108
Оқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие
алуына, мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы
аса зор. Дебат - нәтижеге бағытталған технология.
«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни
тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс –
дидактикалық
ізденістің
маңызды
саласы.
Дебат
бағдарламасы
тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму
технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы
проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны
теріске шығаруды көздейді. Пікірсайыстың тақырыбына қарай қажетті
ақпараттарды тауып, мақал-мәтел, айшықты сөздер, әдемі сөз оралымдарын
орынды пайдалана білу оқушы шеберлігін арттырады.
Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы
мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
-мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы;
-студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ
Парламенттік Дебаты;
- Линкольн және Дуглас пікір сайысы. [3.1]
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды
ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге
баулиды;
Өз бетімен жұмыс жасауына
жағдай жасау, еркіндік беру
Баспасөзбен байланысты
нығайту, түрлі тапсырмалар
беру
109
- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге
үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып,
шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті
кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың
ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды
зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың
жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
1.
Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау;
2.
Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу;
3.
Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру;
4.
Кейс жазу;
5.
Кейсті әсірелеу.
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер
ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында.
Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан
шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы
ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен
зиянның салдарын көрсету керек. [4.3]
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының
логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.
Жақтаушы Даттаушы
1-спикер (6минут) 1-спикер (6минут)
Тобын таныстыру. Тобын таныстыру
Өз кейісін ұсыну. Қарсы пікір білдіру
Д-2 сұрақ қою. Өз жобасын ұсыну
Ж-2 сұрақ қою
2-спикер (5минут) 2-спикер (5минут)
110
Д-1 ойына қарсы пікір білдіру. Ж-2-тойтарыс
беру
Ж-1 ойын жалғастыру. Ж-2 ойын жоққа
Өзінің позициясын жақтап шығу. шығару. Даттау жасау.
3-спикер (5минут) 3-спикер (5минут)
Өз тобының жетістігіне, даттау Барлық ойыншыларды
тобының қателігіне сараптама- салыстыра отырып
анализ жасау. 4-спикерге өзіндік талдау. Ойынның қы-
баға беру. Ойынның негізгі зықты сәтін атап өту.
сәттерін атап өту. сараптама-анализ
Д-1 сұрақ қою. Ж-1 сұрақ қою
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ
сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі
ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы
топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Дебат технологиясын игерген оқушының сөйлеген сәтте қазақ тілінің
шұрайын барынша пайдалануға тырысатыны, аудиториямен жұмыс жасау
қабілеті шыңдалатыны сөзсіз.
Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық
қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол.
Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі.
Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей,
кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың
шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға
құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы
шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі
сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани
құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға
Достарыңызбен бөлісу: |