Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет16/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113

2.1
Топ қызметінің  
нәтижелеріне әсер ететін  
елеулі факторлар
Топтың 2017 және 2018 жылдардағы қызметінің нәтижелеріне әсер еткен және 
Компанияның болжамдары бойынша болашақта Топ қызметінің нәтижелеріне 
ықпал етуді жалғастыратын елеулі факторлар өзіне мыналарды қамтиды: 
•  табиғи уранды сатқаны және уран өнімдеріне бағаның өзгергені үшін 
алынған баға; 
•  активтер құрылымындағы өзгеріс; 
•  валюта бағамдарының өзгеру әсері;
•  пайдалы қазбаларды өндіру салығын қоса алғанда салық салу; 
•  күкірт қышқылының құны және болуы; 
•  қорларды бағалаудағы өзгерістердің әсері; 
•  БК және Қауымдасқан компаниялармен мәмілелер.
ТАБИҒИ УРАНДЫ САТУ  
БАҒАСЫ ЖӘНЕ УРАН  
БАҒАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Топтың негізгі тауар өнімі болып 
табылатын U
3
O
8
-ге споттық нарықтық 
бағалар Топтың түсіміне неғұрлым 
елеулі әсер етеді. Топ түсімінің басым 
бөлігі спот нарығында U
3
O
8
 сатуға 
және спот бағасына сілтемені қамти-
тын баға формулаларымен келісім-
шарттарға тиесілі. Спот бағаларына 
қосымша, Топтың сатуының тиімді 
бағасы осы кезеңдегі келісімшарттар 
портфеліндегі тіркелген баға құра-
уышы бар келісімшарттардың үлесіне 
байланысты. Тиісінше, әрбір қара-
стырылатын кезеңде сатудың орташа 
бағасы спот нарығының бағасынан 
өзгеше болуы мүмкін. 
Келесі кестеде көрсетілген кезеңдер 
үшін U
3
O
8
 фунты үшін орташа спот 
бағасы мен орташа сату бағасы көр-
сетілген.
ТОП ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІС
2018 жылы Топ есептегі өзгеріске алып 
келген жобаларды аяқтады: 
«Инкай» БК» ЖШС-дағы Топтың қатысу 
үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 
40% — дан 60%-ға дейін ұлғайды, бұл 
«Инкай» БК» ЖШС-ның есебі үлестік 
қатысу әдісінен толық шоғырлануға 
дейін өзгеруіне алып келді.
Uranium One Inc.-пен Компания мен 
Uranium One Inc-ның «Ақбастау» 
БК» АҚ және «Қаратау» ЖШС барлық 
өнімдерін тең шарттармен сатып алу, 
сондай-ақ бірлескен қызмет үшін 
қатысу үлестеріне тепе-тең қаржы-
ландыру беру міндеттемесі бекітілген 
бірқатар келісімдерге қол қойылды. 
Нәтижесінде, «Ақбастау» БК» АҚ 
және «Қаратау» ЖШС-қа инвести-
циялар Топтың шоғырландырылған 
қаржылық есептілігінде СО ретінде 
қайта жіктелді және Топтың бірлескен 
активтерге, міндеттемелерге, кірістер 
мен шығыстарға тікелей құқығын 2018 
жылғы 1 қаңтардан бастап иелену 
үлесіне барабар тану жолымен есепте 
көрсетілген. 
2017 
жыл
2018 
жыл
Ауытқу
Орташа нарықтық спот бағасы 
АҚШ  
доллары
22,07
24,64
12%
Теңге
7 196
8 497
18%
Топтың орташа сату бағасы 
АҚШ  
доллары
23,85
24,46
3%
Теңге
7 779
8 435
8%
Қазатомөнеркәсіптің орташа сату бағасы
АҚШ  
доллары
24,15
24,37
1%
Теңге
7 874
8 406
7%
Дереккөз: UxC деректері.
U
3
O
8
 фунты үшін орташа спот бағасы және орташа сату бағасы
42 | Жылдық есеп. 2018
             2. Қаржылық және операциялық қызметке шолу 


