меншіктеушілер, кәсіпкерлер, меншік иелерінің атынан сөйлеуші
менеджерлер. Екінш ілері-жалданыпжұмыс істеушілер, үшіншілері
- өз есебінен жұмыс істейтіндер немесе тұрақты емес негізде
жұмыс істейтіндер. Қазақстанда өздігінен еңбекпен қамтылушылар
арасынан «өнімді» жэне «өнімді» емес еңбекпен қамтылушыларды
ажыратады. Өздігінен еңбекпен қамтылушылар құрамында 2013
жылдың басында елде 2,4 млн адам болып, ЕӘҚМ есебі бойынша
олардың ішінде - 1,3 млн адам еңбекпен «өнімсіз» қамтылғандар
болған. Мұндай межелеулер еңбекпен қамтылу теориясы үшін ғана
емес, алдымен мемлекеттік шараларды белгілеу үшін де қажет.
Жоғарыда келтірілген топтастырулар мен қосалқы топтастырулар-
дан бастау ала отырып, еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті ор
ган дар:
1) еңбекке қабілеттілікті пайдалану саласына таңдау еркіндігі
мен еңбекке мәжбүрлеусіз еріктілікті;
2) еңбекке жэне еңбекпен қамтылу саласын таңдау құқығын іске
асыруға жағдай жасау;
3) елдегі халықтың еңбекпен қамтылуын реттеу үшін барлык
деңгейдегі билік органдарының күшін үйлестіру;
4) еңбекпен қамтылуды, құқықтық, ұйымдық, экономикалық
шаралармен көтермелеу арқылы орнықты экономикалық өсу
мақсатында ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қамтамасыз ету
принциптерін;
5) халықтың еңбекпен қамтылуын қалыптастыруға жағдай жа
сау үшін жергілікті, аймақтық, салалық, этникалық ерекшеліктер
мен мүдделерді есепке алу принциптерін ұстана отырып маңызды
міндеттерді айқындайды.
Мемлекеттік билік органдары осы міндеттерді орындай отырып,
ғылыми негізделген іс-эрекет бағдарламалары арқылы еңбекпен
қамтылудың болашағы бар бағыттарын айқындайды жэне ма-
мандарды даярлауға, елдегі жэне жергілікті жерлердегі қоғамдық
өндірістің құрылымы мен инфрақүрылымын өзгертуге бағытталған
қажетті әрекеттерді жүзеге асырады.
2011 жылғы ақпанда ҚР Үкіметі «Еңбекпен қамтылу бағдарла-
масы - 2020» құжатын мақұлдады. Бағдарламаның мақсаты тұрақты
жэне өнімді еңбекпен қамтылу проблемасының шешілуіне жәрдем-
десу жолымен халықтың кірісін арттыру болып табылады. Бағдар-
лама оқытуға, жұмысқа орналастыруға, жеке ісін үйымдастыруға
150
немесе экономикалық өркендеу жүріп жатқан аудандарға өз еркімен
қоныс аударуға жердемдесуге бағытталған. Бағдарламаны іске асы-
ру үш: а) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз жэне күн көрісі
төмен халықтың оқуына жэне еңбекке орналасуына жәрдемдесу; б)
ауылда кәсіпкерліктің дамуына жэрдемдесу; в) еңбек ресурстарының
үтқырлығына жэрдемдесу бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Бастапқы сатыда (2011 ж.) бағдарламаны іске асыру механизмі іске
қосылады. Екінші сатысы 2012-2015 жылдағы., ал үшіншісі -2016-
2020 жылдары жүзеге асатын болады.
11.2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмі
Еңбек нарығы - сатушы өзінің еңбекке қабілеттілігін сататын
тауарлық нарықтың айрықша түрі. Еңбек нарығының жай-күйі
басқа нарықтардың, ең алдымен капитал нарығының, инвестици-
ялар нарығының, өндіріс құралы нарығының, ақша нарығының,
тауарлар мен қызмет көрсетулер жэне т.б. нарығының жай-күйіне
тәуелді болады. Бір жағынан еңбек нарығы басқа нарықтардың да
жай-күйіне ықпал етеді. Осыған байланысты еңбек нарығы эконо-
миканы мемлекеттік реттеу жүйесінде айрықша орын алады.
Мемлекеттік реттеу жөніндегі ғылыми жэне оқу әдебиеттерінде
оның негізгі екі формасын бөліп көрсетеді:
1. еңбек нарығындағы еңбек қатынастарын бэсең (пассивті) рет
теу формасы, оның мақсаты қоғамдағы әлеуметтік ширығысқа жол
бермеумен және еңбекпен қамтылмаған халық кірісінің белгілі бір
деңгейін ұстап тұрумен айқындалады;
2. еңбек қатынастарын реттеудің белсенді формасы, ол жаңа
жұмыс орындарын ашуға, білікті жұмыс күшін даярлауға, жұ-
мыссыздық деңгейін жэне т.б. азайтуға бағытталған.
Аталған формаларға сәйкес еңбек қатынастарын реттеу тә-
сілдері де бар. Бірінші топқа жұмыс орындарын құру жөніндегі
мемлекеттік шаралар кіреді. Екінші топқа еңбек нарығының икем-
ділігін, жұмыс күшінің мобилдылігін күшейту, кәсіпкерлік қү-
рылымдардың бастамаларын қолдау жөніндегі шаралар кіреді.
Мыналар: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту; мемлекеттік тапсыры-
стар, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алулар, мердігерлік
жұмыстар; халықтың түрлі топтары үшін жаңа жүмыс орындарын
жасақтайтын кәсіпкерлер үшін субсиядалар мен преференциялар,
151
сондай-ақ өз қызметшілерін қайта мамандандыруға және олардың
біліктілігін арттыруға мүдделі жеке кәсіпкерлерге жәрдемдесу мен
қолдау көрсету жэне т.б. аталған тәсілдерді іске асыру тетігі бо-
лып табылады. Реттеу тетіктері экономиканың жай-күйіне, табиғи-
климаттық жағдайларға, аймақтардың даму деңгейіне жэне т.б. бай-
ланысты болады.
Еңбек нарығы басқа да нарықтар сияқты сұраныс пен ұсынысқа
байланысты болады. Еңбекке сұраныс жұмыс күшінің құнына,
яғни еңбекақы көлеміне кері тәуелділікте болады. Қазіргі кезде
ҚР бойынша еңбек ұсынысы 8,2 млн адамды күрайды. Еңбекке
сұраныс ҚР аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыс
орнының артуына қарай өседі. Жұмыс орындарын ұсыну мен
еңбекке сүраныс үдерісінде еңбек қатынастарында өзара тікелей
қатысты қатынастар пайда болады. Олар еңбекті ұйымдастыру
мен басқаруға еңбекке орналастыруға, кэсіби дайындыққа, кайта
даярлауға жэне қызметшілердің біліктілігін арттыруға, әлеуметтік
эріптестікке, ұжымдық келісімшарт пен еңбек жағдайын белгілеу
келісімін, еңбек дауларын шешу мен еңбек заңының сақталуын
бақылауға байланысты қалыптасады.
Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары негізінде
келесілер:
1) өндіріс құралына меншіктің эртүрлі болуы негізінде эркім
өзінің еңбекке қабілетіне иелік етуге, мамандық пен қызмет түрін
таңдауға құқылы болатын еңбекке еркіндігі;
2) қызметшілерге еңбек жағдайын жасау, еңбегі үшін эділ сыйақы
төлеу, өндірістік қызмет нэтижелеріне қатысты қызметшілердің
өмірі мен денсаулығына басымдық берілуі;
3) ҚР заңымен қарастырылған жағдайды қоспағанда еңбек сала-
сында шектеу қоюға тыйым салу;
4) жұмыс берушілер жұмыс күшінің саны мен сапасы туралы
мәселені шешуге, ҚР заңдарына сэйкес қызметкерлерді қабылдауға
жэне босатуға құқылы болу принциптері жатыр.
Еңбек нарығын реттеуде келесі механизмдерді:
1)
еңбек қатынастарының тэртібін ұйымдастырумен, халық-
аралық конвенциялардың жэне Халықаралық еңбек ұйымының
ұсынысы негізінде заңдар мен қосалқы заңнамалық актілердің
қабылдануымен байланысты ұйымдастырушылық-қүқықтық рет-
теуді;
152
Достарыңызбен бөлісу: |