Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет41/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53

 
қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
 
      Делдалды таңдау жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша келісім 
алынуға тиіс.
 
      
295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша
 
                
келісімге қол жеткізуінің салдарлары
 
      1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе 
онсыз шешу туралы келісімге қол жеткізілген барлық жағдайларда аяқталмай қалған 
бітімгерлік рәсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісімнің талаптары 
дауды шешудің талаптары деп есептеледі.
 
      Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде 
ресімделеді.
 
      2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл 
жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.
 
      
296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты
 
                
кепілдіктер
 
      Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі 
келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан 
босатылады.
 
      Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге 
қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, 
басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген 
органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек 
шарты бұзылмайды.
 
      
297-бап. Тараптардың және бітімгерлік органдарының
 
                
ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі
 
                
міндеттері
 
      1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рәсімдерге қатысудан жалтаруға құқылы 
емес.
 
      2. Бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек 
дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге тиіс.
 
      3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына байланысты 
ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, 
қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының 
аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар 
болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар ұйымдардың мүлік меншік 
иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне табыс етіледі.
 
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен 
келіспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген, ереуіл 
өткізуге дейінгі өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы.
 
      
298-бап. Ереуіл өткізу құқығы
 
      1. Егер бітімгерлік рәсімдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол 
жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші бітімгерлік рәсімдерден жалтарған не ұжымдық 
еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда 
қызметкерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады.
 
      2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) 
жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлері жалпы санының кемінде жартысы 
болғанда қабылданады және жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың кемінде үштен 
екісі сол үшін дауыс
 
берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.
 
      3. Ереуілді қызметкерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл 
комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің қызметкерлері (олардың өкілдері) 


 
бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкілдерінің 
бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.
 
      4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе 
ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.
 
      5. Қызметкерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға 
мәжбүрлейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен 
жауаптылықта болады.
 
      
299-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау
 
      1. Осы Кодекстің 298-бабының 3-тармағында көрсетілген уәкілетті орган 
ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің 
бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін күнтізбелік он бес күннен 
кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
 
      2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:
 
      1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
 
      2) ереуіл өткізілетін күн, орын мен уақыт, оның ұзақтығы және қатысушылардың 
болжамды саны;
 
      3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға 
уәкілеттік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
 
      4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет 
көрсетулердің) ең төменгі көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
 
      
300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері
 
      1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде 
және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.
 
      2. Ереуілді басқаратын органның:
 
      1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс 
берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де 
заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерін 
білдіруге;
 
      2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен) 
қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
 
      3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялап отыруға;
 
      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға;
 
      5) қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата тұруға 
құқығы бар.
 
      3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік комиссиясының, 
делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап етілмейді. Жұмыс 
беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек дауларын реттеу 
жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен кешіктірілмей 
ескертілуге тиіс.
 
      4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған, 
сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын органның 
өкілеттіктері тоқтатылады.
 
      5. Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жұмыс 
берушінің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын 
шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.
 
      
301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл
 
                
барысындағы міндеттері
 
      Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды бітімгерлік 
рәсімдер жүргізу жолымен шешуді жалғастыруға міндетті.
 
      Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау