М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет24/52
Дата27.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27386
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52

 
47 
 Есепті кезең ішінде танылған табыс пен шығынның барлық баптары, егер бухгалтерлік есепке алудың 
стандартты  өзгеше  қарастыруды  көздемейтін  болса,  есепті  кезеңнің  таза  табысы  мен  залалын  айқындау 
кезінде енгізіледі. 
 Есепті  кезеңдегі  таза  табыс  немесе  залал  əрқайсысы  қаржы-шаруашылық  қызметтің  нəтижелері 
туралы ессепте ашып көрсетілуге тиіс мынадай бөлімдерге сүйене отырып айқындалады: 
 əдеттегі қызметтен алынған қызметтен алынған табыс немесе келген залал; 
 төтенше жағдалардан алынған табыс немесе келген залал. 
Төтенше  жағдайлардан  алынған  табыс  немесе  келген  залал  қаржы  шаруашылық  қызметінің 
нəтижелері туралы есепте бөлек көрсетілуге тиіс. Əрбір төтенше жағдайдың мəнісі мен сомасын түсніктеме 
жазбахатта ашып көрсету қажет.  
Егер  əдеттегі  қызметтен  алынған  табыс  пен  келген  залал  баптары  белгілі  бір  көлемге  жетсе  жəне 
операциялардың  маңызды  мəніне  ие  болса,  заңды  тұлғаның  есепті  кезеңдегі  қызмет  нəтижлерін  түсіндіру 
үшін олардың ашылымы қажет болса, онда мұндай баптардың мəнісін де, соммасында ашып көрсету қажет.  
 Тоқтатылған  операциялардың  нəтижелері  əдеттегі  қызметтен  алынған  табысты  немесе  келегн 
залалды  айқындау  кезінде  енгізіледі,  операциялар  ұйымның  əдеттегі  қызметінен  өзгеше  оқиғалардың 
салдарынан  тоқтатылған  жəне  бұл  оқиғалар  қайталанады  деп  күтілмейтін  жағдайлар  бұған  қосылмайды. 
Мұндай  жағдайда  тоқтатылған  операциялардан  алынған  табыс  немесе  келген  залал  төтенше  жағдайлардан 
болған табыс немесе залал ретінде қарастырылады.  
 Əрбір тоқтатылған операциялар бойынша:  
а) тоқтатылған операциялар мəнісі;  
б)  қаржы  есептемесін  əзірлеу  мақсатында  құрамына  операция  енгізілетін  салалық  құрылымдар  мен 
жағрапиялық аудандар;     
в) Есепке алу мақсатында операцияның нақты тоқтатылу уақыты; 
г) Тоқтатылу тəсілі ( сату, тарату жəне т.б.); 
д) Тоқтатылған операциядан алынған табыс немесе келген залал жəне табысты немесе залалды өлшеу 
үшін қолданылатын есеп жүргізу саясаты; 
е)  Өткізілген  өнімнен  (  жұмыстардан,  қызметтерден)  алынған  табыс,  есепті  кезеңде  құрылымдық 
бөлімшенің  əдеттегі  қызметінен  алынған  табыс  немесе  келген  залал  осының  алдындағы  əрбір  есепті 
кезеңдегі тиісті сомалармен бірге ашып көрсетілуі қажет.  
Есептік бағалаулардағы өзгерістер. 
 Есептік бағалаулардағы өзгеріс нəтижесі: 
а) егер өзгеріс тек осы кезеңге əсер етсе, есепті кезеңде; 
 немесе 
б) өзгеріс болған есепті кезеңде жəне егер өзгеріс оларға да əсер ететін болса келесі есепті кезеңдерде 
алынған таза табысты немесе келген залалды айындау кезінде есепке қосылады. 
 
 Əр түрлі кезеңдегі қаржы есептерін салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында, бұдан бұрын бағалау 
үшін  қаржы-  шаруашылық  қызметінің  нəтижелері  туралы  есептің  қандай  баптары  пайдаланылса,  есептік 
бағалаулардағы өзгерістер сол баптарға енгізіледі.  
 
 Есепті  кезеңнің  немесе  келесі  есепті  кезеңдердің  нəтижелеріне  елеулі  түрде  ықпал  ететін  есептік 
бағалаулардағы  өзгерістердің  мəнісі  мен  көлемі  ашылып  көрсетілуі  тиіс.  Егер  өзгеріс  нəтижесін  құн 
жағынан анықтау мүмкін болмаса, бұл туралы ашып көрсету қажет.  
    
Операциялық, сатудан тыс жəне тағыда басқа қызметтерден алынатын табыстар мен шығындардың 
есебі. 
   Шаруашылық  қызметтің  нəтижесіне  қосылатын  операциялық  жəне  басқа  да  қызметтерден  алынатын  
табыстар  мен  шығындар  негізгі  қызметтің  қаржылық  нəтижесінен  ерекшеленіпесептелуі  керек.  Есепті 
кезең  ішінде  олардың  бөлек  немесе  арнайы  статьялары  (түрлері)  көрсетіледі.  Қаржылық  есептің 
халықаралық  стандарты  кəсіпорынның  қаржылық  жағдайын  бағалау  үшін  маңызды  болып  табылатын 
көрсетілген  шығындар  мен  табыстарды  қоспағандағы,  операциялық  жəне  басқа  да  (табыстар,  оларға 
қатысты сəйкесті шығындарды шегермегендігі мен көрсетілуі  мүмкін) жолымен көрсетуді қарастырады.  
  Операциялық  жəне  басқа  да  қызметтер  табыстары  мен  шығындары  белгілі  бір  шаруашылық 
операцияларын жүргізуде пайда болады.  
  Басқалай табыстарға мына  төмендегілерден  түсетін түсімдер жатады:  
-  уақытша қолдануға төлем үшін активтерді беру; 
-  интелектуалдық  меншік,  өнеркəсібтік  үшін  жəне  басқа  да  қызметтер  патенттерінен  пайда  болатын 
құқықты төлеу үшін беру; 
-  негізгі құралдарды жəне басқа да активтерді сатудан;  
9.2. - сұрақ  
 
Есепті  кезеңнің  жиынтық  табысын  немесе  зиянын  есепке  алу  үшін  5610  «жиынтық  табыс  (зиян)» 
шотын  пайдаланады.  Егер  де  кəсіпорын  табысты  болса,  онда  шот  пассивті,  ал  кəсіпорынның  келтірген 
пайдасынан гөрі залалы көп  болса, онда шот активті болуы мүмкін. 
Жыл ішіндегі əр түрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 60-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» 
бөлімшесінің    6010  шотында,  62-ші  «Негзігі  емес  қызметтен  түскен  табыс»  бөлімшесінің  6211-6252 


 
48 
шоттарында,  70-ші  «Сатылған  тауарлардың  (жұмыстардың,  қызметтердің)  өзіндік  құны»  бөлімшесінің 
шоттарында,  оған  7010  шот  кіреді,  сондай-ақ  7110, 7210,    7411,    7470,  7710, 7511,   7620,7630  шоттарында 
жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.  
Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонеденциясы жасалады: 
Жыл  аяғында  70-бөлімшенің  7010,  7110,  7210,  7411,  7470-ші  шоттарының  кредитінен  есетелінген 
шығыстар 5610 -ші «Жиынтық табыс (зяин)» шотының дебетіне көшіріледі. 
61-ші  «Сатылған  тауарлардың  қайтарылуы  жəне  сату  кезінде  берілетін  жеңілдік,  сондай-ақ  бағаны 
кеміту»  бөлімшесінің  шоттары  бойынша  табыстар  мен  зияндар  болулары  мүмкін.  Табыс  сомаларын  61- 
бөлімшенің  6020-6030  шоттарының  дебеті  бойынша  жəне  5610  шотының  кредиті  бойынша  көрсетіледі; 
зиянды 61-бөлімшенің 6110-6130 шоттарының кредитінен 5610-шоттың дебетіне көшіріледі.  
5610-ші  «Жиынтық  табыс  (зиян)»  шоты  салыстырушы  операциялық  шоты  болып  табылады:  онда 
табыстар  5610-шоттың  кредиті  жəне  зияндар  (5610-шоттың  дебеті)  салыстырылады.  Табыс  5610-шоттың 
дебеті  бойынша  жəне  561-ші  «есепті  жылдың  бөлінбеген  табысы  (жабылмаған  зиян)»  шотының  кредиті 
бойынша  көрініс  табады.  Шығын  5610-шоттың  кредиті  жəне  5510  5410-ші  «есепті  жылдың  бөлінбеген 
табысы (жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады. 
 
     Сатудан  тыс  табыстар  өзімен  аттас  «Сатудан  тыс  табыстар  жəне  шығындар»    шотында  немесе  
«Басқа  да  табыстар  мен  шығындар»  шотында  сəйкесті  шығындарға  сай  есептелуі  керек.  Субьектінің  есеп 
саясатында олардың есептеудің 2 вариантының бірі қаралуы мүмкін.  Сатудан тыс табыстар тұрақты жəне 
түсімдердің  маңызды  сомасын  алатын  жағдайда,  олар  «Сатудан  тыс  табыстар  жəне  шығындар»  арнайы 
шотында  көрсетілуі  тиіс.  Қарсы  жағдайда  олардың  түсуі  «Басқа  да  шығындар  жəне  табыстар»  шотында 
жазылады.  Осы  2  вариантың  біреуін  таңдау  негізінде  қаржылық  есептіліктің  көрсеткіштерінің  қалыптасу 
критерийі жатыр. Көрсетілген шоттардың кредиті бойынша  түсетін табыстар, ал дебеті  бойынша  төленген 
сомалар,  келтірілген  зияндар  жəне  т.б.  шығындар  жазылады.  Айыппұлдардаң,  пенялардан  жəне  т.б. 
санкциялар  түрлерінен  түсімдер,  зияндарды  толтыру  «Сатудан  тыс  табыстар  жəне  шығындар»  шотының 
кредитіне  жəне  ақшалай  қаражаттар  есебі  мен  дебиторлармен  есеп  айырысу  шоттарымен 
корреспонденциядағы «Басқа да шығындар мен табыстар» шотына саналады.  
  Алынған  айыппұлдар,  пенялар  сонымен  қатар  субьектіге  келтірілген  зиянды  қайтару  мына  шоттардың 
дебитінде  көрсетіледі:  «Əр  түрлі  дебиторлармен  жəне  кредиторлармен  есеп  айырсу»,  субшот 
«Претензиялар  бойынша  есеп  айырысу»,  «Есеп  айырсу  шоты»,  «Сатудан  тыс  табыстар  жəне  шығындар», 
«Басқа да шығындар мен табыстар» шоттарының дебетіне төленген, сонымен қатар басқа жеке жəне заңды 
тұлғалардың  пайдасына  сотпен  алынған,  оларға  келтірілген  зияндарға  төленетін  конпенсацияларға  үшін 
төлемдер, айыппұлдар, пенялар жатады. 
  Төленген  немесе  субьектімен  танылған  айыппұлдар,  пенялар  жəне  келісімшартта  көрсетілген 
жағдайлардың  бұзылуы  үшін  төлемдер  мына  шоттардың  кредитіне  жазылады:  «Жеткізушілермен  жəне 
мердігерлермен  есеп  айырысу»,  «Сатып  алушылармен  жəне  тапсырыс  берушілермен  есеп  айырысу»,  «Əр 
түрлі дебиторлармен жəне кредиторлармен есеп айырысу», «Есеп айырысу шоттары». Басқа да ұйымдарға 
келтірілген  зияндарды  субьектімен  қайтару  (толтыру)  мына  топтардың  кредитінде  көрсетіледі:  «Əртүрлі 
дебиторлар жəне кредиторлармен есеп айырысу» , «Жеткізушілер жəне мердігерлермен есеп айырсу». 
  Сатудан  тыс  табыстар  құрамына  есепті  жылы  табылған  өткен  жылдар  пайдасы  кіреді.  Мұндай  пайдалар 
болып  өткен  жылы  алынған  жəне  пайдаланылған  материалдық  құндылықтар  жəне  қызметтер  үшін  қайта 
есеп  айырысулар  бойынша  жеткізушілерден  түскен  сомалар,  тауар  өнімдері  жəне  қызметтер  бойынша 
қайта есеп айырысулар, сенімсіз дебиторлық бережақ ретінде шығынға ерте шығарылған есеп айырысулар 
бойынша  түсімдер  саналады.  Есепті  жылы  анықталған  өткен  жылдар  пайдасы  мына  шоттардың  дебетіне 
жазылады.  «Жеткізушілер  жəне  мердігерлермен  есеп  айырысу»,  «Материалдар»  ,  «Негізгі  қорлар 
амортизациясы» , «Негізгі құралдар» жəне «Сатудан тыс табыстар мен шығындар» шотының кредитіне.  
   Есепті жылы танылған өткен жылдар зияны (шығыны) сатудан тыс табыстардың азаюына қатысты мына 
шоттар кредитіне жазылады: 
«Жеткізушілермен  жəне  мердігерлермен  есеп  айырысу»,  «Əртүрлі  дебиторлар  жəне  кредиторлармен  есеп 
айырсу»,  «Негізгі  құралдар  амортизациясы»,  «Материалдық  емес  активтер  амортизациясы», 
«Материалдар». 
    Сатудан  тыс  табыстар  жəне  шығындар  валюта  курсының  өзгеруімен  байланысты  анықталады.  Шетел 
валютасы бірлігінің бағасы теңгеге шаққанда өссе, онда ұлттық валюта арзандайды жəне керісінше шетел 
валютасы  бірлігінің  бағасы  теңгеге  шаққанда  құласа,  онда  ұлттық  валюта  қымбаттайды.  Сом  арзандайды 
басқа валютаға қарағанда ол төмендей бастағанда (курстың түсуі) жəне қымбаттайды, оның бағасы шетел 
валютасына  қарағанда  өссе  (курстың  көтерілуі).  Осыдан  теңге  курсының  өсуі  шетел  валютасына  қатысы 
бойынша,  валюта  бірлігіне  теңгелік  экыиыаленті  азайғанда,    баланстың  пассивтік  статьяларын  қайта 
есептеудегі  оң  валюталық  айырмашылықты  жəне  пайда  алуға  əкелетін  активтік    статьяларды  қайта 
есептеудегі теріс валюталық айырмашылықтың туындауына əкеледі. Оң валюталық курстық айырмашылық 
пассивті  көбейтпей-ақ  баланс  автивіндегі  теңгелік  эквивалентті  көбейтеді  немесе  пассивтің  азаюы 
жағдайында актив азаймайды.  
  Курстық табыстар келесі проводкалармен көрсетіледі: 
-  «Касса» , «Сатып алушылар жəне тапсырыс берушілермен есеп айырсу» шотының дебеті; 


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау