Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет82/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100

255
4-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасы  саласындағы  мемлекеттiк  органдардың 
негiзгi мiндеттерi 
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы 
саласындағы мемлекеттiк органдардың негiзгi мiндеттерi: 
1) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың жəне қоғамға 
жат  iс-əрекеттердiң  алдын  алып,  олардың  жасалуына  ықпал 
ететiн себептер мен жағдайларды анықтау жəне жою; 
2)  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; 
3)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандарды  əлеуметтiк оңалту; 
4) кəмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-
құлқын қалыптастыру; 
5)  кəмелетке  толмағандарды  құқық  бұзушылықтар  немесе 
қоғамға жат iс-əрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жо-
лын кесу; 
6) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың алдын 
алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру болып та-
былады. 
Ескерту. 4-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV 
Заңымен. 
5-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу 
Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз 
жəне 
панасыз 
қалудың 
профилактикасы 
саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының 
Үкiметi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi 
жəне атқарушы органдар жүзеге асырады. 


256
6-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалу 
профилактикасының жүйесi 
1. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз 
жəне 
панасыз 
қалу 
профилактикасының жүйесiне iшкi iстер, бiлiм беру, денсаулық 
сақтау, əдiлет органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы 
мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн мемлекеттiк 
орган,  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдар,  кəмелетке 
толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi 
комиссиялар жəне өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк ор-
гандар кiредi. 
2. Iшкi iстер,  бiлiм  беру,  денсаулық  сақтау,  əдiлет  орган-
дарында  жəне  жергiлiктi  атқарушы  органдарда  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен кəмелетке 
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз 
жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы  жөнiндегi  жекелеген 
функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн. 
3.  Өзге  ұйымдар  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтар,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалу  жағдайының 
профилактикасына  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгiленген тəртiппен қатысады. 
2-тарау. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң 
функциялары жəне өкiлеттiктерi 
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi 
Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
1) мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары мен оны жүзеге 
асыру жөнiндегi шараларды əзiрлейдi; 
2)  кəмелетке  толмағандардың  əлеуметтiк  қорғалу  жүйесiн 
айқындайды; 
3)  кəмелетке  толмағандардың  құқықтарын,  бостандықтары 
мен  заңды  мүдделерiн  сақтау  жəне  қорғау,  бала  құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  мiндеттердi  жүзеге  асыратын  ұйымдардың 
желiсiн  дамыту  жөнiндегi  шараларды  əзiрлейдi  жəне  iске  асы-
рады; 
4) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құрады; 


257
5) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы, оларды əлеуметтiк оңалту жөнiндегi бағдарламаларды 
бекiтедi. 
8-бап.  Жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы  органдардың 
құзыретi 
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар өз құзыретi шегiнде: 
1) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  про-
филактикасына  арналған  жергiлiктi  бюджеттердiң  шығыс 
бөлiгiнiң  атқарылуын,  экономикалық  жəне  əлеуметтiк  өңiрлiк 
даму  бағдарламаларын  бекiтедi  жəне  олардың  iске  асырылуын 
бақылайды; 
2) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөнiндегi комиссиялардың құрамын бекiтедi; 
3)  Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiне  сəйкес 
кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 
қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
2.  Жергiлiктi  атқарушы  органдар  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  па-
насыз  қалудың  профилактикасы  саласындағы  өз  жұмысын 
жергiлiктi  мемлекеттiк  басқару  деңгейлерiне  сəйкес  жəне 
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыре-
тi шегiнде ұйымдастырады. 
3.  Облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астана-
ның) жергiлiктi атқарушы органдары: 
1) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссиялардың  дербес  құрамын  бекiту 
үшiн  тиiстi  мəслихаттарға  ұсынады  жəне  олардың  жұмысын 
ұйымдастырады; 
2)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандардың  жəне  жайсыз  отбасылардың  өңiрлiк  есебiн 
жүргiзедi; 
3)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандарды  Қазақстан  Республикасының  заңдарында 
белгiленген  тəртiппен  жұмысқа  орналастыру  жəне  тұрмыстық 
жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды 
қолданады; 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау