Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған


-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет19/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65

 
      67-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру 
 
      Ескерту. 67-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      68-бап. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің
 
               қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы
 
               қызметкердің құқықтары
 
      Жұмыс берушiде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету 
мақсатында қызметкердiң:
 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
қызметкердiң дербес деректерiн қамтитын жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса 
алғанда, өзiнiң дербес деректерiне өтеусіз қол жеткізуге;
 
      2) осы Кодекстiң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын 
бұза отырып, жинау және өңдеу жүзеге асырылған дербес деректерге өзгерістер мен 
толықтырулар енгізуді, оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге;
 
      3) бұрын қызметкердiң дербес деректерi хабарланған адамдарға осы деректерге 
жасалған өзгерістер мен толықтырулар туралы жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге;
 
      4) өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде жұмыс берушiнiң 
жол берген іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасауға құқығы бар.
 
      
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 
№ 95-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
   6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ  
      69-бап. Еңбек тәртіптемесінің ережелері 
 
      1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен 
келісе отырып бекітеді. 
 
       2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен 
тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын 
реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. 
 
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және 
ережелерде реттеледі. 
 
       4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер 
үшін міндетті болып табылады. 
 
      70-бап. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету 
 
      Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті 
ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы 
көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ 
тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы 
қамтамасыз етеді. 
 
      71-бап. Еңбегі үшін көтермелеу 
 
      1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез 
келген түрін қолдануға құқылы. 
 
      2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта айқындалады. 
 
      72-бап. Тәртіптік жазалар 
 
      1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 
 
       1) ескерту; 
 
       2) сөгіс; 
 
       3) қатаң сөгіс; 
 
       4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. 
 


 
      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де  заңдарында 
көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді. 
 
      73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған 
 
              шағым жасау тәртібі 
 
      1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады. 
 
        2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша 
түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас 
тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған 
түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады. 
 
        3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік 
теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, 
қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын 
ескеруге тиіс. 
 
        4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана 
қолданыла алады. 
 
        5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі: 
 
        1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі; 
 
        2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан 
босатылған; 
 
        3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған; 
 
        4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды. 
 
        6. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс 
күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. 
Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан 
жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. 
Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке 
таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы 
хатпен жіберуге міндетті. 
 
      7. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым 
жасай алады.
 
      
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      74-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімі 
 
      1. Осы Кодекстің 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да 
заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік 
теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір 
айдан кешіктірілмей қолданылады.
 
      304-бапта көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз деп тану 
туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей 
қолданылады.
 
      2. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан 
асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия 
немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша 
тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртіптік теріс қылық 
жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген 
мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты кірмейді. 
 
      3. Қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық 
міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына 
байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы 
тоқтатыла тұрады.
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау