660
-жаңа сөздерді меңгертеміз;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап,
әрі байытып отырамыз;
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып
отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны
ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы
нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала
табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін
еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде
қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де
озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген
құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғаса береді.
Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері
мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға
бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер
етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар
алады, дүние сырын ашады.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың
тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін,
қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз,
шығармашылықсыз
толық
мәндегі
ақыл
-
ой
тәрбиесі
болмайды»,
дейді.
Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі.
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың
көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық
дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және
достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге
көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте
қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің
үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін
қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке
құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау,
қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді,
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн
бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір
өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды
қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу
машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі
адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени
шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді
бейнелей алады.
661
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің
қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік
қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық
жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек,
ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда
баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын
рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл
табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде
ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап
етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің
басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз
құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Тәжірибемде балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі
етіп өткізуіне болатынын айта кеткім келеді.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі.
Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы»,
«Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын
ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір
сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде
сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді.
Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш
сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен
қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,
«Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру
өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта
отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау
сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік
болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде ұсақ моторика
арқылы тілдерін дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы
баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып
массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды
жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен
қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау,
т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін
арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің
маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ
қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға
әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты
да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту
ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды
игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін,