып
жетілу тәжірибесі оның артықшылықтары мен кемшіліктерін, «әлсіз тұстарын»
көруге мүмкіндік береді.Оны кесте – 5 көруге болады.
Кесте 5 - Дуальді білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылығы
Кемшілігі
жұмыссыздықтың қысқаруы;
өзара әрекеттесу аясын кеңейту,
әлеуметтік серіктестік орнату;
халықаралық
ынтымақтастықтың
артуы.
теория мен практика арасындағы
алшақтықтарды жояды;
болашақ
қызметкердің
жаңа
психологиясын қалыптастыру;
оқушылардың қызығушылығы мен
сұранысына қарай бағдарламалар, элективті
(икемді) курстар
бағдарламаларын әзірлеу;
бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;
кәсіби оқытуға қажетті шығынның
белгілі бөлігін өндіріс өз мойнына алады.
Оқыту барысында өндірістік мекеме
өзіне қажетті мамандарды«тапсырыс»
бойынша дайындайды..
жоғары
білім
беру
саласында
нормативті құжаттарды өзгертуге тура келеді.
мұндай бағдарлама супермативті, ой
санасы өте жоғары студенттерге есептелген.
Кез келген жаңа технологиялардың енгізілу
мүмкіндікке
қарай
оңтайландырылып
зерттеулерді қажет етеді.
экономикалық
дағдарыс
немесе
құлдырау кезінде
кәсіпорындар
кәсіптік
оқытуға
(бөлінетін шығынды) үнемдеп, оқушыларға
орын аз бөлу қаупі бар.
бала туу біркелкі болмауы әр түрлі
кезеңде оқушы орны рыногында сұраныстың
едәуір сандық өзгерістерге ұшырауы.
қолөнер
саласында
дайындалған
манадар экономиканың басқа салаларына
ауысып кету
материалдық-техникалық базасы мен
штаттық оқытушылармен қамтамасыз етілуі
жағынан сапалық айырмашылықтар бар.
оқушыларды кәсіпорындарда олардың
кәсіптік
оқуымен
еш
байланысы
жоқ
жұмыстарды орындауға пайдалану мүмкіндігі.