Қазақ-1
Қазақ
Сәйкестік жөніндегі декларация
АҚШ федералды байланыс комиссиясы ақпараты
1. Радио және телевизиялық сигналдың қабылдануына бөгет жасамау үшін берілген арнайы кабельдерді осы дисплеймен пайдаланыңыз.
(1) ФБК сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ұсынылған қуат кабелін немесе эквивалентті пайдаланыңыз.
(2) Сапасы жоғары қорғалған бейне сигнал кабелін пайдаланыңыз.
Басқа кабельдер мен адаптерлерді пайдалансаңыз, бұл радио және теледидар қабылдауларына кедергі келтіруі мүмкін.
2. ФБК ережелерінің 15-бөліміне сәйкес, осы жабдық тексеріліп, A класының сандық құрылғысына арналған шектеулерге сай болып табылды. Бұл
шектеулер жабдық коммерциялық ортада жұмыс істегенде зиянды кедергіге қарсы тиісті қорғаумен қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық
радио жиілік қуатын өндіреді, пайдаланады және жарық шығарады, сондай-ақ, нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, радио
байланыстарына зиянды кедергілермен әсер етуі мүмкін. Тұрғын аймақтағы осы жабдықтың жұмысы зиянды кедергі тудыруы мүмкін, мұндай
жағдайда пайдаланушы шығынды өзі өтеуі қажет болады.
Егер қажет болса, пайдаланушы қосымша ұсыныстар алу үшін сатушыға немесе тәжірибелі радио/теледидар техникалық қызмет көрсетушіге
хабарласуы керек. Пайдаланушы федералды байланыстар комиссиясы дайындаған келесі кітапшаны пайдалана алады: «Радио-Tеледидар кедергі
проблемаларын анықтау және шешу жолдары.» Бұл кітапша U.S. Government Printing Offi
ce, Washington, D.C., 20402, Stock No. 004-000-00345-4
мекенжайы бойынша қол жетімді.
Windows – Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
NEC – NEC корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
OmniColor – Еуропалық Одақ пен Швейцарияда NEC Display Solutions Europe GmbH тіркелген сауда белгісі
DisplayPort және DisplayPort Compliance Logo — Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі Бейне
электрониканы стандарттау ассоциациясының сауда белгісі.
Барлық басқа брендтер мен өнім атаулары – олардың сәйкес қожайындарының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
HDMI шарттары мен HDMI High-Defi nition Multimedia Interface және HDMI Logo — Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі
HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
PJLink сауда белгісі - Жапонияда, Америка Құрама Штаттарында және басқа елдер мен аймақтарда қолданылатын сауда белгісі.
CRESTRON және ROOMVIEW - АҚШ-тағы және басқа елдегі Crestron Electronics, Inc. компаниясының тіркелген сауда белгісі.
GPL/LGPL бағдарламалық құралының лицензиялары
Осы өнім GNU жалпыға қолжетімді лицензия (GPL), GNU қолданысы шектеулі жалпыға қолжетімді лицензия (LGPL) ж"не басқа
лицензиялармен лицензияланған бағдарламалық құралды қамтиды.
Әр бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпарат алу үшін берілген CD-ROM дискінің «about GPL&LGPL» қалтасындағы «readme.pdf»
файлын қараңыз.
Қазақ-2
Маңызды ақпарат
ӨРТ ШЫҒУ НЕМЕСЕ ТОК СОҒУ ҚАУПІН БОЛДЫРМАУ ҮШІН БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫҒА СУ НЕМЕСЕ ЫЛҒАЛ ТИГІЗБЕҢІЗ.
СОНЫМЕН ҚАТАР, ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПОЛЯРЛЫҚ АШАСЫН ТОЛЫҚ ЕНГІЗІЛЕТІН ТІСШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА ҰЗАРТҚЫШ
РОЗЕТКАМЕН НЕМЕСЕ БАСҚА ДА РОЗЕТКАМЕН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
ЖОҒАРЫ КЕРНЕУЛІ БӨЛШЕКТЕРІ БАР БОЛҒАНДЫҚТАН, КОРПУСЫН АШПАҢЫЗ.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БІЛІКТІ МАМАНДАР ОРЫНДАУЫ ТИІС.
ЕСКЕРТУ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ТОК СОҒУ ҚАУПІН ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН ҚУАТ КАБЕЛІНІҢ ҚАБЫРҒА РОЗЕТКАСЫНАН АЖЫРАТЫЛҒАНЫН
ТЕКСЕРІҢІЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ҚУАТЫН ТОЛЫҚ ӨШІРУ ҮШІН ҚУАТ КАБЕЛІН АТ РОЗЕТКАСЫНАН
АЖЫРАТЫҢЫЗ. ҚАҚПАҚТЫ (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ЖАҒЫН) ШЫҒАРЫП АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫ БӨЛІКТЕРІН
ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕМЕУІ ҚАЖЕТ. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БІЛІКТІ МАМАНДАР ОРЫНДАУЫ ТИІС.
Бұл символ пайдаланушыны құрылғы ішіндегі изоляцияланбаған кернеудің ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін екендігін
ескертеді. Сондықтан осы құрылғы ішіндегі кез келген бөлікке жанасу қауіпті.
Бұл символ пайдаланушыға осы құрылғы бойынша жұмыс жүргізу және қызмет көрсету жөнінде маңызды әдебиеттер
бар екенін хабарлайды. Сондықтан проблемаларды болдырмау үшін оны мұқият оқып шығу қажет.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
Осы монитормен берілген қуат кабелін төмендегі кестеге сай пайдаланыңыз. Егер қуат кабелі осы жабдықпен бірге
берілмесе, жеткізушіге хабарласыңыз. Барлық басқа жағдайларда қуат көзінің АС кернеуіне сәйкес болатын және өз еліңіздегі қауіпсіздік
стандартымен бекітілген және соған сай болатын қуат көзін пайдаланыңыз.
Аша түрі
Солтүстік Америка
Еуропалық
Континенттік
Құрама Корольдік
Қытай
Жапон
Аша кескіні
Аймақ
АҚШ/Канада
ЕО (Құрама
Корольдіктен басқа)
Құрама Корольдік
Қытай
Жапония
Кернеу
120*
230
230
220
100
* MultiSync мониторын AC 125-240В қуат көрсеткішімен бірге қосқанда, пайдаланылып жатқан АС розетканың қуат көзі кернеуіне сәйкес
болатын байланыс кабелін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнім тек сатылып жатқан елде ғана жұмыс істей алады.
•
Өнімді пайдаланудың бастапқы тағайындалған мақсаты кеңседе немесе үйде Ақпараттық техникалық жабдық ретінде пайдалану болып
табылады.
•
Өнім теледидардан сигналдарды беру үшін емес, компьютерге қосылу үшін тағайындалған.
Ескерту
Бұл А класына жататын өнім. Үйде бұл құрылғы сыртқы радио кедергесін тудыруы мүмкін, осы жағдайда
пайдаланушы тиісті шаралар қолдануы қажет.