күнінің басталғанын сипаттайды. Үстелдің сәні ретінде самбуси (самса), сабси (көкөніс)
және өсіп тұрған жас бидайдың сабағы қойылады.
4-мәтін
Ирандықтар Наурыз мейрамын 13 күн тойлайды. Дәстүр бойынша ирандық
әйелдер, мейрам қарсаңында “осы уақытқа дейін болған барлық жамандық атауы кетсін
әрі өздері үшін денсаулық пен әсемдікті қалау” ниетімен оттан секіретін болған. Ерлер
болса, қызыл түсті киім киіп беттерін қара күйе немесе қара бояумен бояп қала көшелерін
серуендейді.
Наурыз – басқа мемлекеттер сияқты Иран елінің де маңызды мерекелерінің бірі
болып саналады. Мерекелік дастархан “хафт-син”, яғни “с” әрпінен басталатын 7 түрлі
тағаммен әрленеді. Олардың арасында міндетті түрде болуы тиіс: монета (секке), сірке су
(серке), сарымсақ (сир), дәмдеуіштер және мерекелік тағамдар бар. Үстелде міндетті түрде
айна мен жанып тұрған балауыз қойылады. Ал, тазаланған зығыр дәні немесе бидай –
денсаулық пен жаңарудың символы іспеттес дастархан көркін келтіретін болған.
http://adebiportal.kz/kz/news/view/3010
4-тапсырма. Мәтіндердің ұқсастығы
мен айырмашылығын тауып, салыстыр.
Мерекеде дайындалатын ас
Мерекелік астың құрамы
Наурыз мерекесімен байланысты наным-сенімдер
Халық мерекені қалай қарсы алады?
5-тапсырма. Қай елдің Наурызды тойлауы біздің елдің мерекені тойлауына жақын?
Неліктен? Үш дәлел келтір.
Қай елдің мерекені тойлауы біздің елдікінен мүлдем өзгеше? Төмендегі формулаға
сүйеніп, пікір білдір.
Менің ойымша...
Мен оны былай түсіндіремін...
Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...
Бағалау критерийі
Дескриптор
Бірнеше мәтіндерді оқып,
көтерілген мәселені
салыстырады;
мәтіндегі ойға баға береді.
1. Мәтіндерден ұқсастығы
мен айырмашылығын
тауып (мерекелік ас, мерекелік астың құрамы,
наным-сенімдер, халықтың мерекені тойлауы)
салыстырады.
2. Ұқсастығын тауып,3 дәлел келтіреді.
3. Айырмашылықтарын ұсынылған сөйлемдерді
қолданып айтады.
Мәтіннен кейінгі кезең
6-тапсырма. Өзіңді журналист ретінде елестетіп көр. Мәтіндердегі елдердің
біреуін таңдап, сол елдегі Наурыз тойының тойлануы туралы репортаж жаз.
10.3 Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: «Наурызда орындалатын салт-дәстүрлер»
Оқу мақсаттары
8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап,
тақырыпқа
байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
жолдарын ұсыну
8.5.2.1 - жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас
құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Сабақ мақсаттары
Құрылымын сақтап,
мәселенің шешу жолдарын ұсынып,
эссе жазады;
себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді анықтап,
құрай алады; жазылымда орынды қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Құрмет, адамгершілік
Бастапқы білім
Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?
Тірек сөздер
Ұмыт қалған дәстүрлер, қайта жандандыру
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулар
1-тапсырма. Шеңбер бойымен талқыла.
Ішкі және сыртқы шеңбер құрап, бір-біріңе қарама-қарсы тұр.
Сағат тілі бойынша қозғалып, сұрақтарды талқыла.
Наурыз мерекесін отбасыңмен қалай өткізесің?
Наурызда қандай салт-дәстүрлер орындалады?
Мерекеде адамдар бір-біріне қандай тілектер айтады?
Отбасыңда мерекеге орай қандай тағамдар дайындалады?
О
Ж
Наурыз мерекесінің басты тағамы қандай? Неліктен?
2-тапсырма. Сөйлемді жалғастыр. Сөйлемдердің жасалуына назар аудар.
Наурыз мерекесі наурыз айының жиырма екінші жұлдызында тойланады, себебі ...
Наурызды
қазақ халқы ерекше тойлаған, өйткені...
Мұрат атасынан Наурыз мерекесінің тарихы туралы көбірек білді, сондықтан...
Биылғы Наурызда күн ерекше шуақты болды, сол себепті...
3-тапсырма. Анықтаманы оқып, танысып шық. Осы анықтамаға сүйеніп, сөйлемдердің
жасалуын түсіндіріп көр.
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
– құрамындағы жай сөйлемдердің бірі
екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі.
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер
бір-бірімен жалғаулық
шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз,
іргелес
тұрып та байланысады.
Мысалы: Мұраттың балалық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұтас болады,
сондықтан да ол тез есейді (Т.Ахтанов)
Қарт онымды байқамады білем, - бәйек бола берді. (С.Мұқанов)
Мәтінмен жұмыс кезеңі
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді
тауып, астын сызып оқы.
Ұлыстың ұлы күні қарсыңында елімізге танымал тарихшы-этнограф Жамбыл
Артықбаевтан мейрамның мән-маңызы туралы әңгімелескен едік.
- Наурызда жасалуы тиіс, бірақ ұмыт қалып отырған салт-жоралғылар, ойын
түрлері бар ма?
- Наурызға қатысты мейрамдар мен дәстүрлердің көпшілігі әлі орындалмай келеді,
өйткені бүгінде көпшілігі ұмыт болған. Бұл – этнографтардың және қоғамның кінәсі.
Наурыздан бір апта бұрын басталатын Көрісу бар. Көрісудің өзі шап беріп қол алысып,
құшақтасу ғана емес. Ертедегі жұрт бір-бірімен «Қыстан аман шықтың ба, мал-жан аман
ба, шаруашылығың жақсы ма» деген сарында өлеңдетіп көріскен.
Қазір телевизиялық айтыстың түр-түрі ұйымдастырылып жатыр. Ерте уақытта ақындар
төрт түлікпен де айтысқан. Жылға таласу айтыстары да бар. «Қыс пен жаздың айтысы»,
«өлі мен тірінің айтысы», «қыз бен жігіттің айтысы» - Наурыздың түбегейлі
философиясы, дүниетанымы осы. Осыларды қолдану керек және қайта жандандыру керек,
себебі бұл біздің мәдениетіміз. Тағы бір айта кетерлігі, Наурыз тойларда баланы бесікке
бөлеу, тұсауын кесу үрдістері белең алып келеді. Бұл – отбасылық дәстүр, әр отбасының
жағдайына қарай айналысатын дүниесі. Сәті келсе, Наурызда жасайды, сәті келмесе
жасамайды. Ерте уақытта Наурызда жағдайы жететін байлар үлкен өгіз бен жылқы
сойған. Бәйбішелер қарын-қарын женттерін, сары майын, қазақтың қадірлі тамағының
бәрін қоюға тырысқан, неге десеңіз Наурыз молшылық пен берекенің ізгі мерекесі. Ірі
қара союға шамасы жетпегендер де қазан көтеріп «Менің де дастарханымнан жұрт дәм
татсын» деп жеті түрлі дәннен көже пісірген.
http://www.reaktor.inform.kz/kz/zhambyl-artykbaev-nauryz-salt-dasturdi-tugendeu-emes-
tiriltu_a3192837
О