Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет358/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   363

730 

 

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП 



МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 

 

 

Омашева Толганай Мұсақызы  

Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, магистрант 

Далдабаева Аманкул Бейсенбекқызы 

№41 жалпы білім беретін орта мектеп психологы 

 

 



Қазақстан  Республикасының  әлемдік  өркениетке  енуіне  қатысты  білім  беру  саласына 

қойылып отырған заман талабы — шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті 

тұлға қалыптастыру. 

Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана 

емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық 

құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы тұрғыда 

қазіргі  кезде  ел  болашағы  азаматтарының  қызметтік  және  мәдени  сауаттылық,  яғни 

құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. 

Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 

12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар: 

- Ізденуші; 

- Зерттеуші; 

- Басқарушы; 

- Ұйымдастырушы; 

- Кеңесші; 

- Үйлестіруші дербес тұлға. 

Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзіреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады. 

Тәуелсіз  еліміз  іргелі,  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  ілігеміз  деп  ұмтылып 

жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, 

интеллектуалдық,  шығармашылық  қабілетті  мол  тұлға  болумен  қатар  ол  оқытудың  жаңа 

технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның 

ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс [1]. 

12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген әр сабағын 

жаңаша өткізуге оқушының пікірін бақылап олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал 

жасайды. 

Қай  кезде  де,  қандай  да  болмасын  өзгерістер  мен  жаңалықтарды  іске  асыруда  өмірге 

қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік бастауыш мектепке жүктеледі. 

Абылай  ханның  сөзімен  айтсақ:  «Білекке  сенген  заманда  бабаларымыз  ешкімге  есе 

бермегенде» бүгінгі білімге сенген заманды білімді ұстаз жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз» 

деп ойлаймыз. 

12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық 

тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына 

айналуда. Осыған сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігіне 

қойылатын  талаптар  жаңа  сипатқа  ие  болуда.  Білім  беру  жүйесінің қайта  құрылу  үрдісінде 

жағымды сипаттамалар мен кедергілер де бақылануда. 

12  жылдық  білімге  көшу  қазіргі  мұғалімнен  объективті  жаңа  нәтижемен  сипатталатын 

ойлау  қабілетін  қажет  етеді.  Педагогикалық  іс  –  әрекеттің  шығармашылық  бағыттылығы 

мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды: 

1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай 

білуі керек, 

2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс; 



731 

 

3)  Болып  жатқан  интеграциялық  үрдістерден,  әлемдік  білім  кеңістігінің  даму 



тенденцияларынан хабардар болуы тиіс. 

Кез  келген  инновациялық  үрдіс  экспериментті  жүргізу  арқылы  болжанады,  яғни  білім 

мониторингісі  инновациялық  білім  беру  технологияларын  қолдану,  білім  беру  құрылымын 

және  мазмұнын  жетілдіру,  мақсатты  белгілеу,  басқару,  ұйымдастыру  тәрізді  білім  беру 

үрдісіндегі  жетекші  үрдістерді  өзгерту  арқылы  дамытудың  оңтайлы  жолдары  мен  білім 

берудің  жаңа  сапасына  жету  жолдары  (педагогтің  ақпаратты  таба  білуі,  таңдай  білуі  және 

талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады [2]. 

Бүгінгі  күні  қарқынды  даму  үстіндегі  бірқатар  елде  12  жылдық  оқытуды  білім  беру 

жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда. 

12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін 

әр  педагогтың,  ата-ананың  саналы  түрде  түсінуін,  қабылдауы  мен  оған  белсенді  түрде 

араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс. 

12  жылдық  білім  мазмұнының негізгі  мақсаты  қарқынды  дамып  келе  жатқан  өзгермелі 

қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының , сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық 

жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзыретті  және  бәсекеге  қабілетті 

тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын 

ашық  жеткізуіне,  әр  адамға  табиғатынан  берілген  шығармашылығын  толық  іске  асыруына 

ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, саяси өміріне 

белсенді  араласуға  мүмкіндік  беретін  психологиялық-педагогикалық  институт  ретінде 

қалыптасуында болып отыр. 

Оның  жаңа  құрылымына  тоқталатын  болсақ,  12  жылдық  білім  беру  жүйесі  5+5+2 

сатыларынан  тұрады.  Бүгінгі  күні  осы  құрылым  мен  жаңа  мазмұнға  негізделген  жалпыға 

міндетті білім стандарттары әзірленуде. 



1-саты-  бастауыш  мектеп  (1-5  сынып),  білім  алу  6  жастан  басталады,  ұзақтығы  -5жыл. 

Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар. 

Білім  берудің  бастауыш  сатыдағы  оқыту  кезеңін  бес  жылға  ұзарту  мәселесі  баланың 

физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер 

ескеріле  отырып,  осы  бағыттағы  көптеген  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес 

қарастырылады. 



2-саты-(6-10  сынып)  жалпы  орта  білім  беру  дайындығының  негізін  қалап,  оқушының 

қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын 

кеңейтуді,  сондай-ақ  жеке  тұлғалық  сапаларының  қалыптасуын  қамтамасыз  етуді  көздейді. 

Оқытудың  бұл  кезеңі  оқушының  үшінші  сатыдағы  бейіндік  оқыту  түрін  саналы  түрде 

таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді. 

Ал 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі. 

Мұндағы басты мақсат — оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу 

арқылы  жоғары  сынып  оқушыларының  қажеттілігі,  қызығушылығы  мен  қалауына  сәйкес 

тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға 

жағдай жасау [4]. 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  және  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  бейінді 

оқытудың үш бағыты анықталған: жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық 

және технологиялық. 

Аталған бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, 

кез  келген  мектеп  оқушысының  өз  білім  жолын  таңдауына,  жергілікті  мектеп  желісінің 

ерекшеліктеріне  және  кадрлық  құрамына  қарай  білімін  жан-жақты  тереңдетуіне  мүмкіндігі 

бар. 


12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық –баланың тек қана білім алып қана 

қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып 

шығуы [4]. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау