34
қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қарағанды облысының экономикасының бəсекеге
қабілеттілігін арттырады.
Əдетте энергетикалық ресурстарды тұтынудың өсу қарқыны ішкі аймақтық өнімнің өсу
динамикасына сəйкес келеді, себебі экономикалық өсім өнім өндірісінің, ресурстарды
тұтынудың өсуіне əкеп соқтырады.
Сонымен энергия сақтау экономиканың, əсіресе, өндіріс саласындағы бəсекеге
қабілеттілікті арттыру мақсатымен қойылған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қарағанды облысында энергоресурстарды сату нарығының тұрақты кеңейтуіліне
байланысты энергия пайдалануға сұраныс үзіліссіз өсуде. Энергетикалық ресурстардың негізгі
тұтынушылары өнеркəсіп секторы, соның ішінде электро жəне жылу энергия өндірісі болып
саналады. Энергетикалық ресурстарды пайдалану көлемінің өсуі аясында энергия жинау
технологияларын енгізу жəне экономиканың барлық, соның ішінде: ТКШ, энергетика,
өнеркəсіп, құрылыс, транспорт жəне т.б. секторларында энергия тиімділігі арттырудың рөлі
жоғарылауда.
Қарағанды облысында энергия тиімділігі саясатын жүргізу үшін 2014 жылдың 27
наурызында Қарағанды облысының 2014-2020 жылдары энергия жинақтау жəне энергия
тиімділігін арттыру Кешенді жоспары № 257 облыс мəслихатының XXIII сессиясының
шешімімен əзірленген жəне бекітілген.
2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиялық жоспарына сəйкес,
2020 жылға жалпы ішкі өнім 2008 жылғы деңгейден 25%-ға энергия сыйымдылығын
төмендету бойынша міндеті қойылған.
2017 жылы энергияны сақтау жəне энергия тиімділігін жоғарылату бойынша іс-
шараларға барлық көздерден 12 млрд.теңге шамасында қаражат бөлу жоспарланып отыр,
соның ішінде, 2 млрд теңге бюджеттік, 6,3 млрд.теңге энергетикалық жəне 3,3 млрд.теңге
өндірістік секторларда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша ресурстарды үнемдеу түріндегі экономикалық
əсер күтілуде, нақтырақ айтсақ:
- 91,2 млн.кВт*сағ электроэнергия;
- 2,2 млн.Гкал жылу энергиясы;
- 66,4 млн м3 су;
- 813,6 мың тонна көмір жəне 16,6 мың тонна мазут;
- 110,8 млн. теңге бюджет қаражаты.
Бұл қаражатқа энергия үнемдейтін шамдарын орнату, көше жарық шамдарын,
автоматтандырылған жылу пунктерін (АЖП), пластикалық шыныланған терезе, шатыр жəне
кіреберістерді күрделі жөндеу бойынша, коммуналдық қызмет есебі приборын жəне реттеу
аппараттарын қондырумен жылумен қамтамасыз ету жүйесін ауыстыру бойынша іс-шаралар
жоспарланған.
Өндіріс пен энергетика нысандарында сыртқы жəне ішкі жарық беруді модернизациялау
жоспарланып отыр, ескірген жылу беру жүйесін алмастыру, ескірген технологиялық
құралдарды жаңа энергия тиімділеріне ауыстыру, сонымен қатар, өндіріс құралғыларының
оптималды жұмыс істеуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Əр энергия беруші ұйымдар ЖШС «Қарағанды Жарық», ЖШС «КРЭК» жəне АҚ
«ЖРЭК» инвестициялық бағдарлама аясында 100% тұтынушыларды құралдандыру жəне
электрэнергиясын автоматтандыру жүйесін құру шаралары жоспарланып отыр (ЭБЕАЖ).
2017 жылдың 9 айының нəтижесі бойынша бюджет секторы нысандарында келесі негізгі
іс-шаралар өткізілді:
- 39 бюджеттік ұйымдар жалпы энергоаудит бойынша қорытынды алды;
- 43 221 дана электр үнемдеу шамдары орнатылған;
- 3147 дана көшені жарықтандыратын электр үнемдегіш шамдар орнатылды;
- 10917,9 м
2
пластикалық шыны əйнектер орнатылды;
35
- 2046 нысанда термомодернизация жүргізілді (термомодернизация – жылытылатын ғимарат
жеке бөлшектерін жөндеу жəне ауыстыру, жүргізілген соң энергия шығыны төмендеуге
мүмкіндік береді);
- 214 дана реттеу апаратын қондырумен жылу жинау жүйесін ауыстыру жүргізілді;
- 65 дана заманауи экономикалық қазандық жəне АЖЖ жылу қазандықтарын ауыстыру
жүргізілді;
- есеп приборлары орнатылған: электр энергиясы – 34 дана; жылу энергиясы – 21 дана; суық
су жинау – 209 дана; жəне 3 дана ыстық су жинау.
- 22 нысанда тамбур жəне кіреберіс құрылғы жүргізілді;
- 88 дана ескірген электр жабдықтарын ауыстыруды жүзеге асырылды.
2.1.1.2.5.
Жергілікті құрамды дамыту
Өндіріс қуатын қосымша жүктеулерін қарауға мүмкіндік беру үшін сатып алуларға
мониторинг жүргізілетін ҚР Үкіметі тізіміне енгізілген 8 жүйелі кəсіпорындар тізімінде
(«АрселорМиттал Теміртау АҚ, «Корпорация Қазақмыс» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ,
«Қарағанды конфеті» АҚ, «Эфес қазақстан» ЖК АҚ, «Central Asia Cement» АҚ,
«Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Карагандарезинотехника» ЖШС) тауарлар, жұмыстар
жəне қызметтердыі қазастандық құрамына мониторинг жүргізу.
3 жылда жүйелік кəсіпорындарда сатып алулар көлемі 1 252,8 млрд. теңге, қазақстандық
құрамдар көлемі - 867,6 млрд. теңге құрады, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2014
жылмен салыстырғанда облыста жүйелі кəсіпорындарда жергілікті сатып алулар үлесі 4,0
пайыздық тармаққа өсті, оның ішінде:
- 2014 жылы жалпы соммасы 434,2 млрд. теңге, сонымен қатар отандық өндіріс 290,0
млрд. теңге немесе 66,8%. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,0 пайыздық тармақты
құрады.
- 2015 жылы жалпы соммасы 334,8 млрд. теңге, сонымен қатар отандық өндіріс 234,9
млрд. теңге немесе 70,1%. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,3 пайыздық тармақты
құрады.
- 2016 жылы жалпы соммасы 483,8 млрд. теңге, сонымен қатар отандық өндіріс 342,7
млрд. теңге немесе 70,8%. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 0,7 пайыздық тармақты
құрады.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында облыста жүйе құрайтын кəсіпорындарда
жалпы соммасы 239,8 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер сатып алынды,
қазақстандық құрамдағы тауарлар, жүмыстар жəне қызметтер бойынша 174,6 млрд. теңге
немесе 72,8% құрады:
тауарлар бойынша – 104,3 млрд.теңге;
жұмыстар бойынша – 16,3 млрд. теңге;
қызметтер бойынша – 54,0 млрд.теңге.
Алдыңғы жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда, отандық тауар өндірушілердің
тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу сомасы 9,4 млрд теңгеге өсті, қазақстандық
құрамның үлесі 1,1 пайыздық пунктке өсті.
Соңғы үш жылда Қарағанды облысы Республикадағы 116 жүйе құраушы кəсіпорындар
ішінен қазақстандық тауарлар, жұмыстар жəне қызметтердің жалпы соммасы бойынша 1
орынға ие.
Сонымен қатар, 2017 жылдың мамыр айында Қарағанды облысының əкімшілігі мен
аймақ кəсіпорындарының арасында жергілікті құрам бойынша мақсаттық индикаторларды
бекіту туралы келісімге қол қойылды: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ тауардар бойынша
28,8%-ға дейін (шикізатсыз)
, «Казахмыс Холдинг» ЖШС
22,8%-ға дейін (шикізатсыз)
, «Шұбаркөл
көмір» АҚ тауарлар бойынша
18,5%
.
Достарыңызбен бөлісу: |