Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет21/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100

66
қабылдануын ұйымдастыру;
- отбасынан өз бетімен кетіп қалған балаларды тұрғылықты 
мекен-жайына тасымалдауын ұйымдастыру;
- кəмелетке толмағандар мен оларды алып жүруші кісілердің 
мекеме ішінде қажетті жағдаймен қамтамасыз ету.
2. Орталықтың ресурстары.
1. Материалдық-техникалық база. 
Орталықтың жалпы аумағы 623,3 м
2
 құрайды. 
Орталықтың  меншігінде  спорт  алаңы, 2 машинаға  арналған 
гараж, 2 газель  автомашинасы, 2 автомобиль, 10 компьютер, 
азық-түлік  сақтау  қоймасы  жəне  материалдық  құндылықтарды 
сақтау қоймасы бар.
Орталық ғимаратында мынадай бөлмелер бар:
- ұйықтайтын бөлмелер;
- медициналық блок;
- оқу бөлмесі;
- компьютер сыныбы; 
- кітапхана;
- психологиялық жеңілдеу бөлмесі; 
- дене шынықтыру залы; 
- ойын залы;
- тынығу бөлмесі. 
Балаларды оқыту жұмыстарын Қазақстан Республикасы Білім 
жəне  ғылым  министрлігі  бекіткен  Павлодар  қаласы  № 23 орта 
мектебінің педагогтары жүргізеді.
Оқулық  саны  мен  кітапханадағы  əдеби-көркем  кітаптар 
балалардың жасына лайықты түрде таңдалған.
Медициналық блок лицензияланған. Изолятор да бар. 
Орталықтағы бала тиісті медициналық тексеруден өтіп, озық 
білімді мамандардың бақылауында болады. 
Жазғы күндері жасөспірімдер ғимаратта болады.
2. Кадрлық ресурстар.
Орталықта 29 қызметкер  жұмыс  істейді.  Олардың  екеуі 
басқару  жұмыстарын  атқарса, 3 адам – тəрбиеші, 3 адам – 
мейірбике, 1 адам – психолог, 1 адам – əлеуметтік  педагог, 12 
адам – техникалық  қызметкерлер  ретінде  жұмыс  атқаруда. 
Қызметкерлер  штат  кестесі  мен  мамандардың  біліктілігіне  сай 
келеді.


67
Қызметкерлер  кəмелетке  толмағандардың  өмір  сүруін 
қамтамасыз етіп, оларға қажетті жағдай жасайды. Жасөспірімдер 
мен  балалардың  өз  үйіндегідей  сезінуі  үшін  əлеуметтік  оңалту 
жəне бейімдеу жұмыстарын жүргізеді.
Орталықтың білім беру қызметінің бағыты
1.  Профилактикалық жұмыс. 

кəмелетке  толмағандарды  жағымсыз  қылықтардан 
мейлінше  аулақ  болуға  (темекі  шегуден,  ішімдік  ішуден, 
нашақорлыққа  əуес  болудан)  шақырып,  салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру;

психотроптық заттарға тəуелділіктің қалыптасуы қауіпін 
ерте  білу  жəне  психологиялық  денсаулықтың  даму  деңгейін 
анықтау жүйесіне компьютерлік диагностика жасау;

коррекциалық жұмыс;

ақпараттық-ағарту жұмыстары.
Орталықтағы  профилактикалық  жұмыстар  кешенді  түрде 
жүргізіліп  отырады.  Оған  тəрбиешілер,  психологтар,  медицина 
мамандары, əлеуметтік педагогтар, құқық қорғау органдарының 
қызметкерлері,  денсаулық  сақтау  органдары,  үкіметтік  емес 
ұйымдар, мəдениет жəне өзге де орталық өкілдері қатысады.
Кəмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс іс-
шаралардың  бірінші  кезеңі  болып  есептеледі.  Мұның  мақсаты 
баланың  белсенді  түрде  өзін-өзі  тануы  мен  өзіне  сенімділігін 
қалыптастыру.
Екінші  кезең – модификациялық  бағыттағы  жұмысқа 
негізделген топтық тапсырмалар. 
Бұл  шаралардың  негізгі  бағыты  жасөспірімдердің  мотива-
циясын арттыру, балалардың өз ісі үшін жауапкершілік сезімін 
арттыру, өз мақсаттарына жетулері үшін өмірлік мақсаттар мен 
стратегиялық жоспарлар белгілеу қабілетін қалыптастыру.
2.  Бейəлеуметтік  мінез-құлықтың  профилактикасы 
бойынша  жасөспірімдермен  тренингтік  дəрістер  өткізудің 
психологиялық бағдарламасы
Бұл бағыт жасөспірімдерді қоршаған орта, өзге адамдар жəне 
өзінің  жеке  өміріне  қауіп  төндіретіндей  жағдайда  жетелейтін 
мінез-құлық ауытқуларымен күресу жолында аса маңызды əдіс 


68
болып  естептеледі.  Дəрістің  алдына  қойған  негізгі  мақсаты – 
жасөспірімдердің  қазіргі  аумалы-төкпелі  заманда  кез-келген 
қиыншылық  жағдайында  тиімді  қимылдар  жасай  білулері 
мен  коммуникациялық  тұрғыдан  қажетті  шараларға  баруы-
на  тəрбиелеу.  Сондай-ақ,  бұл  дəріс  балалардың  сезімге  беріліп 
əрекетке бармауы мен өзін-өзі ұстай білуі үшін пайдалы болмақ.
Жасөспірімдермен жұмыс істеудің осынау кезеңдерінің аста-
рында мынадай маңызды жəйттер бар: 

түрлі мəселелерді талқыға салу;

пікірталастар өткізу.
Əрбір  дəрісте  құқықтық  мəселені  қамтитын  сұрақтар  мен 
мəселелер қарастырылады.
Тренинг  дəрістерінде  қолданылатын  əдіснамалық  құралдар-
дың ағартушылық мəні зор, сондай-ақ балалардың өзін-өзі тану-
ына оң əсер етіп, өзі жасаған іске сын көзбен қарау мүмкіндігін 
қалыптастырады.
Уақытылы жасалған профилактикалық, кешенді емдеу-
коррекциялық,  психологиялық-педагогикалық  жұмыс-
тар  Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталығында 
тəрбиеленуші 
жасөспірімдердің 
бейəлеуметтік 
мінез-
құлқының алдын алуға негіз болады. Орталық мүдделі  орган-
дар мен ұйымдармен бірлесіп қызмет ету жөнінде келісімшарттар 
жасайды.
Күтілетін нəтижелер:
• 
жасөспірімдер 
мен 
олардың 
отбасылары-
мен  профилактикалық  жəне  оңалту  жұмыстары  жүйесін 
қалыптастыру;
• 
баланың 
психологиялық-педагогикалық 
қорғалуын 
қамтамасыз ету;
• 
кəмелетке  толмағандардың  психофизикалық  жəне 
психоэмоциялық ахуалын тұрақтандыруға күш салу;
• 
жасөспірімдердің  өз  ісіне  жауапкершілік  сезімін  артты-
рып, алдына жарқын мақсаттар қоюына жағдай жасау;
• 
тəрбиеленушілердің жақсы өмір сүруіне жағдай жасау – 
өз отбасыларына қайтуы, қамқоршылыққа алынуы, мемлекеттік 
балалар мекемелеріне орналастырылуы.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау