1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет19/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41

4. Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс 

күнінің  (жұмыс  ауысымының)  басталуы  арасындағы  жұмыскердің  демалыс  ұзақтығының 

сақталуы міндетті болып табылады. 

5.  Жұмыс  уақытының  жиынтық  есебі  кезінде  жұмыс  істеу  тәртібі,  жұмыс  уақытының 

жиынтық  есебі  белгіленетін  жұмыскерлердің  санаттары  ұжымдық  шартта  немесе  жұмыс 

берушінің актісінде айқындалады. 

6.  Жұмыс  уақытының  жиынтық  есебі  қолданылатын  жұмысқа  он  сегіз  жасқа  толмаған 

жұмыскерлерді тартуға жол берілмейді. 

7.  Егер  жұмыс  күнінің  (жұмыс  ауысымының)  ұзақтығы  сегіз  сағаттан  асатын  болса,  жүкті 

әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. 

8. Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол 

берілмейді. 

Егер  екінші  және  үшінші  топтардағы  мүгедек  жұмыскерлерге  сараптамалық  кәсіптік-

патологиялық  комиссияның  қорытындысы  негізінде  жұмыс  уақытының  жиынтық  есебі 

белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді. 

76-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс 

1. Сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. 

2. Түнгі уақыттағы жұмысқа:  

он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;  

жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді. 

3.  Мүгедек  жұмыскерлерді  түнгі  уақытта  жұмысқа  тартуға,  оларға  мұндай  жұмысқа 

медициналық  қорытындыға  сәйкес  денсаулық  жағдайына  байланысты  тыйым  салынбаған 

жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 

4. Жұмыс беруші: 

1)  жеті  жасқа  дейінгі  балалары  бар  әйелдерді  және  жеті  жасқа  дейінгі  балаларды  анасыз 

тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды; 

2)  он  алты  жасқа  дейінгі  мүгедек  балаларды  тәрбиелеп  отырған  жұмыскерлерді  жазбаша 

келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес. 

77-бап. Үстеме жұмыс 

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,  үстеме жұмыстарға тартуға 

жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 

2. Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда: 

1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік 

аварияны  болдырмау  не  олардың  зардаптарын  дереу  жою  үшін  қажетті  жұмыстарды  жүргізу 

кезінде; 

2)  сумен  жабдықтаудың,  газбен  жабдықтаудың,  жылумен  жабдықтаудың,  энергиямен 

жабдықтаудың  және  тіршілікті  қамтамасыз  етудің  басқа  да  жүйелерінің  қалыпты  жұмыс  істеуін 

бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін; 

3)  егер  жұмыста  үзіліс  жасауға  болмаса,  ауыстыратын  жұмыскер  келмей  қалғанда,  басқа 

жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін; 

4)  денсаулықтан  айырылу  немесе  өлім  қаупі  төнген  азаматтарға  шұғыл  және  кезек 

күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі. 

3. Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер: 

1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер; 

2) он сегіз жасқа толмағандар;  

3) мүгедектер жіберілмейді. 



78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны 

1. Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде  - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, 

еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. 

2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма 

сағаттан аспауға тиіс. 

3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу осы Кодекстің 



77-бабы 2-тармағының 1)

 және 


4) тармақшаларында

 көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды. 



79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі 

1. Жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге 

міндетті. 



2.  Жұмыскер  жұмыс  істеген  және  жұмыс  істемеген  уақыт  есепке  алынуға  тиіс.  Бұл  ретте 

үстеме  жұмыстар  уақыты,  түнгі  уақыттағы,  демалыс,  мереке  күндеріндегі  жұмыстар,  іссапар 

күндері бөлек есепке алынады. 

3.  Жұмыс  уақытын  есепке  алуды  жүргізудің  нысаны  мен  тәртібі  жұмыс  берушінің  актісінде 

айқындалады. 

4.  Жұмыскердің  жұмыс  уақытына  жұмыстарды  жұмыс  орнынан  тыс  жерлерде  орындаған  не 

олардың  орындалуын  жұмыс  беруші  нақты  уақытпен  тіркей  алмайтын  кезеңдер  қосылатын 

жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген 

жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді. 

7-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ 

80-бап. Тынығу уақытының түрлері 

Тынығу уақытының түрлері: 

1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер: 

- тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс;  

- ауысымішілік және арнайы үзілістер; 

2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 

3) демалыс күндері (вахтааралық тынығу); 

4) мереке күндері; 

5) демалыстар болып табылады. 

81-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс 

1.  Жұмыскерге  күнделікті  жұмыс  (жұмыс  ауысымы)  ішінде  тынығуға  және  тамақтануға 

арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. 

2. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі 

қағидаларында, еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. 

3. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс 

жағдайлары  бойынша  үзіліс  беру  мүмкін  болмайтын  жұмыстарда  жұмыс  беруші  жұмыскерді 

жұмыс  уақытында  арнайы  жабдықталған  орында  тынығу  және  тамақтану  мүмкіндігімен 

қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі 

мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. 



82-бап. Ауысымішілік және арнайы үзілістер 

1.  Жұмыстың  жекелеген  түрлерінде  жұмыскерлерге  өндіріс  пен  еңбек  технологиясына  және 

оларды ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. 

Бұл  жұмыс  түрлері,  мұндай  үзілістердің  ұзақтығы  мен  оларды  берудің  тәртібі  ұжымдық  шартта 

немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады. 

2. Жылдың суық немесе ыстық  мезгілінде ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда 

жұмыс  істейтін,  сондай-ақ  тиеу-түсіру  жұмыстарында  істейтін  жұмыскерлерге  жылыну  не 

салқындау  және  тынығу  үшін  жұмыс  уақытына  қосылатын  арнайы  үзілістер  беріледі.  Жұмыс 

беруші  жұмыскерлердің  жылынуына,  салқындауына  және  тынығуына  арналған  үй-жайлардың 

жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

3.  Бір  жарым  жасқа  дейінгі  балалары  бар  әйелдерге,  бір  жарым  жасқа  дейінгі  балаларды 

анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру 

үшін жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай: 

1) бір баласы барларға - әрбір үзіліс кемінде отыз минут; 

2)  екі  немесе  одан  көп  баласы  барларға  -  әрбір  үзіліс  кемінде  бір  сағат  болатын  қосымша 

үзілістер беріледі. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жұмыскердің өтініші бойынша баланы (балаларды) 

тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не 

жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында беріледі. 

5.  Баланы  (балаларды)  тамақтандыруға  арналған  үзілістер  жұмыс  уақытына  қосылады. 

Үзілістер  уақытында  әйелдердің,  әкелердің,  бала  асырап  алушылардың  орташа  жалақысы 

сақталады. 



83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы 

Жұмыскердің  жұмыстың  аяқталуы  мен  оның  келесі  күні  басталуы  (жұмыс  ауысымы) 

арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды. 

84-бап. Демалыс күндері 

1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. 




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау