Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет87/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100

270
8.  Кəмелетке  толмаған  баланы  ерекше  режимде  ұстайтын 
бiлiм  беру  ұйымдарына  жiберу  туралы  мəселенi  қарау  кезiнде 
прокурордың қатысуы мiндеттi. 
9.  Кəмелетке  толмаған  баланы  ерекше  режимде  ұстайтын 
бiлiм беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды 
жинауды iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi. 
10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген 
кəмелетке  толмағандарды  ерекше  режимде  ұстайтын  бiлiм 
беру  ұйымдарына  жiберу  тəртiбi  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде айқындалады. 
Осы  баптың 2-тармағының 2) тармақшасында  көрсетiлген 
кəмелетке 
толмағандарды 
жiберу 
тəртiбi 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
iс 
жүргiзу 
кодексiнде 
айқындалады. 
11.  Ерекше  режимде  ұстайтын  бiлiм  беру  ұйымдарының 
əкiмшiлiгi: 
1) ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымының аумағын 
күзетудi,  тəрбиеленушiлердiң  жеке  қауiпсiздiгiн  жəне  олардың 
терiс  əсерден  барынша  қорғалуын,  ерекше  режимде  ұстайтын 
бiлiм  беру  ұйымының  аумағына  бөгде  адамдардың  еркiн 
кiруiн  жəне  одан  тəрбиеленушiлердiң  өз  еркiмен  кетiп  қалуын 
шектеудi,  кəмелетке  толмағандарды  тəулiк  бойы,  оның  iшiнде 
ұйқыға  бөлiнген  уақытта  байқау  мен  бақылауды,  кəмелетке 
толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-
жайларын тексерiп қарауды қамтитын кəмелетке толмағандарды 
ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етедi; 
2) ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымының орналасқан 
жерi  бойынша  жəне  кəмелетке  толмағандардың  тұрғылықты 
жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп 
қалу  фактiлерi  туралы  хабарлайды  жəне  оларды  iздестiру  мен 
қайтаруға тiкелей қатысады; 
3) кəмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын бiлiм 
беру ұйымынан онда болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан 
кешiктiрмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кəмелетке 
толмаған балаға мiнездеменi жəне онымен жеке профилактика-
лық жұмысты одан əрi жүргiзудiң, оның жұмысқа орналасуына 
жəне тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi 
туралы  ұсынысты  кəмелетке  толмаған  баланың  тұрғылықты 
жерi  бойынша  кəмелетке  толмағандардың  iсi  жəне  олардың 


271
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға жiбередi. 
12. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына өздерiн 
көрсетiлген  ұйымдарда  ұстауға  жəне  оқытуға  кедергi  болатын 
аурулары бар кəмелетке толмағандарды орналастыруға болмай-
ды.  Мұндай  аурулардың  тiзбесiн  Қазақстан  Республикасының 
Үкiметi бекiтедi.      
13.  Ерекше  режимде  ұстайтын  бiлiм  беру  ұйымдарын  құру, 
олардың қызметiн ұйымдастыру тəртiбi жəне оларда кəмелетке 
толмағандарды  ұстаудың  шарттары  Қазақстан  Республикасы-
ның бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен 
осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады. 
14. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымын құру, қайта 
ұйымдастыру жəне тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы 
органдар қабылдайды. 
Ескерту. 14-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15-бап. Денсаулық сақтау органдары 
Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде: 
1) кəмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының неме-
се  заңды  өкiлдерiнiң  арасында  санитарлық-гигиеналық  бiлiмдi 
таратуды, сондай-ақ салауатты өмiр салтын насихаттауды; 
2)  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  маскүнемдiк, 
нашақорлық  пен  уытқұмарлық  жəне  осыған  байланысты 
олардың  мiнез-құлқындағы  ауытқушылықтардың  профилакти-
касы жөнiндегi iс-шараларды əзiрлеп, iске асыруды; 
3) ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз 
қалған  үш  жасқа  дейiнгi  адасқан,  тастанды  жəне  басқа  да 
балалардың тəулiк бойы қабылдануын жəне бағып-күтiлуiн; 
4) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы жүйесiнiң мемлекеттiк органдары мен мекемелерiне, 
сондай-ақ  кəмелетке  толмағандардың  ата-аналарына  немесе 
заңды өкiлдерiне консультациялық көмек көрсетудi; 
5)  алкогольдiк,  есiрткiлiк  жəне  уытқұмарлық  мас  болу 
күйiндегi  кəмелетке  толмағандарды  тəулiк  бойы  қабылдауды 
жəне оларға медициналық көмек көрсетудi; 
6)  мiнез-құлқында  ауытқушылықтары  бар  кəмелетке 
толмағандарға  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес 


272
мамандандырылған  диагностикалық  жəне  емдеу-қалпына 
келтiру көмегiн көрсетудi; 
7)  белгiленген  тəртiппен  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымдарына 
жəне  ерекше  режимде  ұстайтын  бiлiм  беру  ұйымдарына 
жiберiлетiн  кəмелетке  толмағандардың  денсаулық  жағдайы  ту-
ралы қорытындылар əзiрлеудi; 
8) алкогольдiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық 
жəне  адамның  психикасына  жəне  дене  мүшесiнiң  функцияла-
ры мен мiнез-құлқына терiс əсерiн тигiзетiн өзге де күштi əсер 
ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдаланатын кəмелетке 
толмағандарды  анықтауды,  есепке  алуды,  тексеруден  өткiзудi 
жəне медициналық əлеуметтiк оңалтуды; 
9)  жыныстық  жолмен  берiлетiн  аурулардың  көздерiн  анық-
тауды, осындай аурулармен ауыратын кəмелетке толмағандарды 
тексеруден өткiзудi жəне емдеудi; 
10) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссияларға  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы 
нашақорлықтың, 
уытқұмарлықтың 
жəне 
маскүнемдiктiң  таралуы,  сондай-ақ  осы  бапта  аталған  функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  денсаулық  сақтау  мекемелерiнiң 
орналасқан  жерi,  олардың  қызметтерiнiң  мүмкiндiктерi  мен 
нəтижелерi туралы хабарлауды ұйымдастырады. 
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV 
Заңымен. 
16-бап. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк 
саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттiк орган 
Халықты  жұмыспен  қамту  саласында  мемлекеттiк  саясат-
ты  iске  асыруды  үйлестiретiн  мемлекеттiк  орган  Қазақстан 
Республикасының  еңбек  заңнамасына  сəйкес  кəмелетке 
толмағандардың  еңбек  шарттарының  сақталуын  бақылауды 
жүзеге асырады. 
Ескерту. 16-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253 
Заңымен. 
17-бап. Əдiлет органдары 
1.  Əдiлет  министрлiгiнiң  қылмыстық-атқару  инспекция-
лары  қоғамнан  оқшаулауға  байланысты  емес  жазаларға  жəне 
өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған 
кəмелетке  толмағандардың  өмiр  салты  мен  мiнез-құлқын 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау