Жакибаева Л. Б., Кенжеқанов Е. Б



жүктеу 458,54 Kb.
Pdf просмотр
Дата27.11.2018
өлшемі458,54 Kb.
#24673


Экономические науки/16. Макроэкономика 

Жакибаева Л.Б., Кенжеқанов Е.Б. 

С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университет, 

Қазақстан 

Қазақстан Республикасында жұмыссыздық мәселесі және 

оны шешу жолдары. 

 

Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық 

және  әлеуметтік  сілкініс.  Батыс  ғалымдарының  пікірі  бойынша,  адамды 

жұмыссыз  деп  есептегенде,  ол  тек  жұмыстан  айырылып  қана  қоймай,  өзінің 

абыройын да жоғалтады. 

Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары: 

1. ЖҰӨ-нің  көлемі  қоғамның  өзінің  бар  потенциалды  мүмкіншілігін 

пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады. 

2. 

Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей 



бөлінбеуіне соқтырады. 

3. 


Жұмысшылар  мамандығын  төмендетіп  (ескіреді),  тіпті  айырылып  та 

қалады. 


2017 жылдың мамыр айында Қазақстанда жұмыспен қамту орындарында 

тіркелген жұмыссыздардың саны 92,9 мың адамды құрады. Ал бір ай бұрынғы 

көрсеткіш 82,2 мың адам болған.Қазақстанның жұмыспен қамту органдарында 

тіркелген  жұмыссыздардың  саны  екі  есеге  жуық  өсті,  Еуразиялық 

экономикалық  комиссия  ұсынған  статистикаға  сәйкес,  2017  жылғы  қарашада 

ресми  жұмыссыздар  саны  125,9  мың  адамды  немесе  экономикалық  белсенді 

халықтың 1,4 пайызын құрады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 64,6 мың адамға (0,7 

пайыз) жеткен. 

Республика  экономикасында  2018  жылғы  қаңтардағы  бағалау  бойынша 

8,5  млн  адам  жұмыспен  қамтылды.  Жұмыспен  қамтылған  халық  арасындағы 




жалдамалы  қызметкерлер  саны  аталған  кезеңде  6,4  млн  адамды  (жұмыспен 

қамтылғандардың  жалпы  санынан  75,8%)  құрады.  2017  жылғы  IV  тоқсан 

деректері  бойынша  өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандардың  жалпы  санынан 

жұмыспен  нәтижелі  қамтылғандар  үлесі  -  87,6%,  жұмыспен  нәтижесіз 

қамтылғандар 12,4% құрады. 2018 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау 

бойынша - 440,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен 

қамту органдарында 2018 жылғы қаңтар айының соңына 92,6 мың адам ресми 

тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 1%-ын құрады. 

Жасырын  жұмыссыздық  деңгейі   2017  жылғы  IV  тоқсанда  жұмыс  күшінің 

санының 0,3%-ын (24,9 мың адам) құрады. 

Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы, қай елдің болмасын 

өзекті, шешімін табуды қажет ететін мәселесі болып табылады. Бұл- біздің елде 

де  орын  алып  отырған  басты  мәселе.  Қазақстандағы  жастар  арасындағы 

жұмыссыздық  елдегі  жалпы  жұмыссыздық  деңгейі  бойынша  жоғары 

көрсеткіште болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар, көбінесе, 

халықтың  осал  тобына  қосылады.  Расында,  экономикалық  өсім  құлдыраған 

кезде жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен 

бірге экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда,  әсіресе 

жастардың  жұмысқа  орналасуы  оңайға  соқпайды.  Жастар  арасындағы 

жұмыссыздық  деңгейі  жалпы  жұмыссыздық  деңгейінің  жартысына  жуығын 

құрауда. 

Халықтың  әл-ауқатын  жақсартуға  бағытталған  кедейлікті  азайту  іс-

шаралары және жұмыспен қамтылған халық санын көбейтуге жасалып жатқан 

мемлекеттің  оң  саясатына  қарамастан,  кейбір  мәселелер  әлі  де  алаңдату 

туғызуда.  Елдегі  жұмыссыздық  деңгейінің  төмендеуі  Қазақстан  үшін 

экономикалық өсуге өз септігін тигізуде, оның үстіне, одан әрі жұмыссыздық 

деңгейін  төмендету,  яғни,  жұмысбастылықты  көтеру  мақсатында,  халықты 

жұмыспен  қамту  саясаты  жүзеге  асырылуда.  Оның  жарқын  дәлелі  — 




«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын орындау аясында 2018 жылға қарай 

1,5 млн адамды жұмыспен қамту қарастырылуда [3]. 

«Біздің 

басты 


мақсатымыз 

— 

әлеуметтік 



қауіпсіздік 

және 


азаматтарымыздың  байқуаттылығы.  Бұл  —  қоғамдағы  тұрақтылықтың  ең 

жақсы  кепілі.  Нағыз  пәрменді  әлеуметтік  саясат  —  ол  халықты  жұмыспен 

тұрлаулы  қамту  саясаты»  делінген  Президент  Жолдауында.  Ендеше, 

мемлекеттің  қоғамның  шын  мәніндегі  көмекке  зәру  мүшелерін  қолдау 

жөніндегі жауапкершілікті өз мойнына аларына сенім мол. 

Əдебиеттер  

1.  Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық 

дамуының  2010–2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  // 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наур. № 958 Жарлығы. 

2.  Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы. — 

2011. — 31 наур. 

3.  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ веб-сайты // [ЭР]. Қолжетімділік 

тәртібі: damu/kz 

4.  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  ресми  сайты  // 

[ЭР]. Қолжетімділік тәртібі: enbek.gov.kz 

5.  Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты // [ЭР]. 

Қолжетімділік тәртібі: stat.gov.kz- 2017. 



жүктеу 458,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау