Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану


III. МИГРАНТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСҚА



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет5/19
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

12

III. МИГРАНТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫСҚА 

ОРНАЛАСУ МҮМКІНДІГІ (ҚАБЫЛДАУ САЯСАТЫ)

3.1. Халықаралық еңбек көші-қонын құқықтық реттеу шектері

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204-1 «Халықтың көші-

қоны туралы» Заңы еңбек көші-қоны жеке адамдардың басқа мемлекеттерден Қазақстан 

Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асыру 

үшін мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы деп айқындайды. Оның үстіне, жоғарыда 

аталған Заңның 7-бабында азаматтығын ауыстыруына байланысты емес, еңбек көші-қоны 

тәртібімен келген шетелдіктердің, егер халықаралық келісімдерде өзгеше тәртіп көзделмесе, 

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын жері болуға тиіс деп көрсетілген. 

Осылайша, Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын алған 

шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды еңбек мигранттары қатарынан алып 

тастайды (шетелдік азамат үшін – тұру рұқсаты, азаматтығы жоқ тұлға үшін – азаматтығы 

жоқ тұлға куәлігі). Бұған қоса, еңбек көші-қоны туралы ұлттық заңнама мынадай шетелдік 

азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қолданылмайды:

Қазақстан  Республикасы  аумағында  орналасқан  бөлімдерде  әскери  қызметте 



жүргендер;

дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кіретіндер;



оқуда немесе өндірістік тәжірибеде жүргендер; 

тіркелген діни бірлестіктерде кәсіптік қызметті жүзеге асырушылар;



тіркелген шетелдік ақпарат құралдарынің өкілдері болып табылатындар;

Қазақстан  Республикасына  турист  ретінде  және  іскерлік  кездесулер  өткізу  үшін 



қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен келгендер;

теңіз және өзен кемелерінің, әуе, теміржол және автомобиль көлігінің мүшелері болып 



табылатын адамдар. 

Тұтастай алғанда, Қазақстан заңнамасы  Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың 

отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы 1990 жылғы Халықаралық Конвенцияның 

3-бабында  көрсетілген  еңбек  көші-қонын  реттеу  нысанынан  негізгі  алынып  тастау-

ларды  көрсетеді  және  сонымен  салыстырғанда  бірнеше  қосымша  санаттарды  -  әскери 

қызметкерлерді, тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, діни миссионерлер-

ді қамтиды. Сонымен бірге, ұлттық заңнамада еңбек көші-қоны пәнінен «жағалаулардағы 

стационарлық  қондырғыларда  істейтін,  тұруға  және  жал  бойынша  жұмыс  мемлекетінде 

ақылы қызметке қатысуға рұқсат берілмеген еңбекшілерін» шығарып тастайтын ереже жоқ 

(Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау ту-

ралы 1990 жылғы Халықаралық конвенцияның 3-бабының f –тармақшасын қар.). 

Жоғарыда көрсетілген 1990 жылғы Конвенцияда

9

 еңбекші-мигранттар азаматтығы жоқ 



мемлекетте ақылы еңбек қызметімен айналысатын, айналысып жүрген немесе айналысқан 

түлғалар ретінде анықталады. ХЕҰ № 143

10

 Конвенциясына сәйкес «қызметкер-мигрант» 



термині «жалдық емес жұмыстан басқа кез келген жұмысты алу мақсатымен бір елден бір 

елге  көшіп-қонған  және  қызметкер-мигрант  ретінде  елге  заңды  түрде  келген  кез  келген 

тұлғаны» білдіреді. Жоғарыда келтірілген анықтамаларды Қазақстан заңнамасындағы еңбек 

көші-қоны ұғымының анықтамасымен салыстырғанда, халықаралық тәсілдердің тұрақты 

және  уақытша  еңбекші-мигранттарды,  ал  Барлық  еңбекші-мигранттардың  және  олардың 

отбасы  мүшелерінің  құқықтарын  қорғау  туралы  Халықаралық  Конвенция  бизнес-иммиг-

ранттар деп аталатын тұлғаларды да қамтитынын атап өтуге болады. Бұл жерде, ұлттық 

9   2-баптың 1-тармағы. 

     10 11-бап.



13

заңда  «еңбекші-мигрант»  термині  пайдаланылғанымен,  Қазақстан  Республикасының 

Халықтың көші-қоны туралы Заңының қаралып отырған ережесі ХЕҰ 1975 жылғы № 143

11 


Конвенциясындағы «қызметкер-мигрант»

12

 ұғымына жақын.



Екінші жағынан, салыстырмалы түрде жуырда ғана мемлекеттік егемендік

13

 алған және 



Кеңес Одағының ыдырауына байланысты мәселелерді реттестіру қажеттілігіне тап болған 

Қазақстан адамдардың түрлі санаттарының қайтымды көші-қонына жағдай жасау жөніндегі 

шараларды  белсене  іске  асыруда.  Олар  оралмандарды  (Қазақстан  Республикасы  егемен-

дік алған сәтте шет жерлерді тұрақты мекендеген қазақ ұлтының өкілдерін), Қазақстан не-

месе  Қазақ  КСР-і  аумағында  дүниеге  келген  немесе  бұрын  Қазақстан  Республикасының 

азаматтығында  болған  тұлғаларды  қамтиды.  Көп  жағдайларда,  мұндай  қайтымды  көші-

қон ағындарының экономикалық сипатқа ие, соның ішінде әңгіме жұмысқа орналасу не-

гізіндегі көші-қон туралы болып отыр. Бұл әсіресе, көршілес Орталық Азия мемлекеттері-

мен салыстырғанда (әсіресе, Өзбекстан мен Қырғызстан жағдайлары), елдегі экономикалық 

ахуал әжептәуір жақсарған 2000-жылдары анық байқала бастады, бұл осы елдерден елге 

тұрақты мекендеуге келушілер ағынының айтарлықтай көбеюіне әкелді. Қайтымды көші-

қонды мемлекеттік қолдау жөнінде Қазақстан жүзеге асырып жатқан шаралардың кейбі-

реуі  әлемнің  басқа  елдерінде  қолданылатын  көшіп  келуді  жұмысқа  орналастыру  негізін-

де ынталандыру жобаларымен белгілі бір ортақ тұстары бар екенін атап өткен жөн. 1991 

жылғы 20 желтоқсанда қабылданған № 1017-ХІІ «Қазақстан Республикасының азаматтығы 

туралы» Заң белгілі бір кәсіптері мен біліктілігі бойынша белгілі бір талаптарға жауап бе-

ретін  тұлғалар  үшін  Қазақстан  азаматтығын

14

  алуына  жеделдетілген  рәсім  мүмкіндігін 



қарастырады. Мұндай кәсіптер мен талаптардың тізбесі Президенттің 2005 жылғы № 1587 

Жарлығымен белгіленген. Ол өнер саласындағы бірқатар кәсіптерді, сондай-ақ сәулетші, 

биолог, геолог, геофизик, ұшқыш пен штурман, химик, мұғалімдер мен басқа да кәсіптерді 

қамтиды. Алайда, қатаң заң мағынасында Қазақстанда тұрақты мекендеу құқығын алған 

тұлғалар ұлттық заңнамаға сәйкес еңбек мигранттарына жатқызыла алмайды.

3.2. Шетелдік жұмыс күшін квоталау

2001 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысты бағалау оны 

тартуға арналған квота негізінде жүзеге асырылады, оны ел үкіметі жыл сайын белгілейді. 

Квотаны бекіту рәсімі халықты жұмыспен қамту туралы Заң

15

 ережелеріне негізделеді және 



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен егжей-

тегжейлі  реттеледі.  Жыл  сайынғы  квотаның  мөлшері,  жергілікті  атқарушы  органдардың 

ішкі еңбек нарығына талдау жүргізу және жұмыс берушілерден өтінімдер жинау арқылы 

құрастырылатын ұсыныстары негізінде белгіленеді. 2004 жылдан бастап мүдделі орталық 

атқарушы органдарға да (салалық министрліктер мен ведомстволар) Еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаға қатысты 

ұсыныс енгізу құқығы берілген. Квота айқындауға жұмыс берушілер жергілікті атқарушы 

органдарға алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім беру жолымен қатысады

16 

.

Квота  жұмыс  күшінің  жалпы  көлемінен  үлес  негізінде  айқындалады,  атап  айтқанда, 



алдыңғы  жылғы  деректер  бойынша  республиканың  экономикалық  белсенді  халық  саны-

11  Көші – қон саласындағы қиянатшылдық туралы және еңбекші-мигранттарды мүмкіндіктер мен 

өтініш беру теңдігімен қамтамасыз ету туралы Конвенция. 

    12  5-бапты қараңыз. 

   13  1991 жылғы 16 желтоқсан. 

   14  Жалпы тәртіп шетелдік азаматтардың елдің аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты 

тұрғаннан кейін не Қазақстан Республикасының азматтарымен – кемінде 3 жыл бойы некеде 

тұрғандардың  Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қарастырады. 

   15  11-бап. 

   16 Испания тәжірибесі өзгеше: үкімет квотаны әлеуметтік әріптестермен – жұмыс берушілермен және 

кәсіподақтармен, сондай-ақ аймақтық әкімшіліктермен және мекемелермен кеңескеннен кейін  белгілейді.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау