54
6.
Егер маған дөрекі сөйлесе, мен əдетте, өз-өзімді ұстаймын
жəне дөрекілік ежол жібермеймін.
7. Кейде мен өзім мойындаймын: мен жаман адаммын.
8.
Егер мен ашулансам болды, қоршаған адамдардан өзімнің
қалағаныма қол жеткіземін.
9. Мен көбіне қарама-қарсы топтарға кіріп кеткенімді
байқамай қаламын.
10. Кей кездері мен біреумен ұрысқым келіп тұрады.
11. Мен өзімнің дөрекілігім үшін жиі жазаланамын.
12. Мені қандай да бір болмашы нəрсе үшін ашуланамын.
13. Ашуланғанда мен біреуді (баланы, жануарды жəне т.б.)
ұрып жіберуім мүмкін.
14. Ашу-ыза басқанда мен жаны жоқ заттарға ызамды
шығарамын (үстелді жұдырықпен ұру, бір нəрсені
сындырамын, ыдысты сындырамын).
15. Мені ешкім танымайтын жерде мен өз ашуым мен ызамды
көрсете аламын.
16.
Менің ойымша, менің мінезім оңай емес.
17. Егер құрбыларымның бірі мен туралы жаман сөз айтса, мен
оған ол туралы не ойлайтынымның барлығын айтамын.
18. Кейде менің өзімді жек көретін немесе өзіме ашуланатын
кездерім болады.
19. Күрделі немесе қиын нəрсені жасау үшін мен өзімді өзім
ашуландыруым керек.
20. Кейде мен жақсы емес топтың мүшесі болғанымды
байқамай қаламын.
21. Əдетте, мен біреумен ұрысып алсам, өзім жеңілдеп
қаламын.
22. Кейбір адамдар менің дөрекілігім үшін маған ренжулі.
23. Мен қатты шаршаған кезде жылдам ашуланып, өзімді өзім
ұстай алмаймын.
183
«Адамға екі құлақ бе-
рілгенмен
ауыз
біреу,
сондықтан тіс жармауды
ұмытпа.
Халық мəтелі
- Сипалауды қолдану.
Біз жақсы көретін адамымызға жақындай отырып, оған
өзіміздің эмоционалды жылылығымызды білдіреміз. Нəрестені
қолына ала отырып, ата-ана оны əлдилейді, бетінен сүйеді,
басынан сипайды.
Ал, жасөспірімге келгенде қалай? Əрине, егерде сіз оны
құрбыларының көзінше құшақтасаңыз, ол сізді «Қойыңыз!»- деп
итеруі мүмкін.
Егерде сіздің балаңыз қандай да бір жетістікке қол жеткізсе,
құшақтауыңыз орынды (спорттағы жеңіс, конкурсқа сəтті
қатысу, ҰБТ тапсыру, жүргізуші куəлігін алу).
- Жасөспірімнің сөйлеуіне назар аударыңыз.
Ол сөйлегенде көзіңді алып қашпа, төбесінен төнбе немесе
ол сөйлеп жатқанда басқа жаққа қарама.
-
Балаңызды дұрыстап тыңдауды үйреніңіз.
Қарым-қатынас психологиясында бұл «белсенді тыңдау»
технологиясы деп аталады.
«БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ» ЕРЕЖЕСІ
«Белсенді тыңдау» дегеніміз не?
1-ереже.
Жасөсіпірімді тың-
дауда басқа ешнəрсемен айна-
лыспаңыз. Егер жұмысыңыздан
босай алмай жатсаңыз, былай
деңіз: «Менімен сөйлескің келе-
тінін білемін, маған ол қызықты.
Бірақ мен саған толықтай көңіл аударғым келеді. Дəл қазір мен
саған көп көңіл бөле алмаймын, дегенмен, сен маған
жұмысымды аяқтауға уақыт берсең, мен сенің қасыңда отырып,
тыңдауға дайынмын».
2-ереже.
Жасөспірім сезіміне мұқият болыңыз. Өзіңізден
сұраңыз: «Менің балам не сезінеді?» Бұл сізге оның не айтқысы
келгенін түсінуге көмектеседі.
3-ереже.
Жасөспірімнің қимылын бақылаңыз. Кейде дене
қимылы айтқан сөзіне сай келмейді.