ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет16/31
Дата27.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#25017
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

59
оқиғалармен,  жаңа  әсерлермен  (концерттер  ұйымдастыру,  ерте-
гілерді  сахналау,  балаларды  экскурсияларға  апару,  жаңа  ойындар 
ұйымдастыру және т.б.) байыту қажет. 
Зерттеушілер  [1,  11]  бұл  мекемелердегі  «жабық  ортаны», 
балалардың  нақтылық-сезімдік  тәжірибесінің  жұтаңдығын  туында-
татын  дамытушы  ортаның  аса  тарлығын,  тұрмыстық  бұйымдардан 
бастап олар өзара әрекеттесетін объектілердің аздығы мен біртектілі-
гін, сондай-ақ әлеуметтік ортамен тұрақты және терең қатынастардың 
жоқтығын атап өтеді.
11. Балалар үйіндегі эмоциялық жағдай бала үшін жайлы болуы 
тиіс. Баланың жеке тұлғасы дамуының аса маңызды факторы ұжым 
болып табылады, бірақ ол даму факторы ретінде өз рөлін топ бірлігінің 
жоғары деңгейі мен оңды психологиялық ахуал жағдайларында ғана 
тиімді атқара алады, кері жағдайда жеке тұлғаның дамуы тежеледі 
немесе бұрмаланады. Әрбір бала үшін жайлы орта жағдайлары ғана 
оның  тарапынан  жоғары  агрессияшылықты,  алаңдаушылықты  ту-
дырмай, бала өз күшін өсу мен дамуға бағыттай алады. Егер балаға 
топта  жайсыздық  туындаса,  бұл  орта  қолайсыздығының  маңызды 
көрсеткіші  болып  табылады.  Алаңдаушылық,  жаулық  деңгейі 
неғұрлым  жоғары  болған  сайын  топтағы  психологиялық  ахуалдың 
жағымсыздығы арта түседі және керісінше /32/ (топтармен, өзін-өзі 
реттеу техникасының жұмыс тәжірибесі).
12. Балаларда  баланың  аса  маңызды  қажеттіліктері:  сөзсіз 
қабылдану, сүйіспеншілік, көңіл аудару, қолдау көрсету мен сыйлау 
қанағаттандырылуы тиіс.
Балалар  үйіндегі  аса  маңызды  проблемалардың  бірі  –  жетім 
балалардың  сүйіспешілікті  қажеттісінуінің  қанағаттандырылмауы. 
Бұл  қажеттіліктің  депривациясы  тәрбиешілердің  эмоциялық  артық 
жүктемелерін  есепке  ала  отырып,  балаға  деген  өз  сүйіспеншілігін 
сөзсіз  қабылдау,  жақындасу,  көзбен  шолу  және  көңіл  бөлу  арқылы 
әрбір балаға күніне жеке-жеке 15-20 минут уақыт бөле отырып біл-
діруге болады, бірақ бұл минуттар ішінде өз назарын сол балаға ғана 
аудару қажет (эмоциялармен жұмыс техникасы және басқалары) [8]. 
13. Тәрбиеленушілермен  қарым-қатынасты  алдына  балалардың 
анасын немесе әкесін тікелей алмастыру мақсатын қойып, отбасылық 
үлгі  бойынша  қалыптастырудың  қажеті  жоқ.  Бұл  кезде  қарым-
қатынастың эмоциялық жағы шамадан тыс пайдаланылады, бұл күт-
кен нәтижелер әкелмейді, көбінде педагогты тек эмоциялық жағынан 


60
шаршатады.  Қарым-қатынастың  ерекше  стилін  құрудың  нақты 
тәсілдері мен міндеттерін саналы түрде әзірлеу қажет. Сондықтан же-
тім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған мекемелердегі тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің байланы-
стары отбасылық қатынастарға ұқсамай, керісінше мұндай мекеменің 
сапалық  ерекшелігін  есепке  алатын  қарым-қатынастың  ерек-
ше стилін құрудың міндеттері мен нақты тәсілдерін саналы түрде 
әзірлеу  қажет  деп  есептейтін    медиктермен  және  психологтармен 
келісуге болады. Отбасылық ұлгідегі балалар үйлерінде отбасылық 
қатынастарға  жақындаудың  сәті  түседі,  бұл  жерлерде  отбасылық 
жұпқа 4-7 асырап алынған баладан келеді. Интернаттық типтегі ба-
лалар мекемелерінде жұмыс істейтін ересектер балалармен әсерлік 
байланысының қалыптасуына ерекше назар аударып, әсерлілік пен 
сырласудың  жетіспеуі  немесе  шектен  тыс  көп  болуының  барлық 
мүмкін болатын салдарын есепке алуы қажет [9]. 
3.2. психологиялық-педагогикалық ұсынымдар.
Тәрбие жұмысында басты назарды формальды тәртіптендіруге, 
тіл алушылықты тәрбиелеуге емес, әрбір баланың жеке тұлғалық 
әлеуетінің  дамуына  аудару  қажет.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты 
тәрбиеленушіні қоғамдағы дербес өмірге даярлау болуы тиіс, ол нақ 
осы критерий бойынша бағалануы тиіс.
Әдебиеттерге талдау жасау балалар үйлері тәрбиеленушілерінің 
әлеуметтік бейімделуінің табыстылығына ықпал ететін жетекші фак-
торларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл факторларды бірне-
ше блоктарға топтастыруға болады [8].
Бірінші блок – жалпы білім беру дайындығының деңгейі. Ол оқу 
білімдерінің, икемділіктері мен дағдылардың жақсы сапасын, оқуға 
ынталанудың  қалыптасқандығы  мен  жалпы  оқу  дағдылары  мен 
икемділіктерінің даму дәрежесін қамтиды.
Нақты іске келсек тәрбиеленуші балалар үйін бітіріп шыққаннан 
кейін өзіне дербес өмір қамтамасыз ету үшін білім алуын жалғасты-
руы, мамандық алуы тиіс.  Мұнымен бірге,  қазіргі заман өмірінің 
талабы – білімді үнемі жаңалап отыру, өздігінен даму, әйтпесе сен 
бәсекеге қабілетті емессің. Егер тәрбиеленушіде жалпы оқу дағдылары 
мен икемділіктері жақсы дамыса, онда оның ойдағыдай әлеуметтік 
бейімделуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті дәрежеде жоғары болады.


61
Екінші  блок  –  әлеуметтік-тұрмыстық  дағдылар  мен 
қатынастар  дамуының  деңгейі.  Бұл  блок  тәрбиеленушілердің 
әлеуметтік  бейімделуі  табыстылығының  санитарлық-гигиеналық 
дағдылар мен қатынастар қалыптасуының, еңбек дағдыларының, мі-
нез-құлық мәдениеті дағдыларының дамуын, әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдар алу сияқты жағдайларды қамтиды. 
Әлеуметтік  бейімделудің  табыстылығына  әсер  ететін 
факторлардың үшінші блогы – балалар үйлері тәрбиеленушілерінің 
психикалық дамуының ерекшеліктері.
Егер  де  өзіне,  басқаларға,  қоғамға,  еңбекке  деген  саналы 
көзқарасы,  белсенді  өмірлік  позициясы  бар,  саналы  таңдау  жасай 
білетін және ол үшін жауап бере алатын, қақтығыстарды сындарлы 
шеше алатын, айналасындағылармен өзара әрекеттесе білетін жеке 
тұлғаны тәрбиелеудің сәтті түссе, онда бұл жеке тұлғаның табысты 
әлеуметтік бейімделуін батыл болжамдауға болады.
Заманауи 
әлеуметтегі 
табысты 
дербес 
өмір 
үшін 
тәрбиеленушілерде әлеуметтік белсенділігі, дербестігі, жауапкерші-
лігі, білім алуды жалғастыруға, мамандық алуға және отбасын құруға 
дайындығы дамыған болуы тиіс. 
Тәрбиеленушілердің балалар үйін бітіргеннен кейін қоғамдағы 
дербес өмірге бейімделуінің негізгі көрсеткіштері ретінде мынадай 
белгілерді атап көрсетуге болады. 
Біріншіден,  тәрбиешінің  өз  білімін  қаншалықты  одан  әрі 
жалғастыра, кәсіптік дайындықты ала алуы. Екіншіден, тәрбиешінің 
жұмысқа  қаншалықты  ойдағыдай  орналаса  алуы.  Үшіншіден, 
оның өз отбасын қаншалықты құра, өз балаларын тәрбиелей алуы. 
Жеке  тұлғалық  салада  бейімделу  табыстылығының  көрсеткіші 
тәрбиеленушінің өз өмірлік перспективасын қаншалықты құра, бұл 
жолда  міндеттер  қойып,  оны  табысты  шеше  білуі,  саналы  таңдау 
жасап, бұл таңдау үшін өзіне жауапкершілік алуы болып табылады. 
Мұның бәрі жеке тұлғалық әлеуметтік кәмелеттілік жетістіктері ту-
ралы айтуға мүмкіндік береді [8].
Балалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  әлеуметтік  бейімделуі 
жөніндегі  әдебиетке  талдау  жасау  тәрбиеленушілермен  жұмыс 
істеудің мынадай бағыттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

кәсіптік бағдарлау жұмысы;

отбасылық өмірге дайындық;

әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру;


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау