68
2017-2018 оқу жылы басында облыста 532 мектепке дейінгі ұйым қызмет етіп отыр,
оның ішінде: 213 балалар бақшасы жəне 319 мини-орталықтар 2014 жылмен салыстырғанда 29
нысанға көп.
Мектепке дейінгі біліммен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз ету үш
жылда 87 %-дан 87,6%-ға дейін өсті: 2014 жылы - 87%, 2015 жылы - 87%, 2016 жылы – 87,6%.
2017 жылдың 9 айында 88,2% деңгейіне жетті. Мектепке дейінгі біліммен 3 жастан 6 жасқа
дейінгі балаларды қамтамасыз ету үш жылда 97,4%-дан 98,2%-ға дейін өсті: 2014 жылы –
97,4%, 2015 жылы – 97,5%, 2016 жылы – 98%. 2017 жылдың 9 айында 98,2% деңгейіне жетті.
Кесте 34.
Мектепке дейінгі ұйым желісінің даму динамикасы
Жылдар
БММ саны
мини-
орталықтар
саны
БММ
қамтылған
балалар
МО қамтылған
балалар
Жалпы
балаларды
қамту (1-ден
6 жасқа
дейінгі) %
2013 ж.
503
312
50353
13113
87
2014 ж.
503
312
51231
13637
87
2015 ж.
507
312
51591
13861
87
9 ай
2016 ж.
508
311
51768
13474
87
Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 16 мың балаға өсті жəне шамамен
48 мың баланы құрайды (2014 жылы – 32 мың бала). Ең үлкен кезек Қарағанды жəне Теміртау
қалаларында байқалады. Қарағанды қаласында соңғы үш жылда 1-ден 6 жасқа дейінгі
балалардың кезегі 21 204 адамнан 22683 адамға жетті, Теміртау қаласында 3 395-тен 7907
адамға дейін өсті. Жетіспеушілік мəселесін шешу үшін басты назар мемлекеттік-жеке меншік
əріптестік элементтерімен жеке балабақшаларды ашуға аударылады.
Сарапталып отырған кезеңде пайдалануға 3517 орындық 27 жеке мектепке дейінгі ұйым,
соның ішінде 2810 орындық 19 балабақша жəне 707 орындық 8 мини-орталық (2014 жылы –
1205 орындық 9 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде 1050 орындық 6 балабақша жəне 155
орындық 3 мини-орталық; 2015 жылы – 5 деке меншік мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде
320 орындық балабақша, 492 орындық мини-орталық; 2016 жылы – 13 мектепке дейінгі ұйым
1500 орынға, соның ішінде 1440 орындық 12 балабақша. 60 орындық 1 мини-орталық).
2017-2018
жж.оқу жылының басында облыста 29 жеке меншік балабақшалар мен мини-
орталықтар жұмыс жасауда. Оларда 5 282 орында мемлекеттік тапсырыс берілген.
Қазіргі жұмыс жасайтын мини-орталықтар мен балабақшаларды кеңейту арқылы 2304
қосымша орын құрылды (2014 жыл – 275 орын, 2015 – 605 орын, 2016 жылы – 484 орысн,
2017 жылдың 9 айы – 940 орын).
Ауылдық елді мекендерде аз толықтырылған бастауыш мектептерді жою жəне ауылдық
жерлерден халықтың қалаға көшуі есебінен білім беру мектептерінің саны 16 бірлікке азайды
жəне 515 бірлік құрады.
Сурет 17. Жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі мектептер желісінің өзгеру
желісі динамикасы
69
Жалпы білім беру мектептерінің желісінің азаюына қарамастан, оқушылардың
контингенті 11502 балаға көбейді жəне: 2014 жылы – 175051 бала, 2015 жылы – 177 750 бала,
2016 жылы – 182 592 бала құрады. 2017 жылдың 1 қазанында контингент 186 573 құрады.
Білім беру сапасын жақсарту мақсатында облыста мектептерді қазіргі заманғы
компьютерлік техникамен, жаңа модификациядағы пəндік кабинеттермен, интерактивті
құралдармен жəне кеңжолақты Интернетке қолжетімділік қамтамасыз ету бойынша жүйелі
жұмыстар жүргізілуде. Ол 2014 жылы бір оқушыға бір компьютерден келу көлемін 5,5-тен 5
адамға қысқартты, алмастыруды қажет ететін компьютер техникасын 9,2% тен 5% кемітті.
Кеңжолақты Интернетке қосылу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 93%-дан 94%-ға
артты. Жаңа модификациялы кабинеттерді болуы 2014 жылмен салыстырғанда 57,5% -дан
64,6%-ға дейін өсті.
Қарағанды облысы бірқатар инновациялық жобалар бойынша негізгі республикалық
алаң ретінде таңдалған: «Электрондық мектеп», «Робототехника білім беруде», «Үштілдік
жəне инклюзивті білім беру». Облыс мектептерінде инновациялық жобалар белсенді түрде
енгізілуде.
50 пилоттық бiлiм беру ұйымдарын жəне 5 ресурстық орталықтарда аясында
айқындалған, Жол картасын жүзеге асыратын үш тілде білім беруді дамытуда.
Облыста «роботехника білім беру» пилоттық жобасы аясында работотехника
лабораториясы бар мектептер саны 43-тен 200-ге дейін өсті. Робототехниканы білім беруге
қосу бойынша облыс республикада көшбасшылық орында.
«Электронды сынып журналы» жобасын енгізген мектептер саны, 65-тен 230-ға дейін
өсті, ол дəстүрлі сынып журналынан оқушылардың үлгерімін бақылаудың электронды түріне
ауысуға жəне мұғалімдердің еңбек шығынын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тəжірибесін қолданатын мектептер саны 27-ден 50-
ге дейін артты.
60 мектептер мен колледждерде
Synergy ғ
ылыми-білім қорымен бірге «Болашақ
инженерлері» жобасын енгізу басталды.
2016 жылдан бастап «Edu Mark» қосымшасы іске қосылды, ол баланың үлгерімі жəне
сабаққа қатысуы туралы ақпарат алып, ата-аналар қауымдастығын құруға, мəселелерді
мұғалімдермен талқылауға мүмкіндік береді.
Bilimland жобасының аясында облыстың барлық мектептері сандық білім ресурстарына
қосылған, яғни ең жақсы видео-сабақтар, электрондық оқулықтар, үш тілдегі əдістемелік
құралдарға қосылған.
2017-2018 оқу жылының басынан Қарағанды, Балхаш, Жезқазған қалаларында дарынды
балаларға арналған 3 арнайы мектеп-интернат ашылды.
2017 жылдың қаңтарынан бастап Шахтинскіде мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу
кезінде жемқорлыққа жол бермеу мақсатымен «МДҰ электронды кезек» жобасы жүзеге
асырылады. Балаларды кезекке тұрғызу ғана емес, балабақшаға тіркеу үшін рұқсатнаманы алу
да автоматтандырылады. Сонымен қатар, аталған тəжірибені облыстың барлық аймақтарында
жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бірыңғай интерактивті жүйе құру үшін «Инклюзивті балабақша – инклюзивті мектеп –
инклюзивті колледж» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға 115 білім беру ұйымдары енгізілген.
700-ден астам мұғалім инклюзивті практика мəселелері бойынша оқудан өтті.
2016 жылы эксплуатацияға 3 білім беру объектісі берілді: Қарағанды қаласындағы
қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа қосымша 70
орындық құрылыс, Жаңаарқа ауданының Жұмажанова ауылында жалпы білім беру мектебі
150 орынға, Қарағанды қаласында 320 орынға балабақша.
Апатты жағдайдағы мектептер санын азайту үшін мақсатты бағытталған жұмыстар
жүогізілуде. 2014 жылы облыста 4 апаттық мектеп (Курма а., Абай ауданы, Бетбұлақ а.
Ұлытау ауданы, Теміртау қаласындағы №15 ОМ, Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылындағы
ОМ) жұмыс істеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |