Тк-телеинсп



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

ТК 4.01-07-2012 

26 

8.8  Жұмыс  орындарын  жарықтандыру  біртекті  болуы  жəне  МЕМСТ  12.1.046 

талаптарына сəйкес орындалуы тиіс.  

8.9  Коллекторларға кіру жəне шығу люктер арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс өндірісі 

орындарына  (қарау  құдықтарына)  түсу-көтерілу  үшін  құрал-саймандық  баспалдақтарды 

немесе  жүкарбаны  пайдалану  қажет.  Коллекторларды  тексеру  бойынша  жұмыстар  оларда 

қауіпті  газдардың  болуын  алдын  ала  тексере  отырып,  жүргізілуі  тиіс.  Жұмыстарды 

құрамында кемінде үш адам бар бригада орындайды. Коллектордағы жұмыстарды жүргізуге 

жауапты объектіде үнемі болуы тиіс. 

8.10  Құдыққа  түспес  бұрын  құдықтың  ішіндегі  ауаның  жағдайын  газ  анализатормен 

өлшеу, коллекторды кемінде 20 минут желдету, құдықта газдың болуын қайта тексеру қажет. 

Жұмыстарды  құдықты  мəжбүрлеп  желдету  жүйесінің  көмегімен  үнемі  таза  ауа  ағынын 

қамтамасыз  ету  кезінде  орындау  қажет.  Егер  мəжбүрлеп  желдету  жүйесі  сапалы  ауаны 

жеткілікті қамтамасыз етпесе, онда жұмыстарды тыныс алу органдарын қорғау құралдарында 

–  респираторларда  жүргізген  жөн.  Газ  кенеттен  пайда  болған  кезде  жұмыстарды  дереу 

тоқтатып, газды толық жойғанға дейін жұмыс аймағынан барлық жұмысшыларды шығарған 

жөн. 

8.11  Құдық  ішінде  жұмыстарды  орындаған  кезде  жұмысты  жүзеге  асырушы 



жұмысшыны  үстіде  тұрған  екі  жұмысшы  сақтандырулары  тиіс.  Жұмыстарды 

сақтандырғышсыз орындауға қатаң тыйым салынады. 

8.12 Құдық люктерінің қақпақтарын ашу үшін арнайы ілмектермен жəне сүймендермен 

жабдықталуы  тиіс.  Люктердің  қақпақтарын  қолмен  ашуға  болмайды.  Туннелдегі  жұмыс 

кезінде  екі  люкті  ашады.  Құдықтардағы  немесе  туннелдердегі  ұзақ  жұмыстар  кезінде 

жұмысшылар жұмыста үзіліс жасап, таза ауаға шығулары тиіс. 

 

8.13  Құдықтарға  (қазаншұңқырларға,  камерларға)  жұмысшыларды  түсіргенге  дейін 



тұтқаның, баспалдақтардың немесе басқыштардың болуын жəне дұрыстығын тексеру қажет.  

8.14  Құдықтарға  (қазаншұңқырларға,  камерларға)  жұмысшыларды  түсіргенге  дейін 

арнайы  киімдерді,  МЕМСТ  12.4.087  бойынша  қорғаушы  дулығаны,  оған  сақтандырушы 

арқанды  байлай  отырып,  МЕМСТ  12.4.089  бойынша  сақтандырғыш  белдікті  киюі  жəне   

ЛГВК  жанған  шырақты  алуы  тиіс.  Коллектордағы  жұмыстар  үшін  аккумуляторлық  шамды  

12 В  жоғары емес кернеуді пайдаланған жөн.  

8.15  Құдықтың  жанында  жəне  оның  ішінде  сіріңкені  жағуға,  оттық  шақпақты 

пайдалануға,  темекі  шегуге,  ашық  отты  жағуға,  жанған  алаумен  құдыққа  келуге  тыйым 

салынады. Құдықта ұшқын пайда болуына алып келетін жұмыстарды орындауға болмайды.  

8.16 Жұмысты орындау учаскелерінде жұмыс орнынан беткі суларды бұру бойынша іс-

шаралар көзделуі тиіс.  

8.17 Қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтары жұмыс басталғанға дейін өз 

күштерімен  жойылуы  тиіс,  ал  мүмкін  болмаған  жағдайда  жұмысшы  ол  туралы  жұмысқа 

жауапты басшыға хабарлауға міндетті.  

8.18 Жұмыс жүргізу қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар мыналарға:  

-  жұмысшыларды  оқытуға,  сондай-ақ  қауіпсіздік  техникасы,  еңбекті  қорғау,  өндірістік 

санитария,  өрт  жəне  электр  қауіпсіздігі  бойынша  білімдерін  тексеруге,  журналға  қол 

қойғызуға;  

-  ішімдік,  есірткі  пайдаланған  немесе  токсикалық  жағдайдағы  адамдарды  жұмысқа 

жібермеуге немесе жұмыстан шеттетуге; 




ТК 4.01-07-2012 

27 

-  жұмысты  бастамас  бұрын  құрылымдық  бөлімшенің  əрбір  жұмысшының  ЖҚҚ  бар 

болуын жəне дұрыстығын тексеруге жəне жұмысты орындау процесінде қолданыстағы НҚА 

жəне  НТҚ  талаптарына  сəйкес  жұмысшылардың  ЖҚҚ-ны  бағытталуына  қарай  қатаң 

пайдалануына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.  

8.19  Құбыржолдарын  телеинспекциялау  бойынша  жұмыстарды  орындау  кезінде 

өндірістік  операциялардың  технологиялық  бірізділігін,  алдыңғы  операция  кейінгілерді 

орындау кезінде өндірістік қауіптің көзі болып табылмайтындай етіп  көздеу қажет.  

8.20  Жүккөтергіш  машиналарды  (механизмдерді)  қолдана  отырып,  тиеу-түсіру 

жұмыстарын  қолданыстағы  НТҚ  талаптарына  сəйкес  жəне  мынадай  қағидаларды  сақтай 

отырып, орындау қажет:  

-  тиеу-түсіру  жұмыстарын  жүргізу  орындары  жəне  оларға  кіреберістер  қажетті 

ұжымдық қорғау құралдарымен жəне қауіпсіздік белгілерімен жарақтануы, таза ұсталуы жəне 

материалдармен, аспаптармен жəне т.б. қоршалуы тиіс;  

- жүккөтергіш машиналар (механизмдер), жүкті ұстайтын құрылғылар, құрал-саймандар 

жəне  ыдыстар  мемлекеттік  стандарттардың  немесе  олардағы  техникалық  шарттарының, 

сондай-ақ монтаж жəне пайдалануға беру бойынша паспорттар мен нұсқаулардың талаптарын 

қанағаттандырулар тиіс; 

- жүктерді тіреу үстінен 20 см-ден 30 см дейін биіктікте қабылдап, ал оларды матауды 

тек осы орындарға (алаңдарға) арналған сенімді орнатқаннан кейін жүргізген жөн;  

-  жұмыс  орындарындағы  жабдықтарды  орналастыру  кезінде  оның  өздігінен,  оның 

ішінде желді жүктемеден сырғанауына (құлауына) қарсы шараларды қабылдау қажет.  

8.21  Роботтехникалық  кешенін  жəне  компьютерлендірілген  жабдықтарды  құрастыру 

бойынша жұмыстар нұсқаулардың талаптарына жəне дайындаушы зауыттың паспорттарына 

сəйкес тиісті тұлғаның (жұмыс басшысының, механиктің, шебердің жəне т.б.) басшылығымен 

орындалуы тиіс.  

8.22  Əрбір  ауысым  басталғанға  дейін  машинист  (оператор)  жұмыс  орнының 

қауіпсіздігіне  көз  жеткізуі,  қорғау  жəне  алдын  алу  құрғыларының,  дабыл  аспаптарының, 

батырмалар мен басқару тұтқыштарының дұрыстығын тексеруі тиіс.  

Қарау,  майлау,  тазалау  немесе  қандай  да  бір  ақауларды  жою  алдында  машиналардың 

(механизмдердің) қозғалтқышы сөндірілген болуы тиіс.  

8.23  Жұмыс  орындарындағы  электр  қауіпсіздігі  МЕМСТ  12.1.013,  ЭОЕ  талаптарына 

жəне электрлендірілген жабдықтар мен аспаптарды дайындаушы зауыттардың нұсқауларына 

сəйкес қамтамасыз етілуі тиіс.  

8.24  Қол  слесарлік-монтаждау  аспабы  10  күнде  бір  реттен  жиі  емес  қарап  отырылуы 

тиіс. Сондай-ақ тікелей қолданар алдында қаралады. Ақаулы аспап алынып тасталуы тиіс.  

Жұмыстарды  орындау  процесінде  тесіктердің  қиысуы  жəне  олардың  жөнделетін 

элементтерге  сəйкес  келуін  тексеру  арнайы  аспаптарды  (конусты  құралбіліктерді, 

құрастырмалы тығындарды жəне т.б.) пайдалана отырып, жүзеге асырылуы тиіс. Жөнделетін 

элементтерге тесіктердің сəйкес келуін саусақтармен тексеруге болмайды.  

Жұмыстағы  үзілістер  кезінде  жұмыс  орнында  тұрған  құрылғылар,  аспаптар, 

материалдар жəне басқа да ұсақ заттар бекітілуі немесе алып тасталуы тиіс.  

8.25 Құбыржолдарын телеинспекциялау бойынша жұмыстарды орындау кезінде жұмыс 

орындарын қауіпсіз ұйымдастыру схемасы 11-кестеде келтірілген. 



 

 


жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау