Сүйінбаева Ж. Қ.
№32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата-аналарға ақыл-кеңес)
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан
мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика
бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол
апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде
қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба,
ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай
болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне
ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман
жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік
жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда
жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті
жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және
түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-
әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен
таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану,
балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен,
жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру
көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда,
көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша
тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Құрметті ата-аналар мен ересектер!
Балалық жол-көлік жарақаттары
ең
ауыр, бірақ олармен балаларды қорқытуға болмайды. Үлкендердің мақсаты
көшедегі тәртіп ережелерін баласына
үйрету және
олар үшін өнеге болу.
Есте сақтаңыз:
Кішкентай жүргіншілер
жақсы мен
жаманды үлкендерден үйренеді. Сондықтан әрқашан және барлық жерде қызу
қозғалыстағы қала көшелерінде, тар ауыл аралық жолда «Жол қозғалыс ережелерін» сақтаңыз.
Б і л г е н і м і з ж ө н !
Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының негізгі себебі-жол қозғалысының қарапайым ережелерін
сақтамау болып табылады. Өз қауіпсіздігің үшін мына ережелерді мықтап есте сақта!
Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.
Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.
4.
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
5.
Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.
6.
Жүріп бара жатқан көлік алдынан кесіп өтпе.
7.
Жолдың көлік жүретін бөлігінде ойнама.
8.
Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен
жүр.
* * * * *
Ақтөбе қаласы
№32 «Қуаныш» МДҰ-ның музыка жетекшісі
Аетова Лидия Тоғанас қызы
«Шатырда тұратын Карлсонның сыйлығы» - мерекелік ертеңгіліктің сценарйі.
Балалар әуенмен әсем безендірілген залға кіреді. Би /көктем/ композициясымен балалар кіреді. /Би билейді/
Би сонында әуенмен қолдарындағы гүлдерді отырғыштың астына қою.
Жүргізуші:
Қар еріді, су ақты,
Күндер туды шуақты,
Байтақ дала келбеті.
Түкті кілем сияқты.
Жүргізуші:
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді,
Бау- бақшада жайнаған,
Құстар әні төгілді.
Армысыздар қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер,
Жарқын мінез аналар.
Тәтелер мен әпкелер,
Құтты болсын мерекең,
Күлкі менен шаттанар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, аналар мерекесімен
құттықтаймыз!
Ән: «Көктем»
62
4 бала ортада қалады.
1. Бала:
Дастан айналаға қарашы, қандай әдемі.
2. Бала:
Ия, дұрыс айтасың, Айзере көктем келді ғой, иісі қандай тамаша!
3. Бала:
Бүгін аналар мерекесі емеспе?
4. Бала: Олай болса тездетіп қызғалдақ терейік, анамызға сыйлайық.
Тақпақтар: 1. Анашым менің анашым,
2. Жаныма жақын жаңасың
3. Жарқырап күндей жанасың,
4. Аялап, мені бағасың.
4-еуі бірге Анашым менің анашым.
Алақай, алақай,-деп қуанады.
Үй күтушісі: Кім, кім бұлай деп жатқан бала? Кім мында шулап жатқан.
Мен үй күтушісі боламын. Мен шуды жақтырмаймын, тазалықты жақсы көремін. Ал сендер қайдан келіп қалдыңдар?
Балалар: Мерекені тойлауға.
Үй күтушісі: Ол қандай мереке?
Балалар: Аналар мерекесі.
Үй күтушісі: Қойыңдар, тоқтатыңдар, шуламай отырыңдар
Мына жерді шашпаңдар, ал мына жерді баспаңдар, шу қылмаңдар, шаң көтермендер, тыныш отырыңдар,
сабақтарынды оқындар, сосын ұйықтаңдар, тұрғасын қайтадан сабақ оқыңдар, мен шәй демдеп келейін.
(кетіп қалады. Балалар жылайды.)
Жүргізуші: Мұңаймаңдар балалар? Үй күтушісі келгенше біз ән салып, анамызды құттықтайық.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
(Карлсон ұшып келеді)
Карлсон: Қала қандай әдемі, көктем келді тамаша. Би билейік балаша ля-ля-ля. (Балаларды көріп қалады.)
Қандай әдемі балалар, сәлеметсіздер ме!
Балалар: Саламатсыз ба досымыз Карлсон!
Карлсон: Неге көңілсізсіңдер!
(тәрбиешілер барлық жағдайды түсіндіріп айтып береді)
Карлсон: Мұнаймаңдар! Бұл істің шешуін табамыз! Үй күтушінің ашуын да басамыз!
Солай емеспе менің достарым!
Балалар: Ия!!
Карлсон: Қане барлығымыз ортаға шығып би билейік. Көңіл көтерейік, көктемге би арнайық.
Би: «Бала-бала-балақай»
Карлсон: Жарайсындар балалар. Өте тамаша би биледіңдер.
Жүргізуші: Рахмет сізге Карлсон досымыз. Біздің көңілімізді көтердіңіз, балалардыңда көңілін көтердіңіз. Ал енді біздің
балалар аналарына арнаған тақпақтарын айтып береді. Ал, сіз төрге шығыңыз.
Тақпақтар: Көктем ана туралы. 1.2.3.4.5.
Карлсон: Балалар менің қатты қарным ашып тұр.Сендер кәмпит жегенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия!!!
Жүргізуші: Карлсон кәмпит жеу үшін, біраз тер төгу керек сияқты.
Карлсон: Сонда не істеу керек?
Жүргізуші: Кәмпиттің соншалығы үлкен оны бері қарай жеткізу керек.
Карлсон: Әрине, жеткіземіз.
Жүргізуші: Олай болса, сіз ортаға екі баланы алып шығыңыз. (ережесін түсіндіру)
Ойын: «Бутафор кәмпиті» (2 мәрте)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Міне достым Карлсон сіздің кәмпитіңіз. Балалар мақтауға тұрарлық күш жігерімен
сізге тартып алып берді.
Карлсон: Рахмет сіздерге балалар!
Мен енді барып қарап келейін.Үй күтушісі қандай шәй демдеп жатыр екен.
(Карлсон жүгіріп кетіп қалады)
Жүргізуші: Ал біздің балалар әжелерін қалай жақсы көреді екен. Бүгінгі мерекеде әжелеріне қандай сыйлық дайындады
екен.
Тақпақтар: Әже туралы. 1.2.3.4.5
Жүргізуші: Рахмет балалар! Сіздерді әжелеріңді қатты жақсы көретіндеріңді әнімізбен жеткіземіз.
Ән: «Менің әжем осындай»
(Осы кезде үй күтушісі келеді.)
Үй күтушісі: Бұл не шу! Жаңа ғана ескерту жасаған едім ғой. Мына жерді шашып тастағансыңдар? Шаң көтеріліп кеткен.
Қап, енді не істесем екен сендермен!
Жүргізуші: Үй күтушісі сіз ренжімеңізші. Қазір біздің ұлдар сізге мына жерді тездетіп жинауға көмектеседі.
Үй күтушісі: Жарайды көрейік енді қалай жинайды екенсіңдер.
Би: «Үй жинау»
(қолдарында щетка, сыпыртқы)
Үй күтушісі: Қайда тексерейін қалай жинағандарыңды? Ал сіздерге ұнады ма ата-аналар?
Жүргізуші: Үй күтушісі сіз келіп төрге шығыңыз бүгін мереке, сіздің мерекеңіз?
( үй күтушісі отырғысы келмей, ойланып тұрады).
(Осы кезде Карлсон келеді, қолында көп шары бар)
Бір-бірден үй күтушісінің қасына келіп жарады. Ол қорқып отырғыштың үстіне шығып кетеді. Не екенін білмей тұрып
қалады.
63
Достарыңызбен бөлісу: |