79
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
МЕн АнЫҚ ТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Сарапшыларды табуға арналған көмекші:
www.ibiblio.org/slanews/internet/exprtss/html
Қоғамдық саясатқа қатысты мәселелерге сілтеме беруші
бейтарап сайт:
www.policy.com
Пойнтер институты дерек көздерінің құндылығына қатысты
қажетті материалдарды ұсынады:
www.poynter.org/content_view.asp?id=4634
Жоғары сапалы журналистика жобасының веб-сайтындағы
(www.journalism.org) іздеуге арналған қосымша құралды
пайдалана отырып, дерек көздерін келтіруге қатысты
көптеген мәліметтер табуға болады.
80
Кейде адамға
білгенін айтқызудың
өзі өте қиын шаруа
болуы мүмкін
5-тарау
С
ұхбат
алудың
техниКасы
с
іздің
мақалаңызға
қатысты
қандай
да
бір
мәлімет
бере
ала
-
тын
адамды
тап басып табудың мақсатқа жетуге пайдасы
зор. Ал сұхбат беруші шабуыл құрбаны, тұтқындауға тікелей
қатысқан офицер немесе ұйымның жұмысын бақылайтын
белгілі бір лауазым иесі болуы мүмкін. Алайда, кейде адамға
білгенін айтқызудың өзі қиын шаруа болуы мүмкін.
Адамның білгенін нәрсесін өзгелерге айтпауының то-
лып жатқан себептері болуы мүмкін. Атап айтқанда, зар-
дап шегуші ауыр соққыдан әлі де арылмаған болуы мүмкін;
Полиция қызметкерінің уақыты жоқ болуы мүмкін неме-
се білгенін айтуға да шамасы келместей шаршап тұруы да
ғажап емес; Жергілікті тұрғын баспасөзге сенбеуі мүмкін,
бәлкім бұрын басына таяқ тиген шығар немесе ресми сұхбат
беруден қысылуы да мүмкін; Куәгерлер әдетте келешегінен
қауіптенеді, басқаша айтсақ білгенін айту арқылы өз өміріне
қауіп төндіріп, қызметінен айырылып қалудан қорқуы мүмкін;
Сондай-ақ, көптеген дерек көздері барынша ашыла алмауы
мүмкін, себебі олар үшін жасырып қалатын жайттар да бо-
луы мүмкін.
Ең бастысы, өзіңіздің журналист ретінде қоғамда айтарлықтай
рөлге ие екеніңізге нық сенімді болуыңыз керек. Өйткені, сіз
көтеріп жатқан мәселелердің қоғамдық маңызы бар және
сіз ол жөнінде қандай да бір ақпарат алуға құқылысыз. Ал
ол үшін жауапкершілік кез келген демократиялық қоғамның
82
Сұхбатты жанға
жайлы әңгімеден
бастаған дұрыс, қиын
сұрақтарға көшпес бұрын
ақырын-ақырын сұхбат
берушінің сеніміне
кіру керек
Сұрақтарыңыз дайын болғаннан кейін оларды белгілі бір
тәртіппен орналастырыңыз. Оқиғаның хронологиясымен жү-
ру ең қарапайым және көп жағдайда ең жақсы тәсіл болып
есептеледі. Көптеген жағдайларда, әсіресе қысқа мақалалар
жазу кезінде мақалаңызды толықтыратын сұрақтар мен
жауаптардың үлгісін біліп отыру керек. Сұхбатты дайындау
барысында материалдың сіз ойлағаннан мүлдем бөлек бо-
лып шыққанына көзіңіз жетсе, бастапқы ойлағаныңыздай ету
үшін күшпен өзгертуге тырыспаңыз.
Егер әңгімелесуші адамыңызға ауыр сұрақ қоюыңыз ке-
рек болса, оның да өз тәртібі бар. Сұхбатты жанға жай-
лы әңгімеден бастаған дұрыс, қиын сұрақтарға көшпес
бұрын ақырын-ақырын сұхбат берушінің сеніміне кіру ке-
рек. Егер қарама-қайшылық туралы сұрақ қою керек болса,
әңгімелесушінің қарама-қайшы сұрақты өз аузымен бір рет
қайталауына жағдай туғызыңыз, содан кейін ғана түсініктеме
беруді сұраңыз. Егер бірден мақсат-мүдделеріңіздің
үйлеспейтінін байқатып алсаңыз, сұхбат беруші де жауап бе-
руден бас тартуы мүмкін.
Сіздің қолыңыздағы ақпараттардың құжаттық негізі болуы
керек, әсіресе сыни сұрақтар қойған кезде. Негізделмеген,
жалаң дәйектерді қолдану жұмыс стилінің нашарлығын
көрсетеді. Сондай-ақ мұндай тәсіл құнды мәліметтерді анық-
тауға кедергі келтіреді немесе лйықты кәдеге жарайтын жа-
уап алуыңызға кедергі жасайды. Мұндайда сұхбат беруші
сұрақтарыңыздан оңай құтылып, сұхбатты тез арада аяқтай
салуы мүмкін.
5-тарау: Сұхбат
алудың техникасы