1
«Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15
сәуірдегі № 188 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
туралы ереженің 16-трамағының 16) тармақшасын орындау үшін, сондай-ақ
наркологиялық кӛмек кӛрсетудің сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық
кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық
кӛмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Тӛлеғалиева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі
департаменті (Д.Е.Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген
тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз
етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын ӛзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ӛткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
С. Қайырбекова
2
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 188 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық кӛмек кӛрсетуді
ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16)
тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы наркологиялық кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыру стандарты
наркологиялық кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыруға талаптарды, наркологиялық
кӛмекті ұйымдастыру кезеңдерінің (алғашқы-профилактикалық наркологиялық
кӛмек, алғашқы наркологиялық кӛмек, амбулаториялық емдеу және оңалту,
стационарлық емдеу және оңалту, рецидивке қарсы және қолдау терапиясы)
қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді.
3. Наркологиялық тӛсектермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық)
бекітілген Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ереженің
талаптарына сәйкес кӛзделеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып
табылатын ұйымдарды қоспағанда наркологиялық ұйымдардың штаттары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі
№ 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 238
бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
5. Осы Стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
АИТВ - адамның иммун тапшылығының вирусы;
ЕДШ - емдік дене шынықтыру;
АХЖ-10 - Аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық
статистикалық жіктемесі (оныншы қайта қаралуы);
МӘО - медициналық-әлеуметтік оңалту;
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйым;
ҰӘБ - ұйымдастыру-әдістемелік бӛлім;
ПБЗ - психикалық белсенді зат;
3
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
ЖИТС - жүре біткен иммундық тапшылық синдромы;
СӚС ҚО - салауатты ӛмір салтын қалыптастыру орталығы.
6. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) наркологиялық кӛмек - ПБЗ тәуелділік және асыра пайдалануды
профилактикалауға, зерттеп-қарауға, диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға, қауіпті
тӛмендетуге және ПБЗ тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-
құлық бұзылыстары бар адамдардың ӛмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-
шаралар жүйесі;
2) наркологиялық кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыру - наркологиялық бейіндегі
кӛрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, кӛрсету түрлері мен кӛлемдерін
ұлғайтуға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі;
3) наркологиялық кӛмектің сапасы - кӛрсетілетін медициналық кӛмектің осы
стандарттарға сәйкестігінің деңгейі;
4) психикалық белсенді заттарға тәуелділік - ПБЗ тұрақты қабылдауға күшті
қажеттілігімен және белгілі бір психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну
кезінде адам құндылықтары мен мақсаттары жүйесіне басым болатын
физиологиялық және психологиялық кӛріністердің ерекше үйлесімділігімен
сипаталатын жағдай;
5) тәуелдес болу - наркологиялық аурудың үдеуі мен рецидивтелуіне себепші
болатын ПБЗ тәуелді адамның жақындарына және отбасына қатынастарының
патологиялық жүйесі;
6) тәуелдес адамдар - наркологиялық аурудың үдеуі мен рецидивтелуіне
себепші болатын ПБЗ тәуелді адамның туыстары мен жақындары;
7) бастапқы-профилактикалық наркологиялық кӛмек - халықтың әртүрлі
нысаналы топтарында шамадан тыс пайдалануға және ПБЗ тәуелділікке
тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған наркологиялық ауруды бастапқы
профилактикалаудың іс-шаралар жүйесі;
8) бастапқы наркологиялық кӛмек - инъекциялық есірткіні тұтынушылардың
арасында АИТВ/ЖИТС таралуының тиімді профилактикасы, сондай-ақ
есірткілерді тұтынушылардың медициналық-әлеуметтік оңалтудың толыққанды
бағдарламаларынан ӛтулеріне кезең-кезеңдік уәждемелер мақсатында іске
асырылатын аурудың үш реттік профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
9) ПБЗ тәуелді адамдарды рецедивке қарсы және қолдаушы терапия -
наркологиялық медициналық ұйымдарда амбулаториялық және стационарлық
емдеу курсын аяқтаған ПБЗ тәуелді тұлғалардың қайтадан шамадан тыс
пайдаланбауын профилактикалауға бағытталған медициналық-әлеуметтік іс-
шаралар жүйесі;
10) халықтың нысаналы топтары - осы топқа әсер ету нәтижелерін зерттеу,
әсер ету және айқындау әдістерінің ӛзіндік ерекшелігі бар белгілер бойынша
айқындалатын халықтың топтары;
11) уытсыздандыру технологиялары - ПБЗ жіті және созылмалы улану
симптомдарын жою мақсатында емдік әсерлердің ғылыми-негіздемеленген
тәсілдері;