ХҚЕС-ке сәйкес Топ «Инкай» ЖШС, 
«Ақбастау» БК» АҚ және «Қаратау» 
ЖШС бизнесті біріктіру нәтижесінде 
сатып алынған активтер мен міндет-
темелердің әділ құнын бағалады, олар 
таза табыстың 2018 жылғы пайда мен 
шығындар туралы есепте ескерілген 
313,5 млрд теңгеге ұлғаюына әкелді.
2018 жылдың желтоқсанында Компа-
ния «Хорасан-U» БК» ЖШС-дағы өз 
үлесін (34%-дан 50%-ға дейін) және 
«Қызылқұм» ЖШС-дағы өзінің тиімді 
үлесін (30%-дан 50%-ға дейін) және 
«Байкен-U» ЖШС-дағы тиімді үлесін 
(5%-дан 52,5%-ға дейін) ұлғайтты. Ком-
пания «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» 
ЖШС қоспағанда, осы кәсіпорындар 
қызметінің нәтижелерін 2019 жылы 
тиісті келісімдер мақұлданғаннан 
кейін шоғырландыруды жоспарлап 
отыр. Осы мәмілелер нәтижесінде 
сатып алынған активтер мен міндет-
темелердің әділ құны әлі аяқталуға 
жатады, осыған байланысты тиісті 
шығыстар немесе кірістер 2018 жылы 
танылмады. 
Қарастырылатын кезең ішінде Топ 
жеті бейінді емес активтерді иеліктен 
шығаруды аяқтады: 
2018 жылғы шілдеде Компания 
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дағы 
өзінің қатысу үлесін өзінің жалғыз 
акционері «Самұрық-Қазына» Қорына 
берді, оның нәтижесінде Топтың 
энергетикалық сегменті тоқтатылды. 
Бұл мәміле ақша қаражаты бөлігін-
де бейтарап болды, өйткені сатудан 
алынған қаражат сомасы 2018 жылы 
«Самұрық-Қазына» Қорына төленген 
дивидендтердің сомасына тең. 
Бұл кәсіпорын коммуналдық қыз-
меттерді көрсетеді, сондай-ақ оның 
БН-350 жұмыс істемейтін ядролық ре-
акторы бар, ол қазіргі уақытта пайда-
ланудан шығару сатысында тұр. Сатып 
алу-сату шартына сәйкес, «МАЭК-Қаза-
томөнеркәсіп» ЖШС иелену кезеңіне 
қатысты, Топ:

ұқыпсыз немесе әдейі теріс әре-
кеттер нәтижесінде туындағаннан 
басқа, реактормен байланысты мін-
деттемелерге ұшырамаған, және

коммуналдық қызметтерді көрсе-
тумен байланысты қызметтің бола-
шақтағы кезеңдерінде айқындалуы 
мүмкін қаржылық және экологи-
ялық міндеттемелерге жауапты 
болуы мүмкін.
Басшылық Топтың 2018 жылғы 31 
желтоқсандағы осы Келісім бойынша 
міндеттемелері жоқ деп санайды және 
тиісінше осы шоғырландырылған 
қаржылық есептілікте міндеттемелер 
танылмайды
2018 жылдың маусым айында Ком-
пания өзінің «Қазақстандық Атом 
Электр Станциялары» АҚ-дағы барлық 
акциялар пакетін жалғыз акционері 
«Самұрық-Қазына» Қорына берді. Бұл 
мәміле ақшалай қаражат бөлігінде 
бейтарап болды.
2018 жылдың желтоқсанында Ком-
пания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» 
ЖШС және «Қазақстандық Атом 
Электр Станциялары» АҚ-ға қатысты 
«Самұрық-Қазына» Қорымен сервистік 
қызмет көрсету туралы шарт жасасты.  
Шарттың талаптарына сәйкес Ком-
пания «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» 
ЖШС жалғыз қатысушысы ретінде
жоспарды «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» 
ЖШС басқарушылық есебі жүйесіне 
енгізуді және Байқаушылық кеңесі 
мен басшылықтың материалда-
рын қалыптастыруды қоса алғанда, 
«Самұрық-Қазына» Қорының қарауына 
берілген барлық мәселелер бойынша 
кеңес беру қызметтерін көрсететін 
болады. Сервистік қызмет көрсету 
туралы шарт, қайсысы бұрын келуіне 
байланысты, 2021 жылдың желтоқса-
нына дейін немесе «Самұрық-Қазы-
на» Қоры «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» 
ЖШС-ін Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне бергенге дейін қолданыста 
болады. 
«Қазақстандық атом электр станци-
ялары» АҚ-ға қатысты Шарт өзіне 
Компания қызметтерінің дәл сондай 
көлемін қамтиды және қайсысы бұрын 
басталуына байланысты, 2021 жылдың 
 102-49 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 43


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау