Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет29/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48

61 
 
жұмыс.  Ал,  жалпы  алғанда,  өзіндік  жұмыс  бұл  сабақ  барысында  да,  сабақтан 
тыс  кезде  де  оқушылардың  өздігінен  орындайтын  іс-әрекеттері  деп 
қарастыруымыз  керек.  Өзіндік  жұмысты    ұйымдастырудың  тиімді  жолы 
оқушыға  шамасы  жетіп,  орындауға  мүамкіндігі  болатындай  және  дүние 
танымының  артуына  жағдай,  өзіндік  көзқарасын  білдіріп,  шығармашылықпен 
орындай алатындай тапсырмалар  беру [125]. Тапсырма арқылы оқу материалы 
жан-жақты  әрі  үлкен  қызығушылықпен  меңгеруіне  себеп  болуы  керек.  Қай 
пәннен  өзіндік  жұмыс  орындатсақ  та,  оның  белгілі    дидактикалық  бағыты 
болады.  Көптеген  әдіскерлердің  пікірі  бойынша    химия    пәніндегі  өзіндік 
жұмыстардың  мақсаты  бұл  пәннен  ұйымдастырылатын    негізгі  сабақтарыдың  
үш типінің біріне жатқызуға болады деп көрсетеді Олар: 
1. Жаңа материалды оқып, үйрену; 
2. Білім мен біліктерді жетілдіру
3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары екені белгілі.
 
 
Бірақ,  казіргі  таңда  ұйымдастырылатын  өзіндік  жұмыстардың  мақсаты 
мұнымен  шектелмейтіні    білім  беруге  қойылып  отырған  талаптардан 
туындайды. Біз өзіндік жұмысты ұйымдастыруда негізгі мақсаттың ең бастысы 
оқушыларды дамыту, шығармашылыққа үйрету, ізденушілік пен зерттеушілігін 
қалыптастыру  жағын  қарастыруға  тырысамыз. Олай  болса,  өзіндік  жұмыс  тек 
жаңа  білім  беру,  алған  білімдерінің  нәтижесін    тексеру  мақсатымен 
шектелмейді.  Неғұрлым  оқушылардың шынайы  өзіндік  жұмысы  кеңейе  түссе, 
солғұрлым  олардың  дербестігі,  ізденушілігі,  нәтижеге  жетуі  нақтыланады.  Бір 
тақырыптың  өзін  бірнеше  өзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру  арқылы 
меңгертуге  болады.  Мұндағы  мақсат  оқушыларды  дайын  ұғымды  қайталап 
айтумен  шектемей,  білімді  өздігінен  ізденіп  барып  қол  жеткізуге  бағыттау. 
Бейорганикалық  химиядан  орындалатын  өзіндік  жұмыстың  түрі  көп-ақ. 
Мәселен,  оқулықтағы  және  оқу  құралындағы  тапсырмалар  бойынша 
оқушыларға  өздігінен  жұмыс  орындату.  Оқулықтағы  тәжірибелер  мен  
эксперименттерді  өздігінен  орындату;  көрнекіліктер,  таратып  беретін 
материалдарды  пайдалану  бойынша  өзіндік  жұмыс  жасату;  оқулық  пен 
дәптермен  және  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  жасату  т.б.  Қандай  өзіндік 
жұмыс болса да, оның ең басты мақсатының бірі оқушылардың дербестігін өз 
бетінше  ойлау  жүйесін,  білімнің  іс-әрекет  барысында  меңгерілуін,  оның 
нәтижесін  түрлі  жағдаяттарда,  тұрмыста  қолдануын  қамтамасыз  етіп, 
оқушылардың  білім алудағы оқу белсенділігін қалыптастыру. Сонымен қатар, 
әрбір  өзіндік  жұмыс  нәтижесінде  оқушылардың  танымдық  деңгейін  дамыту. 
Оқушылар  өзіндік  іс-әрекет  кезінде  өзі  үшін  «жаңалық»  ашады,  таңданады, 
нәтижесіне қуанады. Бұл олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. 
Бейорганикалык  химия  пәнінен  өзіндік  жұмыстарға  негіздей  отырып 
алынған білімін оқушылар жарататылыстану заңдары мен түсініктерін әрі қарай 
басқа  салада  да  қолдануға  жаттығады.  Өзіндік  жұмыстың  қай    түрі  болса  да, 
оны  орындау  үшін  оқушылар  алдына  мақсат  қояды.  Бірақ,  мақсаттың  дұрыс 
қойылуы үшін мұғалімінің көмегі керек.  


62 
 
Мақсат дегеніміз  –  бір  нәрсеге  ұмтылу,  іске  асыру  және  нәтижеге  жету. 
Зейіні,  қабілеті,  қабылдауы,  есте  cақтауы,  ұқыптылығы,  жауапкершілігі,    әр-
қилы  жеке  тұлғаларды      сабаққа  түгелдей  жұмылдырып,  олардың  өздігінен 
жұмыс  атқаруын    ұйымдастыру  күрделі  үдеріс.  Өзіндік  жұмыстар  арқылы 
оқушылардың  танымдық  құзыреттіліктерінің    дамитыны  белгілі.  Сондықтан, 
сабақтың    интеграциялык  функциясын  орындай  отырып,  химияны  басқа 
жаратылыстану    ғылымдарымен  байланыстру  кезінде  де  өзіндік  жұмыстар 
орындату басты мәселенің бірі болып есептеледі. 
Өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру  мәселесіне  байланысты  көптеген 
зерттеулер  өз  пікірлерін  ортаға  салғаны  белгілі.  Солардың  бірі  Г.Н.Даридің 
пікірі  бойынша    оқушылар    өзіндік  жұмысты  орындағанда    өзінің  біліміне, 
сеніміне, дүниетанымына сүйенетіндігін айтады. Әрине, білімсіз оқушы өзіндік 
әрекетті өздігінен алып кете алмайтыны анық. Ал, оқушының өзіне деген сенімі 
бірден пайда болмайды, ол сол өзіндік жұмыстарды орындауда мақсатына жету 
арқылы біртіндеп қалыптасады. Сондықтан да, өзіндік жұмыстар оқушылардың 
жекебас мүмкіндігіне, білім деңгейіне  қарай беріліп, олардың өзіне сенетіндей 
жағдайға  жеткізуі  керек.  Ал,  педагог  Г.Н.Кулагина  өзіндік  жұмысты  жеке 
тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы 
деп  түсіндіреді.  И.Т.Протасовтың  ойынша,  өзіндік  жұмыс  біліктілік  пен 
құзыреттіліктер жиынтығы 
[126]

Қазақ  дидактикасының  негізін  салушы,  профессор  Т.С.Сабыров  өзіндік 
жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  жолдары  мен  шарттарына  тоқтала  келіп, 
оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдыларының өзінен-
өзі пайда болмайтынын, мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың 
сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-танымдық әрекеттерді 
ұйымдастыруы  арқылы    қалыптасатынын  айтады [127].    Оқушылардың химия 
пәні бойынша оқулық пен оқу құралдарын байланыстыра пайдалану барысында 
әр түрлі деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындауы олардың өзіндік танымдық 
қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  химиялық  заттармен, 
қоспалармен,  оларды  бір-бірінен  айыру  жолдарымен  т.б.  таныса  отырып, 
оқушылардың  танып  білу  қабілеттері,  өзіндік  ойлауға  талпынуы,  жаңа 
жағдайда  дұрыс  бағыт  бағдар  жасай  алуы,  өз  ойын  еркін,  дәлелді  жеткізуі, 
ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек көздерін дәйектілікпен талдауға үйреніп, 
танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуы қамтамасыз етіледі.  
Оқушының 
танымдық 
құзыреттілігінің 
қалыптасуы 
оның 
жас 
ерекшелігіне,  білімді қабылдай алу деңгейіне, сабаққа ұқыпты дайындығы мен  
ынтасына,  қызығушылығына,  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындау 
мүмкіндігіне  байланысты.  Сонымен  қатар,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
дұрыс  түсінушілік  қарым-қатынасқа,  және  мұғалімнің  басшылығына 
байланысты.  
Бейорганикалық  химияның    әрбір  тақырыбын    оқып  меңгеру    кезінде  
химияның  негізгі  ұғымдарын  игеру  үшін  бәрінен  бұрын  репродуктивті 
сипаттағы  тапсырмалар  орындалады.  Ондай  тапсырмалар  келесі  жеке  ізденіс, 
яғни  эвристикалық  сипаттағы  тапсырмаларды  орындауға  дайындық    болып 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау