Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет20/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
38 
(жобалау)  құжаттамасы  бойынша  (орнатылған  жаюдықтың,  аспап пен  арматураның  түрі 
мен  маркасы  көрсетілген  әр  қабаттың  жоспарын;  құбырлар  диаметрі  мен  орнатылған 
жабдыққа,  су  тарту  және  су  бөлу  арматурасына  спецификация-тізімдеме  көрсетілген 
суқұбыры  желісінің  аксонометрикалық  сызбаларын)  зерделеу.  Жобалау  құжаттамасы 
болмаған  жағдайда  Мердігер  мамандары  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерінің 
атқару құжаттамасы мен сызбаларын жасауы тиіс. 
11.5  Суөлшеу  торабының  үй-жайы  жарық,  қысқы  уақытта  температурасы  5  С-тан 
төмен  болмауы  тиіс.  Суөлшеу  торабының  үй-жайына  бөгде  адамдардың  кіруіне  рұқсат 
берілмейді. 
11.6 Сорғыларды қосқанда: 

сорғының жұмыс доңғалақтарының айналу бағыты дұрыс болуы тиіс – корпустың 
кері айналу бағыты бойынша; 

біліктің соққысы болмауы тиіс; 

сорғының негізіне бекітілетін бұрандамалар мықтап тартылуы тиіс; 

сорғы тығыздамалары  қатты бекітілуі, тартылуы және нормадан тыс ақпауы тиіс; 

агрегаттың жалғастырғышы алмалы-салмалы қаптамамен  қоршалуы тиіс. 
11.7 Сорғының жұмсақ қосымшалары мен діріл оқшаулағыш негіздері жобаға сәйкес 
және жұмыс істейтін жағдайда болуы тиіс. Резеңке діріл оқшаулағыш пен төсемді 3 (үш) 
жылда  1(бір)  рет  ауыстыру  қажет.  Тұрғын  үй-жайларда  сорғы  жұмысынан  болатын  шу 
деңгейі санитарлық нормадан аспауы тиіс. 
11.8  Ылғалдылығы  жоғары  үй-жайларда  құбыржолдарын  гидро-және  жылу 
оқшаулағышпен орындау қажет. 
11.8  Трубопроводы  в  помещениях  с  большой  влажностью  следует  выполнять  с 
гидро- и теплоизоляцией.  
11.9 Техникалық қызмет көрсету мен пайдалануға жататын инженерлік жүйелер мен 
жабдықтар тізбесі. 

Сумен жабдықтау, кәріз және су бұру жүйелері: 

сумен жабдықтау жүйесі; 

суық сумен жабдықтау жүйесінің құбыржолдары; 

дайындық, ағын және су айдау жүйелері: сорғылар, техникалық құрылғылар; 

өрт суқұбыры жүйесі: 

өрт суқұбыры; 

өрт гидранттары; 

кәріз жүйесі; 

нөсер кәрізі; 

шаруашылық-тұрмыстық кәріз. 
11.10  Пайдалану  қызметін  ұйымдастыру  үшін  пайдалану  жұмыстары  мен 
қызметтерін болжамды орындау тәртібі келесі жұмыс сызбасын ұсынады: 
11.11  Пайдалану  қызметі  жетекшісінің  басшылығымен  жұмыс  құрылымы 
ұйымдастырылады: 

барлық  инженерлік  жүйелерге  техникалық  қызмет  көрсету  дің  жылдық  кестесі 
жасалады, соның негізінде ағымдағы регламент жұмыстар жүргізіледі, 

техникалық персонал жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және 


МОНТАЖДАУ 
 
39 
оңтайландыру үшін орталық диспетчер пункітіне бөлім жетекшілерінен авариялық және 
қосымша жұмыстарды жүргізуге тапсырыс түседі; 
11.12  Келісімшартқа  қол  қойылғаннан  кейін  кезек  күттірмес  мәселелерді  шұғыл 
түрде  шешу  үшін  тәулік  бойы  жұмыс  істейтін  кезекші  қызметін  ұйымдастыруға 
міндеттенеміз.  Байланыс  тұлғалардың  тізімі,  кезекші  қызметтің  телефондары 
келісімшартқа қол қойылған ткүні жазбаша түрде тапсырысшыға беріледі. 
11.13  Шұғыл-диспетчер  қызметіне  аварияның  болғандығы  туралы  қоңырау  түскен 
сәттен  бастап  1  сағат  ішінде  авариялық  шұғыл-көшпелі  бригаданың  келуіне  кепілдік 
беріледі  (  авариялық  жағдайды  тоқтату  үшін  шұғыл-жөндеу  персоналының  келуі  қажет 
болғанда). 
11.14  Пайдалану  жұмыстары  мен  қызметтері  қолданыстағы  міндетті  нормалар  мен 
ережелерге, инженерлік жүйелер мен жабдықтар кешенінің дұрыс жағдайын және жұмыс 
істеуін ұстау қажеттілігіне сәйкес көрсетіледі. 
11.15 Ғимаратты кешенді техникалық пайдалануды төмендегі техникалық персонал 
жүзеге асырады: 

кәріз  және  суқұбыры  жүйелерінің  жұмыс  қабілеттілігіне  бақылауды  жүзеге 
асырушы,  техник-сантехник  (аптасына  2  рет) ЖЕЖ  кестесіне  сәйкес  инженерлік  жүйеге 
қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды орындайды. 
11.16  Келісімшартқа  қол  қойылғанға  дейін  комиссия  қолдағы  атқару  құжаттамасы 
мен инженерлік жабдықтарды көзбен қарап шығу негізінде инженерлік кешеннің құрамы 
мен жағдайын анықтайды. 
Комиссия жұмысының негізінде келісімшартқа қол қойған кезде болған кемшіліктер 
көрсетіліп ғимараттың инженерлік кешенін пайдалануға беру актісі жасалады. 
11.17  Пайдалану  жұмыстары  мен  қызметтері  қолданыстағы  міндетті  нормалар  мен 
ережелерге, инженерлік жүйелер мен жабдықтар кешенінің дұрыс жағдайын және жұмыс 
істеуін ұстау қажеттілігіне сәйкес көрсетіледі. 
11.18  Егер  барлық  пайдалану  жұмыстарының  инженерлік  желіге  және/немесе 
жабдыққа әсері болатын болса, онда міндетті түрде тапсырысшымен келісіледі. 
11.19    Жұмыстың  толық  көлемін  анықтау,  пайдаланудың  үйлесімді  жүйесін  құру 
үшін бірінші ай бойы тапсырысшымен мыналар әзірленетін және келісілетін болады: 

персонал нұсқаулары; 

ТТҚ басқармасымен өзара әрекеттесу нұқсаулығы мен тапсырыстарды орындау; 

жабдықтардың жоспарлы-ескерту жөндеулері (ЖЕЖ) кестесі. 
11.20  Инженерлік  кешенге  қызмет  көрсету  бойынша  пайдалану  жұмыстары  мен 
қызметтерінің болжамды тізбесі. 
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесі: 

тұтынушылардың  суды  пайдалануын  техникалық  бақылау  және  қадағалау, 
пайданылатын және бөлінетін су мкөлемін есепке алу, судың ағып кетін тоқтату; 
Ай сайын: 

нәжіс және сарқынды сулардың үздіксіз бұрылуын қамтамасыз ету.тұрақты 

суқұбырының және кәріз желілерінің ішкі құрылғыларын пайдалану (тиектік және 
реттеуіш  арматураға  қызмет  көрсету,  сантехаспаптардың  шығарылымдарын  шаю  және 
тазарту және т.б.); 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау