Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет3/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

viii  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  ix

интститутының  Джеймс  Мартин  атындағы  Таратпау  зерттеулері 

орталығының (ТЗО) Алматыдағы кеңсесінде атқарушы директор болып 

жұмыс істеп, сол орталықтың «Халықаралық экспорттық бақылау шолуы» 

атты жаршысының редакторларының бірі болды. Абен мырза әлі де ТЗО-

ның Жаңа егеменді мемлекеттердегі Таратпау бағдарламасының аймақтық 

өкілі ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол ресейлік Саяси зерттеулер 

орталығы (ПИР орталығы) басып шығаратын «Қауіпсіздік индексі» атты 

журналының аймақтық өкілі ретінде қызмет атқарады және «Ядролық 

қауіпті төмендету жөніндегі бастама» қорының Ядролық материалдардың 

қауіпсіздік индексіне қатысты сарапшылар тобының мүшесі болып табы-

лады. Таратпау мен экспорттық бақылауға қоса, ол зерттейтін салаларға 

Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздіктің әр түрлі мәселелері кіреді. 

Қазіргі уақытта, ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 

Қазақстанның  ядролық  қаруды  таратпау  саясаты  тақырыбындағы 

докторлық диссертациясын тамамдауда.



Тахмина Каримова – адам құқықтарына қатысты заңдар және атыс 

қаруы  мен  жеңіл  қару-жарақтарға  қатысты  қаулылар  саласындағы 

халықаралық  заңгер,  Женевадағы  «Атыс  қаруына  шолу»  ұйымында 

зерттеуші болып қызмет атқарады. Ол «Landmine and Cluster Munition 

Monitor» ұйымында және Халықаралық еңбек ұйымының адамдарды 

саудалау мен балаларды жұмысқа салуға қарсы бағдарламаларында 

қызмет атқарды. Каримова ханым адам құқықтары мен халықаралық 

гуманитарлық заң салаларында зерттеу жүргізіп, мақала жазған. Қазіргі 

уақытта, ол Женевадағы Халықаралық қатынастар мен даму институтында 

әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау бойынша халықаралық 

міндеттер тақырыбында докторлық диссертациясын тамамдауда. Ол 

Эссекс университетінен адам құқықтары саласында заң магистрі дәрежесін 

алған.



x  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  xi

Алғыс сөз

2010


 жылғы сәуір мен 2011 жылғы тамыз айлары аралығында жасалған 

бұл зерттеу Алматы, Астана, Женева және басқа жерлерден көп қолдау 

көрді. Женевадағы Қазақстанның елшісі және тұрақты өкілі Мұхтар 

Тілеуберді мырза және Астанадағы Сыртқы істер министрлігіндегі Азат 

Махмудов  мырза  «Шолу»  жұмысын  жеңілдетуге  және  авторлардың 

көптеген ақпарат сұрауларына берілетін ресми жауаптармен айналысуда 

өте  маңызды  рөл  атқарды.  Қазақстанның  Қорғаныс  министрлігі 

жанындағы Қаруларды азайтуды бақылау және инспекция қызметін 

қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Амангелді Әубәкіров 

артық қарулар мен оқ-дәріні жоюға қатысты ресми ақпаратты беруге көп 

көмектесті. Қорғаныс министрлігінің Әскери стратегиялық зерттеулер 

орталығындағы Георгий Дубовцев мырза мен оның командасы Астана 

қаласында 2011 жылы шілде айында семинар ұйымдастыру мен оны 

жүргізуге көп күш жұмсады. Бұл семинарда үкімет өкілдері баяндаманың 

жоба нұсқасына пайдалы пікірлерін білдірді. 

 Бұл жоба аясында жасалған зерттеулердің көбін Алматыда орналасқан 

Қоғамдық  пікірді  зерттеу  орталығы  (ЦИОМ)  жүргізді  немесе  оған 

логистикалық қолдау көрсетті. Авторлар директор Гүлжан Әлімбековаға, 

деректерді талдау және өңдеу бөлімінің бастығы Айжан Шабденоваға, 

жоба менеджері Жанат Амантайға және ЦИОМ-ның басқа қызметкерлеріне 

сауалнаманы  жүргізу  және  фокус-топ  зерттеулерін  өткізу  кезінде 

көрсеткен біліктілігі мен кәсіпқойлығы үшін көп алғыс білдіреді. Рустам 

Бурнашев, Андрей Чеботарев және Ирина Черных зерттеуге қажетті 

анықтамалық баяндамаларды дайындады; сондай-ақ, Рустам мен Ирина 

және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық 

зерттеулер  институтындағы  Мурат  Лаумулин  баяндаманың  жоба 

нұсқасын тексеріп шықты. Корнелиус Граубнер (Cornelius Graubner) және 

Пол  Холтом  (Paul  Holtom)  жобаның  соңғы  нұсқасын  айтарлықтай 

жақсартуға көмектескен маңызды пікірлер айтты. Еуропадағы қауіпсіздік 

және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталықтың саяси мәселелер 




x  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  xi

бойынша кеңесшісі Эндрю Оффенбахер (Andrew Offenbacher) мырза да 

жобаға өте пайдалы кеңес пен көмек берді.

 «Атыс қаруына шолу» ұйымында авторлар Эрик Берман (Eric Berman) 

мырзаға осы жобаны бастап, оған қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. 

Гленн Макдональд (Glenn McDonald) пен Эмил Лебран (Emile LeBrun) 

баяндаманың жоба нұсқасын қарап шықты. Райан Мюррей (Ryan Murray) 

мен Анна Альвацци дель Фрате (Anna Alvazzi del Frate) сауалнамаға 

айтарлықтай методологиялық қолдау көрсетті, ал Кароль Турен (Carole 

Touraine) мен Бенджамин Пунье (Benjamin Pougnier) әкімшілік қолдау 

көрсетті.  Сондай-ақ,  біз  Джордан  Шепердке  (Jordan  Shepherd) 

баяндамадағы фактілерді мұқият тексергені үшін, Таня Иновлокиге (Tania 

Inowlocki) мәтінге техникалық редактура жасағаны үшін және Алессандра 

Алленге  (Alessandra  Allen)  шығару  процесін  басқарғаны  үшін 

қарыздармыз. Сондай-ақ, қару-жарақ тасымалдары тұралы деректерді 

жинастыру мен талдауға көрсеткен көмегі үшін Ник Маршқа (Nic Marsh) 

алғыс айтамыз. 

 «Атыс қаруына шолу» осы зерттеуге мол қаржылай көмек көрсеткені 

үшін Норвегия Сыртқы істер министрлігіне рақмет айтады. Оған қоса, 

авторлар аноним болып қалуды қалаған Қазақстан үкіметінің әр түрлі 

өкілдері,  сондай-ақ,  дипломатиялық  корпустың,  халықаралық 

ұйымдардың және азаматтық қоғамның мүшелері көрсеткен қолдауды 

атап өткісі келеді. Бұл баяндамада қандай да болсын қате болса, оған тек 

авторлар жауапты.




жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау