55
Матрицалық принтердің жұмыс жасау принципі бояғыш лента және
басатын ине ұшының көмегімен бедерлемені жасауға негізделген, яғни
нүктелік-матрицалық баспа қолданылады. Инелердің саны көп болған сайын
баспаның сапасы да жоғарылайды.
Матрицалық принтерлердің кемшіліктері: баспаның жоғары үлесті құны,
басу жылдамдығының төмендігі және баспа сапасының төмендігі.
Сия бүріккіш принтердің негізгі элементі басушы ине болып табылады.
Ол көп мөлшердегі шашыратқыштарға ие. Онда бояу бар және бұл сұйықтық
жоғарыдан мықтап тартылып тұрғандықтан төгіліп кетпейді. Ине ұштарына
шашыратқыштан сияның микроскопиялық тамшысын жасайтын арнайы
механизм құрылған.
Сия бүріккіш принтердің сапасы мен жылдамдығы матрицалық принтерге
қарағанда жоғары. Басты құндылығы – түрлі түсті бейне басу.
Кемшіліктері:
- басып шығарылған мәтін тұрақсыз (мысалы, ылғалданған кезде бояуы
ағып кетеді),
- басып шығару жылдамдығы төмен.
Лазерлік принтерлерде бейнені басудың электрографиялық принципі
қолданылады. Сурет шығарушы цилиндрдің көмегімен бейне қағазға басылады.
Габариті аз лазер айналмалы айнадан көрінетін жіңішке жарық сәулесін
басқарады. Бейнені жасау үшін лазер басқарушы микроконтроллер тарапынан
қосылып, сөндіріліп отырады. Айналмалы айна сәулені басып шығару
барабанының жоғарысындағы қатарға қарай бұрады. Оң зарядталған тонердің
бөлшектері оң зарядталған бөліктерден тебіліп, бейтарап бөліктерге
жапсырылады.
Принтердің шығу арнасының алдында 200–220 градусқа дейінгі
қыздырылу жүзеге асырылады. Бұл кезде ұнтақ ериді де, қағаз бетіне тастай
болып батады.
Лазерлік принтердің артықшылықтары:
−басып шығару сапасы мен жылдамдығы жоғары,
−бір бетті шығаруға
кететін шығынның аздығы,
−мәтіннің әр түрлі әсерлерге шыдамдылығы,
−жұмыстың сенімділік деңгейінің жоғарылығы.
Ақпарат бір ақпарат көзінен ақпарат қабылдағышқа олардың арасындағы
байланыс арнасы арқылы хабарлама түрінде беріледі. Ақпарат таратушы
жіберілетін хабарламаны сигналға ауыс тырады. Бұл сигнал байланыс арнасы
арқылы жіберіледі.
Нәтижесінде, қабылдағышта кейіннен декодталып хабарламаға
айналатын сигнал пайда болады. Байланыс арналары арқылы ақпарат беру
жеткізілу барысында ақпарат жоғалтуға дейін алып келетін кедергілерге
ұшырайды.
56
Бақылау сұрақтары:
1.АБЖ деректер бұл не?
2.АБЖ
деректерді тіркеу, жинау және дайындау техникалық құралдары.
3.Деректерді жіберу техникалық құралдары.
4.АБЖ деректерді телеөндеу үшін қолданылатын құрал-жабдықтарына не
жатады?
5.АБЖ ақпаратты шығару техникалық құралдары қандай қызмет
атқарады?.