Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет20/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70

 
63 
Спорттың  əлеуметтік  қызметі.  Спорт  –  күрделі  көп 
қызметті  құбылыс.  Оларды  төмендегідей  жүйемен  бөлуге 
болады:  1)  жарыстық;  2)  сауықтыру-реактивті;  3)  ақпаратты-
болжамды  4)  адамгершілік;  5)  бағдарламалы-мөлшерлі  жəне 
ұйымдастырушы. 
Спорттың  жарыстық  қызметі.  Бұл  спорттың  негізгі 
белгісі  мен  ерекшеліктерін  көрсетеді  жəне  спорттық  жарыс 
категорияларымен,  спорттық  дайындықпен  жəне  спорттық 
машықтанумен  тығыз  байланысты.  Бұдан  келіп  спорттық 
мөлшері,  диагностикалық  жəне  тартымдылық  қызметтері 
туындайды. 
Мөлшерлі  қызметі.  Спортта  ең  басты  тұлға  –  спортшы. 
Оған  қоса  мұндай  құндылықтарға  ұйымдастыру-басқару 
жұмыстары,  спортшылар  мен  мамандар  дайындау  жүйесі  тағы 
басқалары жатады.  
Диагностикалық  қызметі.  Спорт  ойынымен  шұғылдана 
алудың жолы ретінде қолданылатындығын көрсетеді. 
Тартымдылық қызметі. Спорттың адамдарды тəрбиелеуге 
жəне  білім  беруге,  демалыста,  спорт  жəне  дене  мəдениетімен 
белсенді шұғылдануға тарту мақсатымен айқындалады. 
Сауықтыру-реактивті  қызметі.  Спорт  ағзаны  шыңдап 
қана  қоймайды,  сонымен  бірге  машықтанушыны  қалыптастыру 
қызметін  де  атқарады.  Адамның  дене  күйінінің  бірқалыпты 
болуы,  оның  толыққанды  өмір  сүру  əрекетін  қалыптастырады. 
Мұның  өзі  спорттық  сауықтыру-реактивті  қызметінің  ерекше 
маңыздылығын көрсетеді. Бұл қызметтен келіп сауықтыру жəне 
дайындық қызметі туындайды. 
Сауықтыру  қызметі  спортты  сауқтырудың,  ғылыми-
техникалық жүйесінің кері əсерлерінен (гиподинамия жəне т.б.) 
қорғанудың  тиімді  құралы  ретінде  қолдануға  байланысты,  яғни 
бұл жерде сауықтыру қызметі қорғаушы сипатына ие болды. 
Дайындық 
қызметі 
адамды 
өмірге 
дене 
жағынан 
дайындайды жəне қажетті дене дамуына жеткізуді мақсат етеді. 
Ақпаратты-болжамды  қызметі.  Бұл  қызмет  өзінен 
туындайтын ақпаратты, танымдылық, ағартушылық, болжамды-
эвристикалық жəне парасаттылық қызметтерінен көрінеді. 
Спорттың  ақпаратты  қызметі  спорттық  қозғалыс 
бүгінгі  дүниеде  спорттың  алатын  орны  мен  атқаратын  қызметі, 


 
64 
спорттық  дайындық  пен  жарысты  ұйымдастыру  мен  əдістеме 
туралы хабарлар етіп отыратындығымен айқындалады. 
Танымдылық  қызметі  спорттың  бірқатар  əлеуметтік 
мəселелерді  əсіресе,  денсаулықты  шыңдау  халықтың  еңбек  ету 
мүмкіндігін көтеру мəселелерін шешу құралы ретінде пайдалану 
заңдылықтарын танып білуге байланысты. 
Спорттық  дайындық  жүйесінің  өзі  бірқатар  əлеуметтік, 
биологиялық, 
психологиялық 
жəне 
педагогикалық 
заңдылықтарды,  спорттық  шеберлікті  қалыптастыруды  танып-
білуді  қажет  етеді.  Спорт  əрқашан  да  спортшы  бойында 
парасаттылықты тəрбиелеп, дамытып отырады. 
Ағартушылық  қызметі  тұрғындар  мен  спортшылар  үгіт-
насихат, басқа да шаралар өткізіп отыру жолымен іске асады. 
Болжамды-эвристикалық қызметі спортты адамның жан-
жақты  дамуы  мен  рухани  дамуын  зерттеу  жолы  ретінде 
қосымша мүмкіндіктері ашылады. 
Спортты  парасаттандыру  қызметі  ғылыми-техникалық 
жəне  спорттың  даму  жолдарымен  анықталады.  Қазіргі  заманғы 
спорттық  машықтану  жүйесі  жəне  оны  басқару  ғылым  асуы 
мүмкін емес.  
Адамгершілік  қызметі.  Бұл  ең  негізгі  қызмет  ең  алдымен 
адамгершілік 
туралы 
ілімнің 
жалпы 
категорияларымен 
байланысты. 
Спорттық 
сауықтырушылық 
бағытының 
адамгершілік  сипаты  бар,  бірақ  онымен  бірге  біз  спортты  ең 
алдымен адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастар 
орнату  құралы  ретінде  қарастырамыз.  Бұл  жерде  төмендегідей 
қосымша қызметтерді бөліп қарастыруға болады: идеологиялық, 
саяси,  əлеуметтендіру,  адамгершілік-тəрбиелік,  пайдалы  жəне 
интернационалды-интегративті.  
Идеологиялық  қызметі  спортта  өзі  өмір  сүріп  отырған 
қоғамдық көзқарас байқалып отыратындығымен анықталады.  
Спорттың 
саяси 
қызметі 
интернационализмнің, 
бейбітшілік, жалпы даму жəне халықтар арасындағы достықтың 
маңызды факторы болып есептелетіндігінен көрінеді. 
Əлеуметтендіру  қызметі  тағы  да  сол  адамды  жан-жақты 
дамыту  жəне  жалпы  тəрбие  мəселелерін  əлеуметтендіруге 
байланысты. 


 
65 
Адамгершілік-тəрбиелік  қызметі  спорттың  адам  жəне 
мəдениетінің жоғарғы тиімді құралы екендігінен көрінеді. 
Пайдалылық  (сəнділік)  қызметі  спорт  мен  спорттық 
жетістіктер сипатының өсуіне көмектеседі. 
Интернационалды-интегративті 
қызметі 
спорт 
саласындағы халықаралық байланыстың жоғарғы дəрежеде өсіп, 
жүйелілік  пен  тұрақтылық,  бейбіт  қатар  өмір  сүрудің  ең 
маңызды  формаларының  бірі  болып  қалыптасқандығынан  жəне 
халықаралық  қысымның  төмендігінен  байқалды.  Ал  бұл 
олимпиадалық  қозғалыста  өте  айқын  көрінеді.  Спорттағы 
интеграция  əр  халықтың  ерекшеліктерін  ескеріп  отыр  атын 
бірқатар  елдердің  спорт  дамуын  бір  мақсат  етіп  қойып 
отырғандығы. Спорт интеграциялау нəтижесінде көпшілік жəне 
қосымша  спортты  дамытуда,  жетістіктерді  көтеруде,  ғылымда 
жəне т.б. салаларда бірігіп шешер міндеттер пайда болды. 
 Спорттың  функционалдық  қасиеттеріне  келесілер 
жатады: 
а) 
Жеке 
тұлға 
мен 
қоғамның 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен 
сипатталатын 
спорттың 
өсіп 
келе 
жатырған  маңызы.  Бəрімізге  мəлім,  спорт  білім,  тəрбие 
салаларында,  əлеуметті-сауықтыру  шаралардың  кешендерінде, 
мəдениетті  жəне  халықаралық  қарым-қатынастар  əртүрлі 
өрістерінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  жерде  мынандай  жағдайды 
түсіну  керек.  Спорттың  жеке  тұлға  мен  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастарға əсер етуі тек онын жекеменшік қызметтері 
ретінде  есептеуге  болмайды.  Қорытынды  нəтиже  жарыстық 
əрекетінің өзінің шекарасынан тыс шығатын əлеуметтік қарым-
қатынастар жүйесіне спорттың бірыңғай əсер етуіне байланысты 
жүзеге  асырлады.  Сондықтан,  бұл  жерде  спорттың  жеке  жəне 
арнайы 
қызметтері 
жөнінде 
емес 
айту 
керек, 
оның 
функционалдық байланыстары (қасиеттері) туралы. 
Осыған 
байланысты, 
спортты 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруына  жəне  дамуына  бағытталған  факторы  ретінде 
қарастыру қажет.  
б)  Халықтың  дене  тəрбиесінде  спорттың  өсіп  келе 
жатырған рөлі. 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау