80
қазіргі таңда оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны пән мазмұнын ашатын-
дай етіп, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Сонымен қатар,
Республикамызда әрбір пән бойынша жаңартылған бағдарламалар мазмұны
ұсынылды. Соның бірі 7 сыныпқа арналған -
«Химия» пәнінің де –
бағдарламалық мазмұны 2016 жылғы 13 мамырда қайта қаралып, оған
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жаңартылған бағдарламаның
түсінік хатында былай деп көрсетілген «7-сыныпқа арналған «Химия» пәнінің
жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары оқушыларға заттар мен олардың
айналымы, заттар қасиеттері, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін
түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға
химиялық процестердіңң мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды
түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни
бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк береді».
Бағдарламаның мазмұнына көз салсақ, халықаралық білім беру
стандарттарына сәйкес бейорганикалық химиядан білім алушылардың
психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленгенін бірден байқауға
болады. Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың келесі
сыныптарда меңгеретін химиялық білімі, білігі мен дағдыларын дамытуға
бағытталған. Бағдарламада химиядан оқушылардың ізденушілдігі мен
біліктілігін қалыптастыру үшін бірнеше мақсаттар атап көрсетіледі. Олардың
қатарына:
- қауіпсіздік техникасын пайдалана отырып құрылғылар мен құрал-
жабдықтарды қолдану;- тәжiрибе жүргізу; химиялық
заттарды анықтау;
- моделдерді жинау;
- табиғи құбылыстар, үдерістер, заңдардың мәнін түсіну үшін
лабораториялық тәжірибе және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- эксперименттік есептер шығару т.б. іс-әрекеттерді білім беру барысында
ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұған қарап, «Химия» пәні 7-сыныптан
басталатын болғандықтан, оқушылардың пәннің негізін қалайтын ұғымдарды,
заңдар мен заңдылықтарды дұрыс түсінулерін қамтамасыз етуді талап
еткендігін көреміз.Себебі, осы аталған мәселелерді саналы меңгеру арқылы
келешекте химияның «Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе-
теңдік» бөлімдерін жеңіл меңгеруге мүмкіндік туады.
Сондықтан да біз эксперимент кезінде осы талаптарды ескере отырып
жүргіздік. Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңаруына орай , оны оқытуға
байланысты да жаңаша көзқарас пайда болды. Әсіресе,
мұғалімдердің алдында
оқытудың әдіс тәсілдерінің үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті қойылып отыр.
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерінен жаңартылған білім мазмұны
құзыреттілікке
және
оқушыларға
білімді
саналы
меңгертуге
бағытталғандықтан, олардың білім алу барысында сын тұрғысынан ойлауын,
зерттеу жұмыстарын жүргізуін, тәжірибе жасауын, АҚТ –ны қолдана білуін,
осы
іс-әрекеттер
арқылы
коммуникативті
қарым-қатынасқа
түсуін