Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет25/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113

АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ  
ҚОЗҒАЛЫСЫ 
Келесі талдау қаржылық есептілікпен 
және оған тиісті ескертулермен бірге 
негізделген және қарастырылуы тиіс.
Келесі кестеде Топтың 2017 және 2018 
жылдардағы шоғырландырылған ақша 
ағындары берілген.
Көрсеткіш
2017 жыл
2018 жыл
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаты
(1)
 23 355 
 58 327 
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаты
 215 575 
(40 279) 
Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаты
(74 881) 
(139 272) 
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫНЫҢ 
ТАЗА ҰЛҒАЮЫ/(АЗАЮЫ) 
 164 049 
(121 224) 
(1) 
Пайдаға төленген салық пен мен пайыздарды көрсетеді.
Операциялық қызметтен түсетін 
ақша қаражаты
Операциялық қызметтен түсетін ақша 
ағыны 2017 жылғы 23 355 млн теңгеден 
2018 жылы 58 327 млн теңгеге дейін 
ұлғайды. Бұл өзгеріс негізінен мына-
лардың:

негізінен Топтың сату көлемінің 
өсуіне және Топ құрылымындағы өз-
герістерге байланысты (толығырақ 
30-бетте «Компания активтерінің 
құрылымы» қараңыз) клиенттерден 
түскен ақша түсімдерінің 2018 жылы 
120 952 млн теңгеге ұлғаюының;

2018 жыл ішінде жеткізушілерге 
төлемдердің 69 024 млн теңгеге 
ұлғаюының арқасында болды. Бұл 
ұлғаю көбінесе сомасы 2017 жыл 
ішінде кредиторлық берешек-
ті өтеу сомасынан асып түскен 
кредиторлық берешекті 2018 жылы 
өтеумен және Топ құрылымындағы 
өзгеріспен (толығырақ 30-бетте 
«Компания активтерінің құрылы-
мы» қараңыз) байланысты болды.
Инвестициялық қызметтен түсетін 
ақша қаражаты
2017 жыл ішінде 215 575 млн теңге 
мөлшерінде түскен түсімдермен салы-
стырғанда, 2018 жылы инвестициялық 
қызметте пайдаланылған ақша ағыны 
40 279 млн теңгені құрады. 
Өткен жылы инвестициялық қызметтен 
түскен қаражатқа Компанияның пут-оп-
ционын сатуға байланысты 173 719 млн 
теңгенің түсуі айтарлықтай әсер етті.
2018 жылы басқа өзгерістер, негізінен
мыналарға байланысты:

Топ құрылымының (толығырақ 30-бет-
те «Компания активтерінің құрылымы» 
қараңыз) өзгеруі нәтижесінде бірле-
скен кәсіпорындардан, қауымдасқан 
компаниялардан алынған дивиденд-
тердің және басқа инвестициялардың 
23 713 млн теңгеге азаюы.

Energy Asia Limited 40,05% акци-
яларын және Energy Asia Holdings 
(BVI) Limited-тен «Хорасан-У» ЖШС 
жарғылық капиталындағы 16,02% 
үлесті сатып алу бойынша 34 193 
млн. теңге төлеумен байланысты. 
Шоғырландырылған қаржылық 
есептілікте ол ХҚЕС-ке сәйкес «Олар-
дың құрамында сатып алынған ақша 
қаражатын шегере отырып, бақы-
ланатын кәсіпорындардағы үлесті 
сатып алу» ретінде ұсынылған.
Қаржылық қызметтен түсетін ақша 
қаражаты
2017 жыл ішінде 74 881млн теңгеден 
2018 жылы қаржылық қызметте пай-
даланылған ақша ағыны 139 272 млн 
теңгеге дейін ұлғайды. Бұл өзгеріс 
негізінен:

2018 жылы «Самұрық-Қазына» Қоры 
атына төленген дивидендтердің 2017 
жылы төленген дивидендтермен 
салыстырғанда 95 812 млн теңгеге 
ұлғаюы.

«Astana Solar» ЖШС, «MK KazSilicon» 
ЖШС және «Kazakhstan Solar Silicon» 
ЖШС қарыздарын мерзімінен бұрын 
өтеу себебінен және Топ құрылымы-
ның өзгеруі нәтижесінде (толығырақ 
30-бетте «Компания активтерінің 
құрылымы» қараңыз) 2018 жылы кре-
диттер мен қарыздарды өтеу үшін 
пайдаланылған ақша қаражатының 
көлемінің 86 254 млн теңгеге ұлғаюы 
есебінен болды.
2017 жылмен салыстырғанда, тар-
тылған қарыздардағы өсім 2018 жылы 
117 754 млн теңге немесе 223% болды. 
Бұл өсім, негізінен, «Байкен-U» ЖШС 
және «Хорасан-U» ЖШС-дағы қатысу 
үлесінің және айналым капиталының 
ұлғаюы есебінен Топтың төлемдерін 
қаржыландыру үшін Топ тартқан қысқа 
мерзімді қарыздарға жатады.
Топтың шоғырландырылған ақша ағындары, млн теңге
60 | Жылдық есеп. 2018
             2. Қаржылық және операциялық қызметке шолу 


ӨТІМДІЛІК 
Топтың өтімділігін басқару тәсілі 
қаржылық міндеттемелерді уақтылы 
орындау үшін жеткілікті өтімді қара-
жаттың тұрақты болуын қамтамасыз 
ету болып табылады. 
2017 және 2018 жылдардағы 31 жел-
тоқсандағы жағдай бойынша ақша 
қаражаты мен оның баламалары 
тиісінше 239 936 млн теңгені (опцион-
ды сатудан түскен ақшалай түсімдерді 
қоса алғанда) және 128 819 млн тең-
гені құрады. 2018 жылғы 31 желтоқ-
сандағы жағдай бойынша төмендеу 
негізінен 2018 жылы «Самұрық-Қазы-
на» Қорының дивидендтерін төлеуге 
және жоспарланған берешекті өтеуге 
байланысты.
Топ бірінші талап бойынша күтілетін 
операциялық шығыстарды жабу үшін 
жеткілікті көлемде, оның ішінде 
кепілсіз қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді корпоративтік кредиттік 
желілер есебінен ақша қаражатының 
болуын қамтамасыз етеді. 
Компания үшін қосымша өтімділік 
көзі корпоративтік кредиттік желілер 
болып табылады. 2018 жылғы 31 
желтоқсандағы жағдай бойынша Ком-
панияның және оның кейбір еншілес 
ұйымдарының 302,5 млн. АҚШ доллар 
сомасында жаңартылатын кредиттік 
желілерге қолжетімділігі болды, оның 
222,5 млн. немесе 74%-ы пайдала-
нылған жоқ.
Көрсеткіш
2017 жыл
2018 жыл
Ауытқу
Ақша қаражаты және олардың баламалары
239 936
128 819
(46)%
Қысқа мерзімді депозиттер
8 472
205
(98)%
БАРЛЫҚ АҚША ҚАРАЖАТЫ
248 408
129 024
(48)%
31.12.2018 жылға жағдай 
бойынша ақшалай қаражат 
және олардың баламалары
128 819
млн теңге
Ақша қаражаты, млн теңге
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 61


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау