Compaq Mini пайдалану нұсқаулығы Copyright 2010 Hewlett-Packard


Қуат сымының басқа ұшын айнымалы ток розеткасына (3)



жүктеу 3,05 Mb.
Pdf просмотр
бет7/23
Дата05.02.2020
өлшемі3,05 Mb.
#28287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

3.

Қуат сымының басқа ұшын айнымалы ток розеткасына (3) жалғаңыз.



Батарея қуатын пайдалану

Зарядталған батарея компьютерде болған кезде жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған

болса, компьютер батарея қуатын іске қосады. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына

қосылғанда, компьютер айнымалы ток қуатын іске қосады.

Компьютерде зарядталған батарея болса жəне айнымалы ток адаптері арқылы берілген сыртқы

айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда,

компьютер батарея қуатын қосады.

ЕСКЕРІМ:

Айнымалы ток қуатын ажыратқанда, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін,

дисплей ашықтығы төмендейді. Дисплей жарықтығын жоғарылату үшін, 

fn+f4


 пернелер тіркесімін

басыңыз немесе айнымалы ток адаптерін қайта қосыңыз.

Жұмыс істеу жолына байланысты батареяны компьютерде немесе қоймада сақтауға болады.

Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да батареяны компьютерде сақтау батареяны

зарядтайды жəне де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды. Дегенмен, компьютер

өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.



АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,

компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны

немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз.

Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей

ашықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға

байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.

Қалған батарея зарядын көрсету

Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Индикатор



батарей (Батарея санауышы) белгішесінің үстіне меңзерді жылжытыңыз.

Батареяны кірістіру немесе жою

ЕСКЕРТУ:

Жалғыз қуат көзі болатын батареяны алып тастау ақпараттың жоғалуын тудыруы

мүмкін. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе

батареяны алып тастамас бұрын, компьютерді Windows арқылы өшіріңіз.

Батарея қуатын пайдалану

15



Батареяны салу үшін:

1.

Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.



2.

Батареядағы көрсеткілерді компьютердегі кетіктермен туралап, оны батарея бөліміне

орналастырыңыз. Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде

орналастырады.

Батареяны алу үшін

1.

Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.



2.

Батареяны босату үшін батареяны босату ысырмаларын (1) жылжытып, батареяны (2) алып

тастаңыз.

Батареяны зарядтау

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтаңыз.

16

Бап 2   Қуатты басқару




Батарея компьютер айнымалы ток адаптері, қосымша қуат адаптері, қондыру құрылғысы немесе

қосымша кеңейту өнімі арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады.

Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер

өшірілген кезде ол тез зарядталады.

Батарея жаңа болғанда, 2 немесе одан көп апта бойына қолданылмағанда немесе бөлме

температурасынан жылырақ не салқынырақ болғанда, зарядталу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.

Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту жəне батарея заряды дисплейлерінің нақтылығын

оңтайландыру үшін осы ұсыныстарды орындаңыз:

Жаңа батареяны зарядтаған кезде, компьютерді қоспас бұрын оны толық зарядтаңыз.



Батарея шамы сөнгенше, батареяны зарядтаңыз.



ЕСКЕРІМ:

Батарея зарядталып жатқанда компьютер қосулы болса, хабарландыру

аймағындағы батарея санауышы батарея толығымен зарядталғанша 100 пайыз зарядты

көрсетуі мүмкін.

Зарядтамастан бұрын қалыпты қолданыста батареяның толық зарядтың 5 пайызынан төмен



таусылуына мүмкіндік беріңіз.

Батарея бір немесе одан да көп ай бойына қолданылмаса, оны қарапайым зарядтаудың



орнына батареяны тексеріңіз.

Батарея шамы зарядтау күйін көрсетеді:

Қосулы: Батарея зарядталуда.



Жыпылықтау: Жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея заряды төмен деңгейге жетті.

Батарея заряды өрескел деңгейге жеткен кезде батарея шамы жиі-жиу жыпылықтай

бастайды.

Өшірулі: Батарея толығымен зарядталған, қолданыста немесе орнатылмаған.



Батареяның тауысылу уақытын ұлғайту

Батареяның тауысылу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің

қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп тауысылу уақыты батареяның сақтық

сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.

Батареяның тауысылу уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:

Дисплейдегі жарықтықты төмендетіңіз.



Параметры электропитания (Қуат параметрлерінде) Устройство экономии энергии

(Қуатты үнемдеу құралының) теңшелімін тексеріңіз.

Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден батареяны



шығарып алыңыз.

Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.



Төмен батарея деңгейлерін басқару

Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір

батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Windows жүйесінің Панель

управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат параметрлерін қолдану

Батарея қуатын пайдалану

17



жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау